"Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 25 сәуірдегі № 293 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      3-бөлімде:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі, оған ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген жолдағы «3932» деген сандар «3768» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігіне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттік мекемелер, оның ішінде:» деген жолдағы «3646» деген сандар «3482» деген сандармен ауыстырылсын;
      23) тармақшадағы «184» деген сандар «158*» деген сандармен  ауыстырылсын;
      24) тармақшадағы «247» деген сандар «170*» деген сандармен  ауыстырылсын;
      25) тармақшадағы «112» деген сандар «104*» деген сандармен  ауыстырылсын;
      26) тармақшадағы «270» деген сандар «217*» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов