Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгеріс пен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 24 сәуірдегі № 286 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар бекітілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 24 сәуірдегі
№ 886 қаулысымен   
бекітілген      

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгеріс пен толықтырулар

      1. «Мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1313 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 80, 692-құжат):
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. «Қазтелерадио» акционерлік қоғамы акцияларының мемлекеттік пакеті республикалық меншіктен «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» акционерлік қоғамының орналастырылатын акцияларын төлеуге берілсін.».
      2. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
      «Астана қаласы» деген бөлім:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 21-168-жолмен толықтырылсын:
      «21-168. «Қазконтент» АҚ».
      3. «Республикалық меншіктегі ұйымдар акцияларының мемлекеттік пакеттері мен мемлекеттік үлестеріне иелік ету және пайдалану жөніндегі құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      иелік ету және пайдалану құқығы салалық министрліктерге, өзге де мемлекеттік органдарға берілетін республикалық меншік ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттік пакеттерінің және қатысудың мемлекеттік үлестерінің тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне» деген кіші бөлімде:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 359-15-1-жолмен толықтырылсын:
      «359-15-1. «Қазконтент» акционерлік қоғамы.».
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.
      5. «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қыркүйектегі № 995 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 57, 546-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі туралы ережеде:
      Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «7. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті» деген бөлімнің «Акционерлік қоғамдар» деген кіші бөлімінде:
      мынадай мазмұндағы 6) тармақшамен толықтырылсын:
      «6) «Қазконтент» акционерлік қоғамы.»;
      көрсетілген қаулыға 4-қосымшада:
      «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитетіне» деген бөлімнің «Акционерлік қоғамдар» деген кіші бөлімінде:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 6-жолмен толықтырылсын:
      «6 «Қазконтент» акционерлік қоғамы.».