Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ, 2011 ж., № 38, 461-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі» деген бөлімде тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі»;
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі» деген бөлімде тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі»;
реттік нөмірі 143-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
143. |
«Ұлттық ғылыми онкология және трансплантология орталығы» акционерлік қоғамы |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 145-1-жолмен толықтырылсын:
«
145-1. |
«Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбекті қорғау жөніндегі республикалық ғылыми-зерттеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
»;
«Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі» және «Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігі» деген бөлімдер алып тасталсын;
«Қазақстан Республикасы Тұтынушылардың құқықтарын қорғау агенттігі» деген бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
«
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
|
167. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Хамза Жұматов атындағы Гигиена және эпидемиология ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
168. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Масғұт Айқымбаев атындағы Қазақ карантиндік және зооноздық инфекциялар ғылыми орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
169. |
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің «Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны |
169-1. |
«Қазақ құрылыс және сәулет ғылыми-зерттеу және жобалау институты» акционерлік қоғамы |
».
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К.Мәсімов