"Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 750 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 23 сәуірдегі № 273 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 31 шілдедегі № 750 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының «жасыл экономикаға» көшуі жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру жөніндегі 2013 - 2020 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарында:
      реттік нөмірі 7-жолдың 3, 4-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
      «ЭМ-ге ақпарат», «ҰЭМ СК»;
      реттік нөмірі 11-жолдың 3, 4-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
      «ДСӘДМ-ге ақпарат», «ЭМ (жинақтау), облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдері»;
      реттік нөмірлері 66 және 70-жолдар алып тасталсын;
      реттік нөмірі 67-жолдың 4, 5-бағандары мынадай редакцияда жазылсын:
      «ЭМ», «2016 жылғы желтоқсан»;
      реттік нөмірі 86-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «ЭМ (жинақтау), ИДМ»;
      реттік нөмірі 98-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «ЭМ (жинақтау) Астана, Алматы қалаларының және басқа тиісті облыстардың әкімдері»;
      реттік нөмірі 113-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Маңғыстау облысының әкімі (жинақтау), ЭМ»;
      реттік нөмірі 114-жолдың 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қарағанды облысының әкімі (жинақтау), ЭМ»;
      «ҰЭМ СК - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов