Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) «Инвестициялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 8 мамырдағы № 436 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 19, 192-құжат):
көрсетілген қаулымен бекітілген инвестицияларды жүзеге асыруды және инвестициялық преференциялар беруді көздейтін инвестициялық жобаны іске асыруға арналған модельдік келісімшартта:
4-тармақтың 2) тармақшасының алтыншы абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«инвестор инвестициялық міндеттемелерін орындаған кезде, осы инвестициялық келісімшартқа 4-қосымшаға сәйкес кестеге және жылдық көлемге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі негізінде өндіріс толық көлемде пайдалануға берілгеннен кейін инвестициялық басым жобаны іске асыруға арналған инвестициялық субсидия беріледі.»;
10-тармақта:
7) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«7) инвестициялық келісімшарт қолданылатын мерзімде осы инвестициялық келісімшарттың шеңберінде 5-тармақта көрсетілген қызметті жүзеге асыру үшін осы инвестициялық келісімшартқа 3-қосымшаға сәйкес импортталған технологиялық жабдыққа қосалқы бөлшектерді, шикізат пен (немесе) материалдарды қолдануға;»;
мынадай мазмұндағы 8) тармақшамен толықтырылсын;
«8) инвестициялық келісімшарт тіркелген күннен бастап бес жыл ішінде мемлекет және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісі Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) құрамынан шығуға міндетті болатынына міндеттенеді.»;
мынадай мазмұндағы 20-1-тармақпен толықтырылсын:
«20-1. Мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылтайшы және (немесе) қатысушы (акционер) құрамынан шығуы жөніндегі талапты растау үшін инвестор Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) құрамынан шығу мерзімі өткеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде уәкілетті органға басшының қолымен және инвестордың мөрімен (бар болса) расталған жарғының көшірмесін ұсынады.»;
мынадай мазмұндағы 26-1-тармақпен толықтырылсын:
«26-1. Мемлекеттің және (немесе) квазимемлекеттік сектор субъектісінің құрылтайшы және (немесе) қатысушы (акционер) құрамынан шығуы жөніндегі талап орындалмаған жағдайда, инвестициялық преференцияларды қолдану ол (олар) Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) құрамынан толық шыққанға дейін бір жылдан аспайтын мерзімге тоқтатыла тұрады.
Тоқтатыла тұрған кезең ішінде Қазақстан Республикасы заңды тұлғасының құрылтайшысы және (немесе) қатысушысы (акционері) құрамынан шығу жөніндегі талаптың орындалмауы инвестициялық келісімшартты мерзімінен бұрын тоқтатуға және бұрын берілген инвестициялық преференцияларды қайтаруға әкеп соғады.»;
көрсетілген модельдік келісімшартқа 1, 2, 3, 5, 6-қосымшаларда орыс тіліндегі мәтінге өзгеріс енгізілді, мемлекеттік тілдегі мәтін өзгермейді;
көрсетілген модельдік келісімшартқа 4-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2) Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.12.2015 № 1120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Ескерту. 1-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 29.12.2015 № 1120 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 10 сәуірдегі
№ 210 қаулысына
қосымша
Инвестицияларды жүзеге асыруды
және инвестициялық преференциялар
беруді көздейтін инвестициялық
жобаны іске асыруға арналған
модельдік келісімшартқа
4-қосымша
Инвестициялық субсидияны төлеу кестесі мен жылдық көлемі
Жылдар |
Тауарлардың, жұмыстар мен көрсетілетін кызметтердің атауы |
Өндірістің заттай көріністегі көлемі |
Инвестициялық субсидия, мың теңге |
Жиыны |
Уәкілетті орган: Инвестор:
Қолы _________ М.О. Қолы ________ М.О.