Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарды бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 3 сәуірдегі № 191 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы № 305 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 06.05.2021 № 305 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-т. қараңыз.

      "Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы" 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 3-тармағының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптар бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2017 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 2-бөлімді және 2015 жылғы 1 шілдеден бастап қолданысқа енгізілетін 3-бөлімді қоспағанда, алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 3 сәуірдегі
№ 191 қаулысымен
бекітілген

Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптар
1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасының террористік тұрғыдан осал объектілерінің тізбесіне енгізілген террористік тұрғыдан осал әрбір объектінің осы террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптарға (бұдан әрі - талаптар) сәйкес терроризмге қарсы қорғалу жүйесі болуы тиіс.

      2. Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесін (бұдан әрі - жүйе) құру мақсаты олардың террористік қауіп-қатердің әсерінен қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып табылады.

      3. Осы талаптарда пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер:

      1) террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесі - ғимараттардың, құрылыстар мен өзге де объектілердің терроризмге қарсы қауіпсіздігін қамтамасыз етуде пайдаланылатын инженерлік-техникалық нығайтылу, кіруді бақылау және басқару жүйесі, байланыс және хабардар ету жүйесі, телевизиялық бейнебақылау, сондай-ақ жарықтандыру жүйесі құрауыштарының жиынтығы;

      2) инженерлік-техникалық нығайтылу - күзетілетін аймақтарға санкциясыз кіруге және басқа да қылмыстық қолсұғушылықтарға қарсы қажетті іс-қимылды қамтамасыз ететін конструктивті элементтер;

      3) периметр - күзетілетін аумақтың (аймақтың) қоршалған құрылыс конструкцияларымен (тосқауылдармен) және бақылау-өткізу пункттерімен жабдықталған шекарасы;

      4) бақылау-өткізу пункті - адамдарды және көлік құралдарының рұқсат берілген түрін өткізуді қамтамасыз етуге арналған арнайы үй-жай;

      5) қауіпті аймақ - өздеріне қатысты террористік қауіп-қатерді іске асыру теріс салдарға әкеп соқтыруы мүмкін үй-жай, учаскелер және конструктивті элементтер;

      6) күзетілетін аймақ - күзет сигнализациясы жүйесінің көмегімен бақыланатын параметрлердің өзгеруі анықталуы мүмкін (тиіс) ғимараттың және/немесе аумақтың (объектінің) бір бөлігі;

      7) күзет шебі - объектінің белгілі бір аймағын немесе үй-жайды (периметр, көлем және оларға келу жолдары) бақылайтын инженерлік-техникалық құралдар мен қауіпсіздік жүйелерінің жиынтығы, олардан өту кезінде объектінің жай-күйін бақылау жабдығына немесе алып жүруге болатын хабарландырғыштарға (дыбыс, жарық индикациясы) тиісті хабарлама беріледі;

      8) күзет сигнализациясының жүйесі - күзету объектісіне санкциясыз енуді, күзетілетін объекті тұтастығының бұзылуын анықтауға, объекті тұтастығының бұзылуы туралы ақпаратты жинауға, өңдеуге, беруге және сол қалпында ұсынуға арналған бірлесе әрекет ететін техникалық құралдардың жиынтығы;

      9) күзет сигнализациясының шебі - электр тізбегіне тізбектеліп біріктірілген, осы тізбекке енгізілмеген басқа техникалық құралдардан тәуелсіз күзетілетін аймаққа (аймақтарға) ену (енуге әрекет) туралы хабарлама беруге мүмкіндік беретін күзет сигнализациясының бірлесе әрекет ететін техникалық құралдарының жиынтығы;

      10) орталықтандырылған бақылау пульті - дербес техникалық құрал (техникалық құралдардың жиынтығы) немесе күзетілетін объектілерге ену туралы дабыл хабарламаларды қабылдау үшін орталықтандырылған күзет пунктінде орнатылатын хабарламаларды, қызметтік және бақылау-диагностикалық хабарламаларды беру, алынған ақпаратты өңдеу, көрсету, тіркеу және одан әрі өңдеу үшін, сондай-ақ (кері арна болған кезде) телебасқару командасына беру үшін оны сол қалпында ұсыну жүйесінің құрамдас бөлігі;

      11) кіруді бақылау және басқару жүйесі - техникалық, ақпараттық, бағдарламалық, пайдалану үйлесімділігі бар және адамдар мен көліктің кіруін бақылауды және басқаруды жүзеге асыратын бірге әрекет ететін бақылау мен басқарудың техникалық құралдарының (механикалық, электр-механикалық, электр, электрондық құрылғылар, конструкциялар мен бағдарламалық құралдар) жиынтығы;

      12) байланыс жүйесі - объектіні күзету қызметтерінің іс-қимылын жедел басқаруды қамтамасыз етуге арналған жедел байланыс жүйесі;

      13) хабардар ету жүйесі - террористік тұрғыдан осал объектідегі адамдарды төтенше жағдайлар (авария, өрт, табиғи зілзала, шабуыл жасау, террористік акт) кезіндегі дабыл және қалыптасқан жағдайдағы іс-әрекеттер туралы жедел ақпараттандыруға (жарықпен және/немесе дыбыстық) арналған техникалық құралдар жиынтығы;

      14) телевизиялық бейнебақылау жүйесі - объектінің жай-күйі туралы көрсетілімдерді алуға арналған техникалық, ақпараттық, бағдарламалық және пайдалану үйлесімділігі бар бірлесіп әрекет ететін техникалық құралдардың жиынтығы;

      15) күзет бөлімшелері - террористік тұрғыдан осал объектілерді күзетуді қамтамасыз ететін күзет қызметінің субъектілері.

      4. Осы талаптар қолданыстағы, жаңадан жобаланатын, реконструкцияланатын және техникалық жаңғыртылған жеке меншік және ведомстволық бағыныстылық нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілерге қойылады, сондай-ақ объектілерге қылмыстық қолсұғушылыққа қарсы іс-қимыл жасау мақсатында оларды инженерлік-техникалық құралдармен және қауіпсіздік жүйелерімен жарақтандырудың нормаларын, тәртібін белгілейді.

      5. Мемлекеттік күзетуге жататын объектілердің инженерлік-техникалық нығайтылуы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 7 қазандағы № 1151 қаулысымен бекітілген талаптарға сәйкес қамтамасыз етіледі.

      Қарулы Күштер объектілерінің инженерлік-техникалық нығайтылуына қойылатын талаптар "Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің, басқа да әскерлері мен әскери құралымдарының жалпы әскери жарғыларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2007 жылғы 5 шілдедегі № 364 Жарлығына сәйкес, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрықтарымен айқындалады.

      Күзетілетін адамдардың келуіне арналған террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын қосымша талаптарды Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі осы талаптарды, олардың қауіпсіздігін қажетті деңгейде қамтамасыз ететін ұйымдастырушылық, күзет, режимдік және өзге де шаралардың көлемі мен ерекшелігін ескере отырып белгілейді.

2. Аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық, қауіпті өндірістік объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптар
Периметрдің инженерлік-техникалық нығайтылуына қойылатын талаптар

      6. Аумағы бар объекті периметрі бойынша адамдар мен көлік құралдарының бақылау-өткізу пунктін орап өтіп, объектіге және объектіден еркін өтуіне кедергі жасайтын қоршаумен жабдықталады.

      Магистральдық құбырлар мен кен орындарының аумақтары да адамдар мен көлік құралдарының күзетілетін аймақтарға еркін өтуіне кедергі жасайтын қоршаумен жабдықталуы мүмкін.

      7. Қоршау күрделі құрылыс болып табылады және үлгілік жобалар бойынша салынады.

      8. Қоршау:

      1) еркін өтуді болдырмайтын және объектінің режимдік шарттарын қанағаттандыратын биік әрі жерге терең орнатылған болуы;

      2) конструкциясы қарапайым, беріктігі жоғары сапалы және ұзақ уақытқа төзімді болуы;

      3) одан өтуді жеңілдететін түйіндер мен конструкциялардың болмауы тиіс.

      9. Сыртқы қоршауда жабылмайтын есіктер, қақпалар, кішкене қақпалар, сондай-ақ тесіктер, сыналар және басқа да зақымданулар болмауы керек.

      10. Қауіптілігі жоғары учаскелерде периметрді таранға қарсы және (немесе) өзге де қосымша бөгеуші құрылғыларды орнату арқылы күшейтуге болады.

      Периметр инженерлік-техникалық конструкциялардан басқа жарықтандыру, байланыс және телевизиялық бейнебақылау жүйесі құралдарымен жарақталады.

      11. Объектілер периметрінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін инженерлік-техникалық конструкциялар мынадай сипаттамаларға сәйкес болуы тиіс:

      1) барлық маусымдар мен тиісті климаттық аймақтардың сыртқы климаттық факторларына төзімділігі;

      2) индустриялық кедергілерден және көлік құралдары, құстар мен жануарлар туындататын кедергілерден қорғалуы.

      12. Жарылғыш, аса қауіпті, бактериологиялық, биологиялық заттар, иондаушы сәулелендіру көздері, радиоактивті және қос мақсаттағы материалдарды әзірлеу, өндіру, сынау жұмыстарын жүргізумен айналысатын ұйымдардың объектілері мен үй-жайларының сыртқы қоршауына Ядролық материалдарды және ядролық қондырғыларды жеке қорғау туралы ережеге, сондай-ақ радиациялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі санитариялық-гигиеналық талаптарға, тиісті қолдану саласындағы басқа да нормативтік құқықтық актілерге сәйкес арнайы талаптар қолданылады.

      13. Өткізу режимі орнатылған аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық, қауіпті өндірістік объектілер бақылау-өткізу пункттерімен жарақталады.

      14. Бақылау-өткізу пункттерінің саны адамдар мен көлік құралдарының қажетті өту қабілетін қамтамасыз етуді ескере отырып айқындалады.

      Автокөліктік бақылау-өткізу пункті адамдар өтуге арналған орталық бақылау-өткізу пунктіне жақын жерде орналасуы тиіс.

      Автомобиль және теміржол көлігінің өткізетін бақылау-өткізу пунктін қатар қолдануға жол беріледі.

      15. Бақылау-өткізу пункттері ғимараттарының (үй-жайларының) сыртқы қоршау конструкциялары (қабырғалар мен жабындар) құқыққа қарсы сипаттағы іс-әрекеттерді қоса алғанда, сыртқы әсерлерге төзімді болуы және жақсы шолынуы тиіс.

      16. Бақылау-өткізу пункті жұмысшылар мен қызметшілердің жеке заттарын сақтайтын сақтау камерасымен, тексеріп қарау бөлмесімен, күзет бөлімшесі қызметкерлерін (концентраторларды, пульттерді, күзеттік телевизияның бейнебақылау құрылғыларын және т.с.с) орналастыруға арналған қызметтік үй-жаймен, техникалық қауіпсіздік жүйелерімен, өткелді (өтуді) ашу тетіктерін басқару құрылғыларымен, күзеттік жарықтандырумен және санитариялық тораппен жабдықталады.

      Бақылау-өткізу пунктінде автоматтандырылған немесе механикалық қол құрылғылары, турникеттер, адамдардың санкциясыз өтуіне жол бермеуге арналған кішкене қақпалар орнатылады.

      Бақылау-өткізу пунктін тексеріп қарау жүргізу үшін қажеттілігіне немесе қызметтік мұқтаждығына байланысты металдардың әртүрлі үлгілерін айқындауға қабілетті стационарлық және қол құралдарымен жабдықтауға болады.

      17. Көлік құралдарына арналған бақылау-өткізу пункті электрөткізгіші бар және қашықтықтан басқарылатын үлгілік жылжымалы немесе айқара ашылатын қақпалармен, оларды авариялық тоқтатуға және қолмен ашуға арналған құрылғылармен жабдықталады. Қақпалар өздігінен ашылуды (қозғалуды) болдырмайтын шектеуіштермен немесе бекіткіштермен жарақталады. Автокөлік құралдарына арналған бақылау-өткізу пункті оларды тексеріп қарауға арналған қарау алаңдарымен немесе эстакадалармен, шлагбаумдармен, ал теміржол көлігіне арналған бақылау-өткізу пункті жылжымалы теміржол құрылымын тексеріп қарауға арналған мұнарамен және алаңмен жабдықталады.

      18. Қақпаны басқару пульті бөгде адамдардың қол жеткізуін болдырмайтын орындарға орналастырылады.

      19. Бақылау-өткізу пунктінің үй-жайы байланыс, өрт сөндіру құралдарымен жарақталады және орталықтандырылған бақылау пультіне қосылған дабыл сигнализациясы жүйесімен жабдықталады.

Ғимараттар мен құрылыстардың инженерлік-техникалық нығайтылуына қойылатын талаптар

      20. Аса маңызды мемлекеттік, стратегиялық, қауіпті өндірістік объектілер аумағында үздіксіз өндірістік цикл жабдығы бар корпустарды қоса алғанда, ғимараттар мен құрылыстарды олардың басқа ғимараттар және құрылыстармен қалқалануын ескере отырып, периметрден барынша мүмкін болатын қашықтықта орналастыру қажет.

      21. Ғимараттар мен құрылыстардың сыртқы қабырғалары іргелі және Қазақстан Республикасының бекітілген нормалары мен қағидаларына сәйкес болуы тиіс.

      22. Ғимараттар мен құрылыстарда бекіткіш құрылғыларды орнату кезінде өртке қарсы қауіпсіздік шарттарын орындау қажет:

      1) ғимараттар мен құрылыстардың сыртқы эвакуациялау есіктерінің іштен кілтсіз ашылмайтын бекіткіші болмауы тиіс;

      2) ортақ дәлізге алып баратын баспалдақ алаңдарының есіктері, лифт холлдары мен тамбур-шлюздердің есіктері өздігінен және тығыз жабылатын құрылғылармен жабдықталады және олардың кілтсіз ашылуға кедергі келтіретін бекітулері болмауы тиіс.

      23. Ғимараттар мен құрылыстардың аумағына құдықтар, люктер, өтетін тесіктер, шахталар, ашық құбырлар, арналар және басқа осыған ұқсас құрылыстар арқылы енуге болатын кіретін және шығатын жерлері бар жерасты және жерүсті коммуникациялары тұрақты немесе алынатын темір торлармен, қақпақтармен, бекітілетін құрылғылары бар есіктермен жабдықталады.

      Тұрақты құрылғылар ашылмайтын барлық коммуникацияларға, сондай-ақ диаметрі 250 миллиметрден (кесіндісі 250 х 250 миллиметрден көп) асатын барлық ойықтарға орнатылуы тиіс.

Күзет бөлімшесі үй-жайларының инженерлік-техникалық нығайтылуына қойылатын талаптар

      24. Күзет бөлімшелерінің үй-жайларын, әдетте ғимараттардың бірінші қабатында орналастырған жөн, бұл ретте үй-жайлар конструкциясына қойылатын талаптар ғимараттардың тиісті санатына қойылатын талаптарға сәйкес болуы тиіс.

      25. Бақылау мұнаралары, бекеттік саңырауқұлақ тәріздес қалқалар мен үйшіктер, тосқауыл түріндегі дуалдар жататын күзет бекеттерінің инженерлік конструкциялары мынадай сипаттамаларға сәйкес болуы тиіс:

      1) бақылау мұнаралары кірпіштен, ағаштан, металдан немесе құрама темір бетоннан жасалады және күзетшілердің аумақтар мен объектінің маңайын көруін ұлғайту үшін орналастырылады. Мұнараның биіктігі және оны орнату орны жер бедеріне, кескін үйлесіміне және жергілікті шарттарға байланысты айқындалады;

      2) мұнараларды жабдықтауға арналған техникалық құралдардың құрамы жобалауға арналған тапсырмамен айқындалады;

      3) мұнараның конструкциясы күзетшіні атыс қаруымен зақымдаудан қорғауы тиіс;

      4) бекеттік саңырауқұлақ тәріздес қалқалар әдетте наряд соқпағынан 1 метрден аспайтын қашықтықтағы бекеттер учаскелерінің ортасында оpaналастырылады;

      5) бекеттік үйшіктер кірпіштен, ағаштан, құрама темір бетоннан, металл конструкциялардан, пластиктен, сығымдалған және ағаш бөлшектерден жасалады. Температура минус 300С-ден төмен аудандарда бекеттік үйшіктерде жылыту көзделеді. Бекеттік үйшіктердің көлемдері мен түрлерін жобалау ұйым айқындайды;

      6) бекеттер учаскелерінің шекарасын белгілеу үшін шектеу белгілері қолданылады. Олар нөмірленеді және нарядтарға жақсы көрінетіндей және учаскенің сыртқы жағынан бөгде адамдарға көрінбейтіндей етіп біртіндеп орнатылады.

Күзет сигнализациясы жүйесіне қойылатын талаптар

      26. Құпия ақпарат немесе материалдық құндылықтар тұрақты немесе уақытша сақталатын барлық үй-жайлар, сондай-ақ олармен аралас барлық үй-жайлар, объекті ғимаратының периметрі бойынша бірінші және соңғы қабаттарда орналасқан бөлмелер мен осал орындар (терезе, есіктер, қақпақтар, желдеткіш шахталары мен қораптары) күзет сигнализациясы жүйесімен жабдықталады.

      27. Күзет сигнализациясы жүйесі Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тізілімінде аккредиттелген және тіркелген сертификаттау органдарында, сынақ зертханаларында (орталықтарында) белгіленген тәртіппен сертификаттаудан өтеді.

      28. Жалған іске қосу мен табу ықтималдығына айрықша жоғары пысықталуды талап ететін объектілерде әртүрлі әрекет етудің түрлі физикалық қағидатындағы датчикті ұштастыратын құрамдастырылған жүйені пайдалану қажет. Сезгіш элементтердің орналасуы адамның еніп кіруі туралы сигнал бір уақытта бірнеше датчикте іске қосылатындай таңдап алынады, ал бөгеуілдер уақыт бойынша таралады.

      29. Күзет сигнализациясы жүйесімен күзеттің үш шебі жабдықталады.

      Күзеттің бірінші шебімен:

      1) объекті ғимараттары мен үй-жайларының периметрі бойынша құрылыс конструкциялары;

      2) коммуникацияларды іске қосу орындары, желдеткіш арналар және тағы басқалар;

      3) өрт сатыларына шығатын жерлер;

      4) күрделі емес және күрделі (егер оларды қорғау қажет болса) қабырғалар қорғалады.

      Күзеттің екінші шебімен үй-жайлардың көлемі қорғалады.

      Күзеттің үшінші шебімен қоймалар, сейфтер, шкафтар немесе оларға келу жолдары қорғалады.

      30. Ғимараттың (үй-жайының) периметрі бойынша құрылыс конструкциялары:

      1) есік оймалары, тиеу-түсіру қақпақтары - ашылуға және тесілуге;

      2) шынымен қапталған конструкциялар - әйнектің "ашылуына" және "қирауына";

      3) коммуникацияларды, күрделі емес және күрделі (егер қажет болса) іске қосу орындары - "тесілуге";

      4) желдеткіш қораптарды, түтін өткізгіштер және басқалар - "қиратуға" және "соғу әсеріне" қарсы бұғатталады.

      31. Объектінің қауіпсіздігін арттыру үшін күзет сигнализациясы жүйесінің құрылымы:

      1) осы объектінің жұмыс режиміне;

      2) ғимараттар ішінде үй-жайлардың орналасу ерекшеліктеріне;

      3) күзетілетін аймақтар санына қарай айқындалады.

      32. Күзетілетін аймақтар сындарлы аймақтарға кез келген тұсынан келгенде, кемінде күзеттің екі шебі бұзушылықты тіркейтіндей түрде орналастырылады.

      33. Күзеттің әр шебінен келген дабыл хабарламасы орталықтандырылған бақылау пультіне немесе объектінің ішкі күзет пультіне шығарылады.

      34. Орталықтандырылған бақылау пульті ұйымдастырылған үй-жайды ғимараттың екінші немесе үшінші қабаттарында орналастыру қажет. Орталықтандырылған бақылау пульті бір қабатты ғимаратта орналасқан жағдайда үй-жайдың құрылыс конструкциялары (қабырғалар, есіктер және терезелер) Қазақстан Республикасының бекітілген нормалары мен қағидаларына сәйкес болуы тиіс.

      35. Ішкі күзет пульттері күзет бөлімшелерінің қызметтік үй-жайларында немесе осы мақсаттар үшін арнайы жабдықталған үй-жайларда орналастырылады.

Кіруді бақылау және басқару жүйесіне қойылатын талаптар

      36. Кіруді бақылау және басқару жүйесі:

      1) бақылау пункті арқылы күзетілетін үй-жайларға қызметкерлердің және объектіге келушілердің кіруін шектеуді;

      2) әр қызметкердің және объектіге келушінің келу-кету уақытын тіркеуді;

      3) ішкі үй-жайлардың ашылғаны туралы ақпарат алуды;

      4) кіру осы кіру аймағына (үй-жайға) берілген уақыт аралығында немесе оператордың бұйрығы бойынша рұқсат етілген сәйкестендіру белгісін оқығаннан кейін тосқауыл құрылғысының ашылуын;

      5) кіру осы кіру аймағына (үй-жайға) берілген уақыт аралығында рұқсат етілмеген сәйкестендіру белгісін оқығаннан кейін тосқауыл құрылғысының ашылуына тыйым салуды;

      6) басқару құрылғыларындағы сәйкестендіру белгілерін санкцияланған өзгертуді (қосу, өшіру) және олардың кіру аймақтарымен (үй-жайлармен) және кірудің уақыт интервалдарымен байланысын қамтамасыз етуді;

      7) сәйкестендіру белгілерін өзгерту (қосу, жою) үшін басқару құрылғысы құралдарының бағдарламаларына санкциясыз енуден қорғауды;

      8) техникалық және бағдарламалық құралдарды басқару, режимді орнату элементтеріне және ақпаратқа санкциясыз қол жеткізуден қорғауды;

      9) электр қуаты өшкен кезде сәйкестендіру белгілерінің бабы мен деректер базасын сақтауды;

      10) төтенше жағдайлар, өрт, техникалық ақаулар кезінде белгіленген режим қағидаларына және өртке қарсы қауіпсіздік қағидаларына сәйкес тосқауыл құрылғыларын қолмен, жартылай автоматты немесе автоматты түрде ашуды;

      11) жүйе операторының жұмыс орнынан кіру жүйесімен жабдықталған кез келген есіктің ашылуын немесе бұғатталуын;

      12) рұқсат берілген сәйкестендіру белгісі оқылғаннан кейін өтетін жерден белгілі бір уақыттан кейін өту фактісі болмаған кезде тосқауыл құрылғысының автоматты түрде жабылуын;

      13) сәйкестендіру белгілерін (кодын) іріктеуге әрекет жасалған кезде тосқауыл құрылғысының белгілі бір уақытқа жабылуын және дабыл белгісінің берілуін;

      14) ағымдағы және алаңдататын оқиғалардың тіркелуін және хаттамаға енгізілуін;

      15) басқару құрылғысымен байланыс болмаған кезде кіретін әрбір нүктедегі тосқауыл құрылғысынан оқығыштың дербес жұмысын қамтамасыз етуі тиіс.

      37. Оқығыштар мынадай функцияларды орындауы тиіс:

      1) сәйкестендіргіштерден сәйкестендіру белгісін оқу;

      2) енгізілген сәйкестендіру белгісін жадыда немесе басқару құрылғысының деректер базасында сақталғандармен салыстыру;

      3) пайдаланушыны сәйкестендірген кезде тосқауыл құрылғысының ашылу сигналын қалыптастыру;

      4) басқару құралымен ақпарат алмасу.

      38. Басқару құрылғылары мынадай функцияларды орындауы тиіс:

      1) оқығыштардан ақпаратты қабылдау, оны өңдеу, берілген түрде көрсету және тосқауыл құрылғыларын басқару сигналдарын жасау;

      2) олардың кіру сипаттамаларын (кодын, кірудің уақыт аралығын, рұқсат деңгейі және басқалар) беру мүмкіндігімен объект қызметкерлерінің деректер қорын енгізу;

      3) қызметкерлердің кіру нүктесінен өтуін тіркейтін электрондық журналды жүргізу;

      4) кіру нүктелеріндегі қауіпті ахуалдар туралы ақпаратты басым түрде шығару;

      5) тосқауыл құрылғыларының, оқығыштар мен байланыс желілері жай-күйінің ақаусыздығын бақылау.

      39. Кіруді бақылау және басқару жүйесі сәйкестендіру белгілерін іріктеу немесе таңдау арқылы манипуляциядан қорғалуы, ал конструкциясы сыртқы пішіні мен құрама бөлшектеріндегі жазбалар қолданылатын кодтардың әшкереленуіне әкеп соқтырмауы тиіс.

      40. Объектіні кіруді бақылау және басқару жүйесімен жарақтандыру кірудің негізгі үш аймағында жүргізіледі:

      1) бірінші аймақ - персоналдың, келушілердің кіруі шектелмеген ғимараттар, аумақтар, үй-жайлар;

      2) екінші аймақ - кіру персоналдың шектелген құрамына, сондай-ақ бір реттік рұқсат қағаздары бойынша немесе объект персоналының ілесіп жүруімен келушілерге рұқсат етілген үй-жайлар;

      3) үшінші аймақ - қатаң түрде белгіленген қызметкерлер мен басшылардың кіруіне болатын объектінің арнайы үй-жайлары.

      Адамдарды бақылау пункті арқылы объектіге өткізу:

      1) бірінші кіру аймағында бір сәйкестендіру белгісі бойынша;

      2) екінші кіру аймағында екі сәйкестендіру белгісі бойынша (мысалы, электрондық карта және механикалық құлыптың кілті);

      3) үшінші кіру аймағында екі немесе одан көп сәйкестендіру белгілері бойынша жүзеге асырылуы тиіс.

      41. Мыналар:

      1) объектіге негізгі және қызметтік кіру есіктері;

      2) ғимаратқа кіруге арналған сыртқы есік;

      3) қызметтік үй-жайлардың есіктері;

      4) күзет бөлімшелері үй-жайларының есіктері;

      5) орталықтандырылған бақылау пункті үй-жайларының есіктері;

      6) басшылықтың қалауы бойынша басқа үй-жайлар кіруді бақылау және басқару жүйесімен жабдықталуы тиіс.

Телевизиялық бейнебақылау жүйесіне қойылатын талаптар

      42. Телевизиялық бейнебақылау жүйесі:

      1) күзетілетін аймақтардың, үй-жайлардың, периметрдің және объекті аумағының жай-күйі туралы көрінетін ақпаратты автоматтандырылған режимде күзет бөлімшесінің арнайы бөлінген үй-жайындағы жергілікті бақылау пунктінің не болмаса орталықтандырылған күзет пунктінің мониторларына беруді;

      2) оқиғаны кейін талдау үшін бейнеақпаратты мұрағаттауды;

      3) оқиғаны автоматты режимде немесе оператордың бұйрығымен бейнеқұжаттауды;

      4) бұрын жазылған ақпаратты жаңғыртуды;

      5) телекамераның уақытты, күнді беру және сәйкестендіргіш арқылы бейнежазуға жедел енуді қамтамасыз етуі тиіс.

      43. Объектіде:

      1) аумақтың периметрі;

      2) бақылау-өткізу пункттері;

      3) тексеріп қарау үй-жайлары (бөлмелері), көлікті тексеріп қарау аймағы;

      4) негізгі және қосымша есіктер;

      5) сындарлы аймақтағы аумақтар мен үй-жайлар, олардың дәліздері;

      6) объекті басшысының (меншік иесінің) қалауы бойынша басқа да үй-жайлар телевизиялық бейнебақылау жүйесімен жабдықталады.

      44. Объектінің аумағын немесе периметрін бақылауға арналған бейнекамералар климаттық аймаққа сәйкес сыртта орнату үшін климаттық факторлардың әсер етуі жағдайында жұмыс істеуі не климаттық факторлардың әсер етуі кезінде жұмыс істеу қабілетін қамтамасыз ететін қапталған термоқалталарда орналастырылуы тиіс.

      45. Егер күзетілетін аймақтағы жарықтандыру телекамералардың сезімталдығынан төмен болса, тәуліктің қараңғы уақытында көрінетін немесе инфрақызыл жарық диапазонының күзеттік жарықтандырылуы қосылуы тиіс. Күзетілетін жарықтандыру аймақтары телекамералардың шолу аймағымен сәйкес келуі тиіс.

      46. Телевизиялық бейнебақылау жүйесін, кіруді бақылау және басқару жүйесін, сондай-ақ өрттерді анықтау және сөндіру жүйелерін авоматтандырылған күзет кешеніне біріктіру ұсынылмайды.

Байланыс жүйесіне қойылатын талаптар

      47. Жедел байланыс жүйесі:

      1) белгіленген тәртіппен бөлінген жедел байланыс жүйелері үшін жиілік диапазондарындағы жұмысты;

      2) күзет пунктіндегі кезекші мен қызмет көрсету аумағындағы күзет нарядтарының арасындағы екіжақты радиобайланысты;

      3) күзет нарядтары арасындағы қызмет көрсету аумағының шегінде екіжақты радиобайланысты;

      4) күзетілетін объектілер мен іргелес жатқан аумақта орнатылған байланысты жеткілікті қамтамасыз ету үшін қызмет көрсету сыйымдылығы мен аймағын;

      5) берілетін ақпараттың қорғалуын;

      6) негізгісі өшіп қалған кезде базалық жабдықтың, коммутация орталығының және жүйенің диспетчерлік орталығының резервтік электрмен қоректендіруге автоматты түрде ауысу (және керісінше) мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. Резервтік қорек көзінен жұмыс істеу уақыты - кемінде 2 сағат.

      48. Жедел байланыс жүйесі құрауыштарының конструкциясы оларды пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу кезінде қызмет көрсететін персоналдың электр қауіпсіздігін қамтамасыз етуі тиіс.

Хабардар ету жүйесіне қойылатын талаптар

      49. Хабардар ету жүйесі:

      1) ғимараттарға, үй-жайларға, адамдар тұрақты түрде немесе уақытша болатын объекті аумағындағы учаскелерде дыбыстық және (немесе) жарықтық сигналдар беруді;

      2) қауіптілік сипаты, эвакуациялау қажеттілігі мен жолдары, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да іс-қимылдар туралы сөйлеу ақпаратын трансляциялауды жүзеге асыруы;

      3) "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес хабардар ету сигналдарын көздеуі тиіс.

      50. Объектіде мыналарды:

      1) лауазымдық міндеттерінде штаттан тыс жағдайлардың алдын алу немесе олардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларға қатысуы көзделген қызметкерлерді шақыру схемасын;

      2) штаттан тыс жағдайлар кезінде қызметкерлердің іс-қимылдарын регламенттейтін нұсқаулықтарды;

      3) эвакуациялау жоспарларын;

      4) хабардар ету сигналдарының жүйесін қамтитын хабардар ету жоспары әзірленуі тиіс.

      51. Хабардар ету жүйесінің іс-қимылы барысында адамдарды эвакуациялау:

      1) авариялық және күзеттік жарықтандыруды қосумен;

      2) эвакуациялық процесті қиындататын (өтетін жерлерде, тамбурларда, баспалдақ алаңдарында және басқа жерлерде адамдардың топталуы) дүрбелеңнің және басқа да көріністердің алдын алуға бағытталған арнайы әзірленген мәтіндердің хабардар ету жүйесі арқылы берумен;

      3) эвакуациялау бағыттары мен жолдардың жарық нұсқағыштарын автоматты қосумен;

      4) қосымша эвакуациялық шығу есіктерін автоматты ашумен (мысалы, электр магниттік құлыптармен жабдықталған) сүйемелденуі тиіс.

      52. Хабардар ету сигналдары басқа мақсаттағы сигналдардан ерекшеленуі тиіс.

      Хабарлағыштардың саны мен олардың қуаты адамдар тұрақты немесе уақытша болатын барлық жерлерде қажетті естілуді қамтамасыз етуі тиіс.

      53. Күзетілетін аумақта рупорлық дауыс күшейткіштерді қолданған жөн. Олар жарық беру бағандарында, ғимараттардың қабырғаларында және басқа да конструкцияларда орнатылуы мүмкін.

      Объектідегі дауыс күшейткіштерді орналастыру дұрыстығы мен саны берілетін дыбыстық хабарламалардың анықтығына жергілікті жерде эксперимент жасау жолымен айқындалып, нақтыланады.

      54. Хабардар ету жүйелерінің коммуникацияларын объектінің радиотрансляциялау желісімен біріктіріп жобалауға жол беріледі.

Күзеттік жарықтандыруға қойылатын талаптар

      55. Периметр бойынша күзеттік жарықтандыру желісі сыртқы жарықтандыру желісінен жеке орнатылып, жеке-дара учаскелерге бөлінеді.

      56. Негізгі және ішкі қосалқы қоршауды жарықтандырудың (жарық беруі кемінде 100 люкс) жергілікті анықтау учаскелерін ескере отырып, периметрді қорғау жүйелерінен қосылу мүмкіндігі болуы тиіс.

      57. Күзеттік жарықтандыру аспаптары ретінде мол жарық беретін прожекторлар, қыздыру лампалары немесе балама үлгідегі шамдар қолданылуы тиіс.

      Жарықтандыру аспаптары бекет күзетшілері мен бақылау-өткізу пункті бақылаушыларының көздерін қарықтырмайтындай орналастырылуы тиіс.

      Жарықтандыру жолағы күзет бекеттеріне, нарядтардың соқпағына, бекеттік саңырауқұлақтарға түспеуі тиіс.

      Шамдар арасындағы арақашықтық, олардың қуаты мен конструкциясы жарықтандыру нормалары бойынша қажетті жарықтың жаппай, біркелкі жолағын жасау есебінен алынуы тиіс.

      58. Күзет қызметтік үй-жайлары үшін жарықтандыру нормаларын айқындау қолданыстағы нормалар мен қағидалар негізінде жүргізілуі тиіс.

      59. Күзеттік жарықтандыру:

      1) шамдардың жарық нүктелері бүркемеленетіндей және ені кемінде 3 метр тұтас жолақты құрайтындай қажетті біркелкі жарықтандырумен;

      2) техникалық құралдар іске қосылған кезде бір учаске немесе бүкіл периметр бойынша жарықтандырудың автоматты түрде қосылу мүмкіндігімен;

      3) жарықтандыруды басқару - кез келген учаскені немесе бүкіл периметрдегі жарықтандыруды қосу мүмкіндігімен қамтамасыз етіледі.

      60. Күзеттік жарықтандыру шамдары аумақтың ішкі қоршау желісіне тікелей жақын, қызмет көрсету үшін қолайлы және қауіпсіз жерлерде орнатылады.

      61. Қарауылдардың үй-жайлары, бақылау-өткізу пункттері, ғимаратқа кіретін жерлер, санатты үй-жайлардың дәліздері авариялық жарықтандырумен қосымша жабдықталуы тиіс. Жұмыстық жарықтандыру авариялық жарықтандыруға және кері ауыстыру автоматты түрде жүзеге асырылуы тиіс.

      62. Автокөлік және теміржол бақылау-өткізу пункттерін жарықтандыру көлікті және тасымалданатын жүктерді тексеріп қарауды қамтамасыз етуі тиіс. Жарықтандыру аспаптары тексеріп қаралатын көліктің біркелкі, оның ішінде астынан да жүзеге асырылатындай орналасуы тиіс. Қажет болған жағдайларда тасымалданатын жарықтандыруды пайдалану мүмкіндігін көздеген жөн.

Күзет сигнализациясы кіруді бақылау және басқару, телевизиялық бейнебақылау және жарықтандыру жүйелерінің электрмен қоректендірілуіне қойылатын талаптар

      63. Күзет сигнализациясы, кіруді бақылау және басқару жүйелері негізгі желілік қоректену болмаған кезде жабдықтың кемінде 12 сағат жұмысын қамтамасыз ететін аккумуляторлық қолдауы бар үздіксіз қоректендіру көздерінен тұруы тиіс.

      64. Автономды резервтік электрмен қоректендіру көздері кіруді бақылау және басқару, телевизиялық бейнебақылау жүйесінің, күзет және кезекші жарықтандырудың жұмысын:

      1) қалаларда және қала үлгісіндегі кенттерде - кемінде 24 сағат;

      2) ауылдық аудандарда - кемінде 48 сағат;

      3) бару қиын аудандарда - кемінде 72 сағат қамтамасыз етуі тиіс.

3. Адамдар көп жиналатын объектілердің терроризмге қарсы қорғалу жүйесіне қойылатын талаптар

      65. 1-қосымшаға енгізілген адамдар көп жиналатын объектілер міндетті түрде телевизиялық бейнебақылау жүйесімен жабдықталады.

      66. 2-қосымшаға енгізілген адамдар көп жиналатын объектілер міндетті түрде күзет сигнализациясы жүйесімен және құралдарымен, кіруді бақылау және басқару жүйесімен (бірінші аймақты қоспағанда), хабардар ету жүйесімен және құралдарымен, телевизиялық бейнебақылау жүйесімен жарақталады.

      67. Адамдар көп жиналатын барлық объектілерде белгіленген тәртіппен сертификаттау органдарында, сынақ зертханаларында (орталықтарында) сертификаттаудан өткен, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сертификаттау жүйесінің Мемлекеттік тізілімінде аккредиттелген және тіркелген жүйелер мен техникалық құралдар орнатылады.

Күзет сигнализациясы жүйесіне қойылатын талаптар

      68. Күзет сигнализациясы жүйелері санкциясыз кіру туралы хабарлауы тиіс.

      69. Күзет сигнализациясы жүйелері негізгіден резервтікке және кері электрмен қоректендіру көздерін қайта қосу кезінде жалған дабылдар бермеуі тиіс.

      70. Күзет сигнализациясы жүйелері оларды басқаруға санкциясыз енуден қорғалады.

Кіруді бақылау және басқару жүйесіне қойылатын талаптар

      71. Кіруді бақылау және басқару жүйесі объектілердегі өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыруды қамтамасыз етуі және объектіні кірудің негізгі үш аймағына бөлуді көздеуі тиіс:

      1) бірінші аймақ - персоналдың, келушілердің кіруі шектелмеген ғимараттар, аумақтар, үй-жайлар;

      2) екінші аймақ - кіру персоналдың шектелген құрамына, сондай-ақ бір реттік рұқсат қағаздары бойынша немесе объект персоналы ілесіп жүретін келушілерге рұқсат етілген үй-жайлар;

      3) үшінші аймақ - қатаң түрде белгіленген қызметкерлер мен басшылардың кіруіне болатын объектінің арнайы үй-жайлары.

      72. Кіруді бақылау және басқару жүйесі екінші және үшінші аймақтағы кіру шектелген үй-жайларға санкциясыз кіруді болдырмауды қамтамасыз етеді.

      73. Кіруді бақылау және басқару жүйесі сәйкестендіру белгілерін іріктеу немесе таңдау арқылы манипуляциядан қорғалуы, ал конструкциясы сыртқы пішіні мен құрама бөлшектеріндегі жазбалар қолданылатын кодтардың әшкереленуіне әкеп соқтырмауы тиіс.

Телевизиялық бейнебақылау жүйесіне қойылатын талаптар

      74. Телевизиялық бейнебақылау жүйесі көрнекі ақпаратты күзет бөлімшесінің арнайы бөлінген үй-жайында (болған жағдайда) не болмаса орталықтандырылған күзет пунктінде орналасқан техникалық құралға немесе жинауға, өңдеуге, көрсетуге және тіркеуге арналған техникалық құрал жиынтығына беруді қамтамасыз етуі тиіс.

      Ақпаратты сақтау мерзімі кемінде 30 тәулікті құрауы тиіс.

      75. Телевизиялық бейнебақылау жүйесі күзетілетін аймақтардағы (аумақтағы, үй-жайлардағы) ахуалға бақылау жүргізуге, сондай-ақ санкциясыз ену фактісін көзбен шолып растауға, ахуалды бағалауға және құқық бұзушыларды сәйкестендіруге мүмкіндік береді.

      76. Телевизиялық бейнебақылау жүйесі автоматтандырылған режимдегі жұмысты қамтамасыз етуі тиіс.

      77. Жекелеген ғимаратта (ғимараттар кешенінде) орналасқан объектідегі телевизиялық бейнебақылау жүйесімен:

      1) объектіге іргелес жатқан аумақтың периметрі;

      2) бақылау-өткізу пункттері (бар болса);

      3) тексеріп қарау үй-жайлары (бөлмелері) және көлікті тексеріп қарау аймағы (бар болса);

      4) бас және қосалқы кіру есіктері;

      5) адамдар көп жиналатын үй-жайлар (орындар) жабдықталуы тиіс.

      Ғимараттың бір бөлігінде орналасқан объектідегі телевизиялық бейнебақылау жүйесімен:

      1) адамдар көп жиналатын үй-жайларды (орындарды);

      2) бас және қосалқы кіру есіктерін (бар болса) жабдықтау қажет.

      78. Егер күзетілетін аймақтағы жарықтандыру телекамералардың сезімталдығынан төмен болса, тәуліктің қараңғы уақытында көрінетін немесе инфрақызыл жарық диапазонының күзеттік жарықтандырылуы қосылуы тиіс. Күзетілетін жарықтандыру аймақтары телекамералардың шолу аймағымен сәйкес келуі тиіс.

Хабардар ету жүйесіне қойылатын талаптар

      79. Объектідегі және оның аумағындағы персонал мен келушілерді төтенше жағдайлар (авария, өрт, табиғи зілзала, шабуыл жасау, террористік акт) және қалыптасқан жағдайдағы іс-қимылдар кезінде жедел хабардар ету үшін хабардар ету жүйесі құрылады.

      80. Объектіде мыналарды:

      1) лауазымдық міндеттерінде штаттан тыс жағдайлардың алдын алу немесе олардың салдарын жою жөніндегі іс-шараларға қатысуы көзделген қызметкерлерді шақыру схемасын;

      2) штаттан тыс жағдайлар кезінде қызметкерлердің іс-қимылдарын регламенттейтін нұсқаулықтарды;

      3) эвакуациялау жоспарларын;

      4) хабардар ету сигналдарының жүйесін қамтитын хабардар ету жоспары әзірленуі тиіс.

      81. Хабардар ету жүйесі мынадай талаптардың (сипаттамалардың) орындалуын:

      1) ғимараттарға, үй-жайларға, адамдар тұрақты түрде немесе уақытша болатын объекті аумағындағы учаскелерде дыбыстық және (немесе) жарықтық сигналдар беруді;

      2) қауіптілік сипаты, эвакуациялау қажеттілігі мен жолдары, адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған басқа да іс-қимылдар туралы сөйлеу ақпаратын трансляциялауды;

      3) "Азаматтық қорғаныс туралы" Қазақстан Республикасы Заңының нормаларына сәйкес хабардар ету сигналдарын қамтамасыз етуі тиіс.

      82. Хабардар ету жүйесі бойынша адамдарды эвакуациялау:

      1) авариялық және күзеттік жарықтандыруды қосумен;

      2) эвакуациялық процесті қиындататын (өтетін жерлерде, тамбурларда, баспалдақ алаңдарында және басқа жерлерде адамдардың топталуы) дүрбелеңнің және басқа да көріністердің алдын алуға бағытталған арнайы әзірленген мәтіндерді берумен;

      3) эвакуациялау бағыттары мен жолдардың жарық нұсқағыштарын қосумен;

      4) қосымша эвакуациялық шығу есіктерін (мысалы, электр магниттік құлыптармен жабдықталған) қашықтан ашумен сүйемелденуі тиіс.

      83. Хабардар ету жүйелерінің коммуникацияларын объектінің радиотрансляциялау желісімен біріктіріп жобалауға жол беріледі.

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 3 сәуірдегі
№ 191 қаулысына
1-қосымша

Адамдар көп жиналатын объектілер

Р/с

Адамдар көп жиналатын объектілер

1-топ

1

2

3

1.

Сауда алаңы бар сауда объектілері

500-ден 2000 шаршы метрге дейін

2.

Қоғамдық тамақтандыру объектілері

100-ден 500-ге дейін отыратын орны бар

3.

Бір мезгілде көп адамның болу мүмкіндігі бар өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, көп адамның келуіне арналған немесе дайындалған концерт залдары

200-ден 1000 адамға дейін

4.

Бір мезгілде көп адамның болу мүмкіндігі бар өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, көп адамның келуіне арналған немесе дайындалған спорт құрылыстары

200-ден 5000 адамға дейін

5.

Бір мезгілде көп адамның болу мүмкіндігі бар өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, көп адамның келуіне арналған немесе дайындалған ойын-сауық құрылыстары

200-ден 5000 адамға дейін

6.

Бір мезгілде көп адамның болу мүмкіндігі бар өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, көп адамның келуіне арналған немесе дайындалған көлік құрылыстары (вокзалдар, бекеттер, порттар, әуеайлақтар, әуежайлар)

200 және одан артық адам

7.

Бір мезгілде көп адамның болу мүмкіндігі бар өзге де бұқаралық құрылыстар, (ғибадат үйлері, құрылыстары, мемлекеттік органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың, мемлекеттік қызметтер көрсететін жеке және заңды тұлғалардың, пошта желісі мен пайдаланушыларға қызмет көрсету объектілері)

200-ден 5000 адамға дейін

8.

Бір мезгілде көп адамның болу мүмкіндігі бар өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, көп адамның келуіне арналған немесе дайындалған білім беру ұйымдары

200-ден 3000 адамға дейін

9.

Бір мезгілде көп адамның болу мүмкіндігі бар өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, көп адамның келуіне арналған немесе дайындалған денсаулық сақтау ұйымдары

200-ден 2000 адамға дейін

10.

Бір мезгілде көп адамның болу мүмкіндігі бар өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, көп адамның келуіне арналған немесе дайындалған туристерді орналастыру орындары (қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, мейманханалар, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да ғимараттар мен құрылыстар)

200-ден 1000 адамға дейін

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 3 сәуірдегі
№ 191 қаулысына
2-қосымша

Адамдар көп жиналатын объектілер

Р/с

Адамдар көп жиналатын объектілер

2-топ

1

2

3

1.

Сауда алаңы бар сауда объектілері

2000 және одан да көп шаршы метр

2.

Қоғамдық тамақтандыру объектілері

500 және одан да көп отырғызатын орны бар

3.

Бір мезгілде көп адамның болу мүмкіндігі бар өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, көп адамның келуіне арналған немесе дайындалған концерт залдары

1000 және одан да көп адам

4.

Бір мезгілде көп адамның болу мүмкіндігі бар өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, көп адамның келуіне арналған немесе дайындалған спорт құрылыстары

5000 және одан да көп адам

5.

Бір мезгілде көп адамның болу мүмкіндігі бар өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, көп адамның келуіне арналған немесе дайындалған ойын-сауық құрылыстары

5000 және одан да көп адам

6.

Бір мезгілде көп адамның болу мүмкіндігі бар өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, көп адамның келуіне арналған немесе дайындалған көлік құрылыстары (вокзалдар, бекеттер, порттар, әуеайлақтар, әуежайлар)

200 және одан да көп адам

7.

Бір мезгілде көп адамның болу мүмкіндігі бар өзге де бұқаралық құрылыстар, (ғибадат үйлері, құрылыстары, мемлекеттік органдардың және ведомстволық бағынысты ұйымдардың, мемлекеттік қызмет көрсететін жеке және заңды тұлғалардың, пошта желісі мен пайдаланушыларға қызмет көрсету объектілері)

5000 және одан да көп адам

8.

Бір мезгілде көп адамның болу мүмкіндігі бар өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, көп адамның келуіне арналған немесе дайындалған білім беру ұйымдары

3000 және одан да көп адам

9.

Бір мезгілде көп адамның болу мүмкіндігі бар өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, көп адамның келуіне арналған немесе дайындалған денсаулық сақтау ұйымдары

2000 және одан да көп адам

10.

Бір мезгілде көп адамның болу мүмкіндігі бар өздеріне жапсарлас ашық аумақты қоса алғанда, көп адамның келуіне арналған немесе дайындалған туристерді орналастыру орындары (қонақ үйлер, мотельдер, кемпингтер, туристік базалар, мейманханалар, демалыс үйлері, пансионаттар және туристердің тұруы мен оларға қызмет көрсету үшін пайдаланылатын басқа да ғимараттар мен құрылыстар)

1000 және одан да көп адам