Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Акциялардың мемлекеттік пакеттеріне мемлекеттік меншіктің түрлері және ұйымдарға қатысудың мемлекеттік үлестері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 12 сәуірдегі № 405 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 13, 124-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген акцияларының мемлекеттік пакеттері мен қатысу үлестері республикалық меншікте қалатын акционерлік қоғамдар мен шаруашылық серіктестіктердің тізбесінде:
«Астана қаласы» деген бөлімде реттік нөмірлері 21-110 және 21-127-жолдар алып тасталсын;
«Алматы қаласы» деген бөлімде реттік нөмірлері 123-130 және 123-131-жолдар алып тасталсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов