Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 наурыздағы № 161 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 161 қаулысына    
қосымша        

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. «Бағалау қызметімен айналысу құқығына үміткер адамдардың біліктілік емтиханынан өту ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 15 сәуірдегі № 317 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 30, 233-құжат).
      2. «Азаматтық хал актілерін мемлекеттік тіркеу актісі кітаптарының нысандарын және осы кітаптардағы жазбалардың негізінде берілетін куәліктердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 498 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 44, 595-құжат).
      3. «Тағылымдамадан өткен және адвокаттық қызметпен айналысуға және нотариаттық қызметпен айналысу құқығына үміткер адамдарды аттестаттаудан өткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 22 мамырдағы № 653 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 51, № 697-құжат).
      4. «Адвокаттық және нотариаттық қызмет түрлерін лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 19 қарашадағы № 1460 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 79, 1173-құжат).
      5. «Мүлікті (зияткерлік меншік объектілерін, материалдық емес активтердің құнын қоспағанда) және зияткерлік меншікті, материалдық емес активтердің құнын бағалау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 1 ақпандағы № 81 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 14, 249-құжат).