РҚАО-ның ескертпесі!
Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
«2015 - 2017 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2014 жылғы 28 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабына және «Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау саласын дамытудың 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2010 жылғы 29 қарашадағы № 1113 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға 2015 жылға қаражат бөлінсін.
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен ағымдағы нысаналы трансферттерді аударуды қамтамасыз етсін.
3. Орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдар тоқсан сайын, есепті кезеңнен кейінгі айдың 5 күніне дейін Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың іске асырылу барысы туралы есеп берсін.
4. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі жартыжылдық қорытындылары бойынша, есепті кезеңнен кейінгі айдың 10 күніне қарай Қазақстан Республикасының Үкіметіне азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық және ведомствоаралық өзара іс-қимылдың іске асырылу барысы туралы ақпарат берсін.
5. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 19 наурыздағы
№ 149 қаулысына
қосымша
Азаматтардың денсаулығын сақтау мәселелері бойынша сектораралық
және ведомствоаралық өзара іс-қимылды іске асыруға
2015 жылға қаражат бөлу
Ескерту. Қосымшаға өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 16.07.2015 № 540 (01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Р/с |
Іс-шаралардың атауы |
Жауапты мемлекеттік органдар |
Сома, мың теңге |
1 |
2 |
3 |
4 |
5.1.1-мақсат. Қауіптің мінез-құлық факторларын бақылау профилактикасы және оны күшейтуге кешендік ұстаным арқылы саламатты өмір салтын қалыптастыру |
|||
1 |
Темекі шегудің, алкогольді шектен тыс тұтынудың және есірткі тұтынудың профилактикасы мен оларды емдеу бойынша ақпараттық-насихаттық баспа басылымдарын әзірлеп, басып шығару және көрнекті қоғам қайраткерлерін тарта отырып, телерадиохабарларын тарату арналарында науқандар мен жобалар өткізу |
МСМ |
103500 |
2 |
Спортты және саламатты өмір салтын насихаттау жөнінде әлеуметтік бейнероликтер жасау |
МСМ |
12000 |
3 |
Бұқаралық спорт түрлері бойынша жыл сайын салалық спартакиадалар ұйымдастыру және өткізу |
МСМ |
57200 |
4 |
Республикалық деңгейде денсаулық сақтау саласын дамыту мәселелеріне арналған мемлекеттік және орыс тілдерінде 2011 - 2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік телевизиялық бағдарламасын жасау |
ИДМ |
64500 |
5.1.2-мақсат. Халықтың дұрыс тамақтануын қамтамасыз ету және тамақтануға байланысты аурулардың профилактикасы |
|||
5 |
Дұрыс тамақтану мәселелері бойынша ақпараттық-насихаттау науқанын жүргізу |
ДСӘДМ |
12600 |
6 |
Халықтың дұрыс тамақтану дағдыларын және тамақ өнімдерінің қауіпсіздігін қалыптастыру |
ДСӘДМ |
50000 |
7 |
Дұрыс тамақтану мәселелері бойынша бейне және аудиороликтер шығару |
ИДМ |
2220 |
5.1.4-мақсат. Жол-көлік жарақаттанушылығы және одан болатын өлімді төмендету |
|||
8 |
Жол қауіпсіздігі проблемалары бойынша қоғамдық пікірге мониторинг жүргізу |
ІІМ |
3000 |
9 |
Жол қозғалысы қауіпсіздігі мәселелері бойынша әлеуметтік роликтер дайындау және орталық, республикалық телеарналарда олардың прокатын қамтамасыз ету |
ІІМ |
28800 |
10 |
Жол қозғалысы қауіпсіздігінің өзекті мәселелері бойынша республикалық телеарнада мамандандырылған бағдарлама әзірлеу |
ІІМ |
16700 |
11 |
Жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету проблемалары бойынша буклеттер, ақпараттық материалдар шығару |
ІІМ |
9900 |
5.1.5-мақсат. Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендер арасындағы қайтымсыз шығындарды төмендету |
|||
12 |
Трассада шұғыл медициналық-құтқару көмегін көрсету бойынша 40 трассалық пункттің жұмыс істеуі |
ІІМ |
1109692 |
13 |
Санитариялық тікұшақтарды пайдалануды қамтамасыз ету үшін 2 ангар сатып алу |
ІІМ |
59360 |
5.1.6-мақсат. Пенитенциарлық жүйеде туберкулезбен және АИТВ/ЖИТС-пен сырқаттанушылықтың және одан болатын өлім деңгейін төмендету |
|||
14 |
АИТВ/ЖИТС мәселелері бойынша жұмыс істейтін ҮЕҰ әлеуетін арттыру, мемлекеттік және үкіметтік емес ұйымдар арасындағы өзара іс-қимылды нығайту |
ДСӘДМ |
7700 |
15 |
Қамауда ұстау орындарында АИТВ инфекциясының профилактикасы бағдарламасын іске асыру және бас бостандығынан айыру орындарынан босатылатын адамдарға әлеуметтік қолдау көрсету бағдарламаларын енгізу. Бас бостандығынан айыру орындарында АИТВ/ЖИТС-ке қарсы күрес үшін ҮЕҰ әлеуетін дамыту* |
ДСӘДМ |
41771 |
оның ішінде: |
|||
Ақмола облысы |
3060 |
||
Ақтөбе облысы |
1938 |
||
Алматы облысы |
2824 |
||
Атырау облысы |
895 |
||
Шығыс Қазақстан облысы |
6497 |
||
Жамбыл облысы |
2661 |
||
Батыс Қазақстан облысы |
1205 |
||
Қарағанды облысы |
5601 |
||
Қостанай облысы |
3066 |
||
Қызылорда облысы |
1008 |
||
Маңғыстау облысы |
1315 |
||
Павлодар облысы |
3336 |
||
Солтүстік Қазақстан облысы |
2415 |
||
Оңтүстік Қазақстан облысы |
2644 |
||
Алматы қаласы |
1002 |
||
Астана қаласы |
2304 |
||
Барлығы |
1578943 |
---|
Ескертпе:
* Бас бостандығынан айыру орындарындағы адамдар мен одан босап шыққан адамдар арасында АИТВ инфекциясының профилактикасы жөніндегі іс-шараларды және қызметтерді сатып алуды облыстардың, Астана және Алматы қалаларының жергілікті уәкілетті денсаулық сақтау органдары Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырады.
Аббревиатуралардың толық жазылуы:
ІІМ - Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі
ДСӘДМ - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігі
МСМ — Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі
ҰЭМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
ИДМ - Қазақстан Республикасы инвестициялар және даму министрлігі
ҮЕҰ - үкіметтік емес ұйымдар