Астана қаласындағы «ЕХРО-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесінің объектілері мен инфрақұрылымын салуға инвестициялар тарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Тіркелген тарифтерді бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 маусымдағы № 645 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 40-41, 390-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген жаңартылатын энергия көздерін пайдалану жөніндегі объектілер өндіретін электр энергиясын жеткізуге тіркелген тарифтерде:
реттік нөмірі 1-жол мынадай редакцияда жазылсын:
«
1 |
Жел энергиясын түрлендіру үшін қуаты 100 МВт «Астана ЕХРО-2017» жел электр станциясының жобасы үшін тіркелген тарифті қоспағанда, жел электр станциялары |
22,68 |
»;
мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 1-1-жолмен толықтырылсын
«
1-1 |
Жел энергиясын түрлендіру үшін қуаты 100 МВт «Астана ЕХРО-2017» жел электр станциясы |
59,7 |
».
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов