Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкаларын бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 10 шілдедегі № 1055 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 32, 303-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін төлемақының жылдық ставкалары осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2015 жылғы 10 наурыздағы
№ 121 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2009 жылғы 10 шілдедегі
№ 1055 қаулысымен
бекітілген
Қалааралық және (немесе) халықаралық
телефон байланысын, сондай-ақ ұялы байланысты ұсынғаны үшін
төлемақының 2014 - 2016 жылдарға арналған жылдық ставкалары
Төлеушілер |
Төлемақының жылдық ставкалары, % |
Қалааралық және (немесе) халықаралық телефон байланысының операторлары |
1,3992 |
Ұялы байланыс операторлары |
1,3992 |