Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 101 қаулысы

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» және «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындары Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің қарамағына берілсін.
      2. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті кәсіпорындарға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасайтын уәкілетті орган болып белгіленсін.
      3. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі осы қаулының 1-тармағында көрсетілген кәсіпорындар қызметін «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 219-бабының 4-тармағына сәйкес келтіру жөнінде шаралар қабылдасын.
      4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғам акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқықтарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне беруді және осы қаулыдан туындайтын өзге де шаралар қабылдауды қамтамасыз етсін.
      5. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 101 қаулысымен 
бекітілген    

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне
енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Республикалық меншiктегi ұйымдар акцияларының мемлекеттiк пакеттерi мен мемлекеттiк үлестерiне иелiк ету және пайдалану жөнiндегi құқықтарды беру туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1999 жылғы 27 мамырдағы № 659 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген иелiк ету және пайдалану құқығы салалық министрлiктерге және өзге де мемлекеттiк органдарға берiлетiн республикалық меншiк ұйымдарындағы акциялардың мемлекеттiк пакеттерiнiң және қатысудың мемлекеттiк үлестерiнiң тiзбесiнде:
      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитеті» деген бөлімдегі реттік нөмірі 222-39-2-жол алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті
      222-41 «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» АҚ».
      2. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы
28 қазандағы № 1111 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы,
2004 ж., № 40, 522-құжат):
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі туралы ережеде:
      16-тармақта:
      орталық аппараттың функцияларында:
      10) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «10) медициналық, фармацевтикалық және әскери білім берудің, мәдениет, өнер және спорт саласындағы білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарын келісу;»;
      15) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «15) балалар музыка мектептерінің, балалар көркемөнер мектептерінің және балалар өнер мектептерінің үлгілілік оқу жоспарлары мен бағдарламаларын келісу;»;
      22) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «22) оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысқа басшылықты және олардың жүргізілуін үйлестіруді жүзеге асыру, оқу-әдістемелік және ғылыми-әдістемелік жұмысты ұйымдастыру және жүзеге асыру қағидаларын, оқытудың кредиттік технологиясы бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын бекіту және қашықтықтан білім беру технологиялары бойынша оқу процесін ұйымдастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
      32) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «32 жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы мен ғылыми қызметкерлерінің лауазымдарын конкурстық алмастыру қағидаларын әзірлеу және бекіту;»;
      46) және 47) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      «46) білім алушыларды білім беру ұйымдарының үлгілері бойынша ауыстыру және қайта қабылдау қағидаларын әзірлеу және бекіту;
      «47) білім беру ұйымдарында білім алушыларға академиялық демалыстар беру тәртібін әзірлеу және бекіту;»;
      87) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «87) білім беру саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарын әзірлеу және бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы 87-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «87-1) әлеуметтік қызметкерлерге қойылатын біліктілік талаптары мен оларды аттестаттау тәртібін әзірлеу және халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен келісу бойынша бекіту;»;
      94) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      «94) жеке және заңды тұлғалармен, халықты әлеуметтік қорғау және денсаулық сақтау саласындағы уәкілетті органмен және басқа да мемлекеттік органдармен арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету мәселелері бойынша өзара іс-қимыл жасауды жүзеге асыру;»;
      103) және 105) тармақшалар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 105-1) және 105-2) тармақшалармен толықтырылсын:
      «105-1) лицензиарларды, лицензия беруді келісуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеу және оларды рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу;
      105-2) лицензияланатын қызмет түрлеріне қойылатын біліктілік талаптары мен оларға сәйкестікті растайтын құжаттар тізбесін бекіту туралы нормативтік құқықтық актілерді әзірлеу, оларды рұқсаттар және хабарламалар саласындағы уәкілетті органмен және ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органмен келісу және бекіту;»;
      мынадай мазмұндағы 127-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «127-1) ғылыми, ғылыми-техникалық жобаларды, бағдарламаларды және олардың орындалуы жөніндегі есептерді мемлекеттік есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу қағидаларын әзірлеу және бекіту»;»;
      мынадай мазмұндағы 132), 133), 134), 135), 136), 137), 138), 139), 140), 141), 142), 143), 144), 145) тармақшалармен толықтырылсын:
      «132) мемлекеттік және бюджеттік жоспарлау жөніндегі орталық уәкілетті органдармен келісу бойынша Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің стратегиялық жоспарын бекіту;
      133) «Алтын белгі» белгісі туралы ережені бекіту;
      134) «Жоғарғы оқу орнының үздік оқытушысы» және «Үздік педагог» атақтарын беру қағидаларын бекіту;
      135) «Орта білім беретін үздік ұйым» грантын беру тәртібін және оның мөлшерін белгілей отырып, оны беруге арналған конкурсты өткізу қағидаларын бекіту;
      136) қатысушы банк пен салымшы арасындағы білім беру жинақтау салымы туралы үлгілік шартты әзірлеу және бекіту;
      137) қатысушы банк пен оператор арасындағы немесе оператор мен білім беру ұйымы арасындағы Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі саласындағы ынтымақтастық туралы үлгілік келісімді бекіту;
      138) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға беру туралы рұқсат беру мүмкіндігі туралы қорытынды беретін комиссия қызметінің қағидаларын және құрамын бекіту;
      139) бала асырап алуға тілек білдірген адамдарды есепке алу қағидаларын бекіту;
      140) Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын балаларды асырап алуға тілек білдірген шетелдіктерді есепке алу қағидаларын бекіту;
      141) бала асырап алу жөніндегі агенттіктерді аккредиттеу қағидаларын бекіту;
      142) жетім балаларды, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларды есепке алуды ұйымдастыру және олар туралы ақпаратқа қол жеткізу қағидаларын бекіту;
      143) патронаттық тәрбие туралы ережені бекіту;
      144) орталық және жергілікті атқарушы органдардың білім және ғылым саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі қызметін үйлестіруді жүзеге асыру;
      145) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің өкілеттіктеріне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдардың қызметін бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асыру;»;
      ведомстволардың функцияларында:
      мынадай мазмұндағы 1-1), 1-2), 1-3), 1-4), 1-5), 1-6) және 1-7) тармақшалармен толықтырылсын:
      «1-1) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламаларды қабылдауды жүзеге асырады;
      1-2) мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарлама берген білім беру ұйымдарының тізілімін жүргізеді;
      1-3) білім беру ұйымын Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларда мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметті жүзеге асырудың басталғаны немесе тоқтатылғаны туралы хабарламалардың тізілімінен алып тастайды;
      1-4) Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген тәртіппен қызметін хабарлама жасау тәртібінде жүзеге асыратын білім беру ұйымының қызметін тоқтата тұрады;
      1-5) мемлекеттік құпияларды және заңмен қорғалатын өзге де құпияны құрайтын ақпаратты қоспағанда, рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік электрондық тізілімін жүргізеді;
      1-6) рұқсат беру рәсімдерін және лицензиялауды рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы оның жұмыс істеу қағидаларына сәйкес электрондық түрде жүзеге асырады;
      1-7) өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарында, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларында белгіленген талаптарды сақтауын тексереді;»;
      мынадай мазмұндағы 46-3) тармақшамен толықтырылсын:
      «46-3) балалардың құқықтарын қорғау мен заңды мүдделерін сақтау саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді;»;
      мынадай мазмұндағы 76-1) тармақшамен толықтырылсын:
      «76-1) ведомствоның құзыретіне жататын мәселелер бойынша орталық және жергілікті атқарушы органдар қызметіне бақылау және қадағалау функцияларын жүзеге асырады»;»;
      2) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi жаңа редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
      1. «Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      2. «Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      3. «Қ.И. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      4. «Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      5. «Қазақ ұлттық аграрлық университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      6. «Ш. Есенов атындағы Каспий мемлекеттік технологиялар және инжиниринг университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      7. «Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      8. «Халел Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      9. «Атырау мұнай және газ институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      10. «Сәрсен Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      11. «Д. Серiкбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      12. «Ілияс Жансүгiров атындағы Жетісу мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      13. «Махамбет Өтемiсов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      14. «Жәңгiр хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      15. «Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      16. «Академик Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      17. «Қарағанды мемлекеттік техникалық университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      18. «Ш. Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      19. «А. Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      20. «Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      21. «Қорқыт ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      22. «С. Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      23. «Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      24. «Рудный индустриялық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      25. «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      26. «М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      27. «Тараз мемлекеттік педагогикалық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      28. «М. Әуезов атындағы Оңтүстiк Қазақстан мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      29. «Рымбек Байсейітов атындағы Семей қаржы-экономикалық колледжi» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      30. «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      31. «Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесi орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      32. «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық, білім беру және сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      33. «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      34. «Болон процесі және академиялық ұтқырлық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      35. «Мұнай-газ саласы үшiн техникалық және қызмет көрсететiн еңбек кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсiптiк орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      36. «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      37. «Отын-энергетика саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегі кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      38. «Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім беру академиясы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      39. «Қайта өңдеу саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      40. «Машина жасау саласына арналған техникалық және қызмет көрсету еңбегінің кадрларын даярлау және қайта даярлау жөніндегі өңіраралық кәсіптік орталық» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      41. «Қарағанды мемлекеттік индустриялық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      42. «Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      43. «Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетi» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      44. «Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      45. «Халықаралық бағдарламалар орталығы» акционерлік қоғамы.
      46. «Қаржы орталығы» акционерлік қоғамы.
      47. «Парасат» ұлттық ғылыми-технологиялық холдингі» акционерлік қоғамы.
      48. «Кәсіпқор» холдингі» акционерлік қоғамы.
      49. «Ақпараттық-талдау орталығы» акционерлік қоғамы.
      50. «Сәкен Сейфуллин атындағы Қазақ агротехникалық университеті» акционерлік қоғамы.
      51. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы.
      52. «Республикалық техникалық және кәсіптік білім беруді дамытудың және біліктілікті берудің ғылыми-әдістемелік орталығы» акционерлік қоғамы.
      53. «Технологияларды коммерцияландыру орталығы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.»;
      3) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және оның ведомстволарының қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тiзбесiнде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің қарамағындағы мемлекеттік мекемелердің тiзбесi»;
      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі» деген бөлімнің тақырыбы алып тасталсын;
      4) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi мынадай редакцияда жазылсын:
      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
      1. «Математика және математикалық модельдеу институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      2. «Ұлттық биотехнология орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      3. «Экономика институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      4. «А. Байтұрсынов атындағы Тiл бiлiмi институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      5. «М.О. Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      6. «Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      7. «Философия, саясаттану және дінтану институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      8. «Ә.Х. Марғұлан атындағы Археология институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      9. «Р.Б. Сүлейменов атындағы Шығыстану институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      10. «Ғылым ордасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      11. «Қолданбалы математика институты» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      12. «Биологиялық қауіпсіздік проблемаларының ғылыми-зерттеу институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      13. «Өсімдіктердің биологиясы және биотехнологиясы институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      14. «Микробиология және вирусология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      15. «Жалпы генетика және цитология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      16. «Биологиялық бақылау, сертификаттау және клиника алдындағы зерттеулер орталық зертханасы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      17. «Алтай ботаникалық бағы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      18. «Маңғыстау эксперименталдық ботаникалық бағы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      19. «Зоология институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      20. «Адам және жануарлар физиологиясы институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      21. «М.А. Айтхожин атындағы Молекулярлық биология және биохимия институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      22. «Ботаника және фитоинтродукция институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      23. «Микроорганизмдердің республикалық коллекциясы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      24. «Академик Ө.А. Жолдасбеков атындағы Механика және машинатану институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      25. «Ақпараттық және есептеуіш технологиялар институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      26. «Жану проблемалары институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      27. «Орман питомнигi» акционерлік қоғамы.
      28. «Түркі академиясы» акционерлік қоғамы.
      29. «Сейсмологиялық бақылау және зерттеу ұлттық орталығы» акционерлік қоғамы.
      30. «Ғылым қоры» акционерлік қоғамы.».
      5) мынадай мазмұндағы бөліммен толықтырылсын:
      «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тiзбесi
      1. «Ұлттық тестілеу орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      2. «Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      3. «Мемлекеттік ұлттық ғылыми-техникалық сараптама орталығы» акционерлік қоғамы.».
      3. «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кейбір мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2006 жылғы 21 шілдедегі № 700 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2006 ж., № 27, 290 құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ғылым комитетінің қарамағындағы ұйымдардың тізбесінде:
      «3. Акционерлік қоғамдар» деген бөлімдегі реттік нөмірі 23-жол алып тасталсын.
      4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 28.08.2015 № 683 қаулысымен.