"Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 781 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 26 ақпандағы № 90 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша ұсыныстар әзірлеу үшін комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 5 тамыздағы № 781 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      1-тармақта:
      мына:
      «Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі;»;
      «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары;» деген жолдар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы жолдармен толықтырылсын:
      «ҚазАгроИнновация» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша);»;
      «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы ғылымдары академиясы» республикалық қоғамдық бірлестігінің президенті (келісім бойынша);»;
      «Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының төрағасы (келісім бойынша).».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                      К.Мәсімов