Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы" 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 және "Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың, олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы" 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулыларына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 63 қаулысы

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2015 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) «Жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттерін бекітудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 15 желтоқсандағы № 1324 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 49, 627-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жергілікті атқарушы органдардың штат санының лимиттері және облыстардың, Алматы және Астана қалаларының, аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) әкімдері орынбасарларының шекті санында:
      «Барлығы, штат саны* (бірлік)» деген 2-бағанда:
      «Ақмола» деген жолдағы «3390» деген сандар «3391» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Ақтөбе» деген жолдағы «2554» деген сандар «2555» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Алматы» деген жолдағы «4144» деген сандар «4145» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Атырау» деген жолдағы «1654» деген сандар «1655» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Шығыс Қазақстан» деген жолдағы «4191» деген сандар «4194» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Жамбыл» деген жолдағы «2745» деген сандар «2747» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Батыс Қазақстан» деген жолдағы «2406» деген сандар «2407» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қарағанды» деген жолдағы «3634» деген сандар «3637» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қостанай» деген жолдағы «3642» деген сандар «3644» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қызылорда» деген жолдағы «1994» деген сандар «1995» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Маңғыстау» деген жолдағы «1284» деген сандар «1285» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Павлодар» деген жолдағы «2926» деген сандар «2929» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Солтүстік Қазақстан» деген жолдағы «2791» деген сандар «2792» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Оңтүстік Қазақстан» деген жолдағы «4570» деген сандар «4573» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Алматы қаласы» деген жолдағы «1485» деген сандар «1491» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Астана қаласы» деген жолдағы «892» деген сандар «896» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Жиыны:» деген жолдағы «44302» деген сандар «44336» деген сандармен ауыстырылсын.
      2) «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың, олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      «Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрлігі оның аумақтық органдарын және оған ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелерді ескере отырып, оның ішінде:» деген реттік нөмірі 5-жолдың 3-бағанындағы «2796» деген сандар «2762» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 наурыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов