Өндірілуі, өңделуі, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға жататын улардың тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 59 қаулысы

Қолданыстағы

      «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Қоса беріліп отырған өндірілуі, өңделуі, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға жататын улардың тізбесі бекітілсін.
      2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) «Өндірілуі, өңделуі, тасымалдануы, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы, пайдалануы және жойылуы лицензиялануға тиіс улардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 маусымдағы № 493 (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 220-құжат);
      2) «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 маусымдағы № 493 және 2008 жылғы 5 ақпандағы № 104 қаулыларына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 15 сәуірдегі № 418 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 33, 402-құжат).
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2015 жылғы 16 ақпандағы
№ 59 қаулысымен    
бекітілген      

Өндірілуі, өңделуі, сатып алынуы, сақталуы, сатылуы,
пайдаланылуы және жойылуы лицензиялануға жататын улардың тізбесі

А тізімі

      1. Амитон: О, О-диэтил-S-[2-диэтиламино)этил] тиофосфат және тиісті алкилденген немесе протондалған тұздар
      2. 1,1,3,3,3-пентафтор-2-(трифторметил)-1-пропен
      3. 3-хинуклидинилбензилат
      4. Құрамында бір метилді, этилді немесе пропильді (қалыпты немесе изо-) топ байланысқан фосфор атомы бар, бірақ көміртегінің басқа атомдары жоқ химикаттар, мысалы, метилфосфонилдихлорид, диметилметилфосфонат (фонофос: О-этил S-фенилэтилфосфонитиолтионат жатпайды)
      5. N,N-диалкил (Ме, Еt, n-Рr немесе і-Рr) амидогалоидфосфаттар
      6. Диалкил (Ме, Еt, n-Рr немесе і-Рr) N,N, М-диалкил (Ме, Кt, n-Рr немесе і-Рr) амидофосфаттар
      7. Үш хлорлы тотияйын
      8. 2,2-дифенил-2-тотық сілтілі қышқыл
      9. Хинуклидин-3-ол
      10. N,N-диалкил (Ме, Еt, n-Рr немесе і-Рr) аминоэтил-2-хлоридтер және тиісті протондалған тұздар
      11. N,N-диалкил (Ме, Еt, n-Рr немесе і-Рr) аминоэтан-2-олдар және тиісті протондалған тұздар (N,N-диметиламиноэтанол және тиісті протондалған тұздар, N,N-диэтиламиноэтанол және тиісті протондалған тұздар жатпайды)
      12. N,N-диалкил (Ме, Еt, n-Рr немесе і-Рr) аминоэтан-2-тиолдар және тиісті протондалған тұздар
      13. Тиодигликоль: бис(2-гидроксиэтил) сульфид
      14. Пинаколилді спирт: 3,3-диметилбутан-2-ол
      15. Фосген: көмір қышқылының дихлоангидриді
      16. Цианидті сутек
      17. Хлорпикрин: трихлорнитрометан
      18. Фосфордың хлорлы қышқылы
      19. Үшхлорлы фосфор
      20. Бесхлорлы фосфор
      21. Үшметилфосфит
      22. Үшэтилфосфит
      23. Диметилфосфит
      24. Диэтилфосфит
      25. Монохлорлы күкірт
      26. Қосхлорлы тионил
      27. Хлорлы тионил
      28. Этилдиэтаноламин
      29. Метилдиэтаноламин
      30. Үшэтаноламин
      31. Этилдиэтаноламин
      32. О,О-диэтил-фосфоротиоат
      33. О,О-диэтил-фосфородитиоат
      34. Натрий гексафторосиликаты
      35. Метилфосфонотионды дихлорид

В тізімі

      1. Аконитин
      2. Амизил
      3. Гиосциамин негізі
      4. Гиосциамин камфораты
      5. Гиосциамин сульфаты
      6. Глифтор
      7. Меркаптофос
      8. Метил спирті
      9. Тотияйын тәрізді ангидрид
      10. Тотияйынды ангидрид
      11. Арсенат натрийі
      12. Дийодид сынаптары
      13. Дихлорид сынаптары
      14. Оксицианид сынаптары
      15. Салицилат сынаптары
      16. Гидробромид скополамині
      17. Нитрат стрихнині
      18. Итжидек алкалоидтарының жиынтығы
      19. Тетракарбонил никелі
      20. Фенол
      21. Мырыш фосфиді
      22. Сары фосфор
      23. О-хлорбензилиденмалонодинитрил
      24. Натрий, калий, мыс, мырыш, күміс, кадмий, сынап, кальций, барий, хлор цианидтері
      25. Цианид балқытпасы
      26. Циклон
      27. Цинхонин
      28. Чилибухи алкалоидтарының жиынтығы
      29. Этилмеркурфосфат
      30. Этилмеркурхлорид
      31. Жылан уы
      32. Ара уы
      33. Диметилметилфосфонат
      34. Метилфосфонилдифторид
      35. Метилфосфонилдихлорид
      36. 3-гидроокси-1-метилпиперидин
      37. N,N-диизопропил-2-аминоэтил хлорид
      38. 2-диизопропиламиноэтантиол
      39. Калий, натрий, күміс фторидтері
      40. 2-хлорэтанол
      41. Диметиламин
      42. Диэтилэтилфосфонат
      43. Диэтил-N, N-диметиламидофосфат
      44. Диметиламин гидрохлорид
      45. Этилдихлорфосфонит
      46. Этилдихлорфосфонат
      47. Этилдифторфосфонат
      48. Фторлы сутек
      49. Метилбензилат
      50. Метилдихлорфосфонит
      51. 2-диизопропиламиноэтанол
      52. Пинаколинді спирт
      53. О-этил-О-(2-диизопропиламиноэтил) метилфосфонит
      54. Диэтилметилфосфонит
      55. Диметилэтилфосфонат
      56. Этилдифторфосфонит
      57. Метилдифторфосфонит
      58. 3-Хинуклидин
      59. Бесфторлы фосфор
      60. Пинаколин
      61. Калий және натрий бифторидтері
      62. Фосфордың пентасульфиді
      63. Диизопропиламин
      64. Диэтиламиноэтанол
      65. Натрий сульфиді
      66. Үшэтаноламиногирохлорид
      67. N,N-диизопропил-2-аминоэтилхлорид гидрохлорид
      68. Бромбензилцианид
      69. Фенацилхлорид (п-хлорацетофенон)
      70. Дибензол (1,4) оксазепин

      Ескертпе:
      А тізіміне қатысты Химиялық қаруды әзірлеуге, өндіруге, жинақтау мен қолдануға тыйым салу және оны жою туралы конвенцияға қатысушы мемлекет қабылдаған міндеттемелерді және «Химиялық қаруды әзірлеуге, өндіруге, жинақтау мен қолдануға тыйым салу және оны жою туралы конвенцияны бекіту туралы» 1999 жылғы 24 маусымдағы № 398 Қазақстан Республикасының Заңын ұстану қажет.