"Бiлiм беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 536 қаулысының күші жойылды деп тану туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 10 ақпандағы № 50 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Білім беру мониторингін жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 27 сәуірдегі № 536 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 46, 619-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов