Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындауға лицензия беру жөніндегі лицензиар мен техникалық реттеу және метрология саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті органды белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 21 қаңтардағы № 12 қаулысы

Қолданыстағы

      «Рұқсаттамалар және хабарламалар туралы» 2014 жылғы 16 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 2), 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті:
      1) Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті жүзеге асыру жөніндегі лицензиар;
      2) осы қаулыға қосымшаға сәйкес техникалық реттеу және метрология саласындағы екінші санаттағы рұқсаттарды беруге уәкілетті орган болып белгіленсін.
      2. «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туын және Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Елтаңбасын дайындау жөніндегі қызметті лицензиялаудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 14 желтоқсандағы № 1598 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 4, 67-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы 
Үкіметінің       
2015 жылғы 21 қаңтардағы
№ 12 қаулысына    
қосымша        

Техникалық реттеу және метрология саласындағы екінші санаттағы рұқсаттар

Р/с№

Рұқсат беру рәсімінің атауы

Рұқсаттың және жүзеге асыру үшін рұқсаттың болуы талап етілетін қызмет (әрекет) түрінің атауы

1

2

3

3-сынып – «біржолғы рұқсаттар»

1.

Метрологиялық бақылау саласындағы өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттау

Өлшемдерді орындау әдістемесін метрологиялық аттестаттау туралы куәлік

2.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік өлшемдер жүйесі тізілімінде Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының елдерінде әзірленген және аттестатталған өлшемдерді орындау әдістемесін тіркеу

Тіркеу нөмірлерімен өлшемдерді орындау әдістемесінің мұқаба парақтарындағы мөртабан таңбасы

3.

Өлшем бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі тізілімінде өлшем құралдарын салыстырып тексеру әдістемесін тіркеу

Тіркеу нөмірі

5-сынып – «жеке тұлғаларға кәсіптік қызмет үшін берілетін рұқсаттар»

4.

Техникалық реттеу саласындағы сарапшы-аудитор аттестатын беру (сәйкестікті растау, тауар шығарылған елді анықтау, аккредиттеу бойынша)

Техникалық реттеу саласындағы сарапшы-аудитор аттестаты (сәйкестікті растау, тауар шығарылған елді анықтау, аккредиттеу бойынша)

6-сынып – «өнімге берілетін рұқсаттар»

5.

Өлшем құралдарының үлгісін бекіту туралы сертификат беру

Өлшем құралдарының үлгісін бекіту туралы сертификат

6.

Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат беру

Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификат

7.

Өлшем құралдарын метрологиялық аттестаттау туралы сертификатты тіркеу

Шетел сертификатындағы тіркеу нөмірінің бедері

8.

Өлшем құралдарының үлгісін бекітуді тану туралы сертификат беру

Өлшем құралдарының үлгісін бекітуді тану туралы сертификат

9.

Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға рұқсат ету

Шетелде шығарылған стандарттық үлгіні қолдануға куәлік беру

10.

Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту

Мемлекеттік стандарттық үлгіні бекіту туралы сертификат