"Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1396 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2023 жылғы 29 тамыздағы № 733 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.08.2023 № 733 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. "Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 ақпандағы № 129 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 9, 84-құжат) мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Әскери қызметшілерге, арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының, мемлекеттік фельдъегерлік қызмет қызметкерлеріне, сондай-ақ әскери немесе арнайы атақтар, сыныптық шендер алу және нысанды киім киіп жүру құқықтары 2012 жылғы 1 қаңтардан бастап жойылған адамдарға еңбек сіңірген жылдарын есептеу қағидаларында:

      4-тармақтың 4) тармақшасында:

      он үшінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:

      "шекаралық заставалардағы, бекеттердегі, комендатуралардағы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттеріндегі, маневрлік бөлімшелердегі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасын күзету бойынша қызмет өткеретін корабльдердегі және катерлердегі, ал Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы бекітетін тізбе бойынша Шекара қызметінің басқа да бөлімшелеріндегі - 1976 жылғы 1 қаңтардан бастап, ал көрсетілген күнге дейін - бұрынғы КСРО-ның мемлекеттік шекарасында орналасқан заставалардағы, комендатуралардағы және оларға теңестірілген шекара әскерлерінің бөлімшелеріндегі, саптағы және мемлекеттік шекараны күзетуді тікелей атқарған шекаралық теңіз корабльдері мен катерлеріндегі, егер зейнетақы үшін еңбек сіңірген жылдарын есептеу кезінде осы жерлердегі қызметін есептеудің анағұрлым жеңілдік шарттары белгіленбесе;";

      мынадай мазмұндағы отыз бірінші абзацпен толықтырылсын:

      "2015 жылғы 1 қаңтардан бастап Қазақстан Республикасы ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторларындағы қызмет;".

      2. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов