Қазақстан Республикасының күшіне енген, сондай-ақ уақытша қолданылатын халықаралық шарттарын жариялауға арналған интернет-ресурсты айқындау және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы" 2007 жылғы 13 шілдедегі № 598 және "Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту туралы" 2007 жылғы 3 қазандағы № 891 қаулыларына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 желтоқсандағы № 1386 қаулысы

Қолданыстағы

      «Қазақстан Республикасының халықаралық шарттары туралы» 2005 жылғы 30 мамырдағы Қазақстан Республикасының Заңы 24-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының күшіне енген, сондай-ақ уақытша қолданылатын халықаралық шарттарын жариялауға арналған интернет-ресурс ретінде Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің интернет- ресурсы айқындалсын.
      2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін:
      1) «Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 13 шілдедегі № 598 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Электрондық ақпараттық ресурстарды мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастыру ережесінде:
      2-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «6) статикалық ақпарат - мемлекеттік органның ішкі және сыртқы қызметін бейнелейтін, тұрақты (анықтамалық) сипатқа ие ақпарат (нормативтік құқықтық актілер, халықаралық шарттар, мемлекеттік органның құрылымы, ережесі және басқалар);»;
      2) мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 3 қазандағы № 891 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 36, 411-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік органдардың интернет-ресурстарына орналастырылатын мемлекеттік органдар туралы электрондық ақпараттық ресурстардың тізбесінде:
      реттік нөмірі 7-жолдың үшінші бағаны мынадай мазмұндағы 3-тармақпен толықтырылсын:
      «3. Қазақстан Республикасының күшіне енген, сондай-ақ уақытша қолданылатын халықаралық шарттарының мәтіндері (тек Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі үшін).».
      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьр-Министр                                       К. Мәсімов