Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы кейбір республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындарды қайта ұйымдастыру және Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері" туралы 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 және "Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы" 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулыларына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 1384 қаулысы

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Осы қаулыға 1-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорындар бірігу және қайта құру жолымен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Жылжымайтын мүлік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны (бұдан әрі - кәсіпорын) болып қайта ұйымдастырылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі кәсіпорынға қатысты мемлекеттік басқарудың тиісті саласына (аясына) басшылық жасау жөніндегі уәкілетті орган болып белгіленсін.
      3. Жылжымайтын мүлікке мемлекеттік техникалық байқап тексеруді жүзеге асыру кәсіпорын қызметінің негізгі нысанасы болып белгіленсін.
      4. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетіне кәсіпорынның жарғысын бекітуге енгізсін;
      2) әділет органдарында кәсіпорынның мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
      3) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      5. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      1) «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 28 қазандағы № 1120 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 41, 532-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі туралы ережеде:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Министрліктің қарамағындағы ұйымдардың тізбесі осы қаулыға 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      2) «Республикалық мемлекеттік меншіктің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 11 маусымдағы № 483 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2007 ж., № 19, 214-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген жалпы мемлекеттік міндеттерді орындау үшін қажетті республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігі» бөлімде:
      реттік нөмірлері 189, 190, 191, 192, 193, 194, 195, 196, 197, 198, 199, 200, 201, 202, 203 және 204-жолдар алып тасталсын;
      мынадай мазмұндағы 222-1-тармақпен толықтырылсын:
      «222-1. «Жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны».
      6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы   
Үкіметінің         
2014 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1384 қаулысына     
1-қосымша         

Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің қарамағындағы
қайта ұйымдастырылатын республикалық мемлекеттік қазыналық
кәсіпорындардың тізбесі

      1. «Астана қаласы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      2. «Алматы қаласы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      3. «Алматы облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      4. «Ақтөбе облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      5. «Атырау облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      6. «Шығыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      7. «Жамбыл облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      8. «Батыс Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      9. «Қарағанды облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      10. «Қостанай облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      11. «Қызылорда облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      12. «Маңғыстау облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      13. «Павлодар облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      14. «Солтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      15. «Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.
      16. «Ақмола облысы бойынша жылжымайтын мүлік орталығы» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны.

Қазақстан Республикасы  
Үкіметінің        
2014 жылғы 26 желтоқсандағы
№ 1384 қаулысына    
2-қосымша       

Министрліктің қарамағындағы ұйымдардын тізбесі

      1. «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      2. «Заң» медиа-корпорациясы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі.
      3. «Ұлттық зияткерлік меншік институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.
      4. «Жылжымайтын мүлік орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорны.