"2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 желтоқсандағы № 1375 қаулысы

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «2014 - 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 қаулысына мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулыға 1-қосымшада:
      «III. Нысаналы даму трансферттері» деген бөлімде:
      «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық» деген 7-функционалдық топта:
      243 «Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі» деген әкімші бойынша:
      023 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымды жобалауға, дамытуға, жайластыруға және (немесе) сатып алуға берілетін нысаналы даму трансферттері» деген бағдарламада:
      «2014 жыл» деген бағанда:
      «Шығыс Қазақстан облысы» деген жолдағы «2 588 402» деген сандар «2 296 006» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Батыс Қазақстан облысы» деген жолдағы «2 668 740» деген сандар «2 942 932» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қарағанды облысы» деген жолдағы «2 974 859» деген сандар «2 856 513» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қостанай облысы» деген жолдағы «2 328 643» деген сандар «2 184 192» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қызылорда облысы» деген жолдағы «1 826 271» деген сандар «2 107 272» деген сандармен ауыстырылсын;
      024 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне коммуналдық тұрғын үй қорының тұрғын үйін жобалауға, салуға және (немесе) сатып алуға берілетін нысаналы даму трансферттері» деген бағдарламада:
      «2014 жыл» деген бағанда:
      «кезекте тұрғандарға тұрғын үй салу» деген жолдағы «20 110 990» деген сандар «19 718 626» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Ақмола облысы» деген жолдағы «884 608» деген сандар «631 023» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Ақтөбе облысы» деген жолдағы «739 283» деген сандар «722 753» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Алматы облысы» деген жолдағы «1 657 946» деген сандар «1 594 400» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қостанай облысы» деген жолдағы «988 248» деген сандар «929 545» деген сандармен ауыстырылсын;
      «жас отбасылар үшін тұрғын үй салуға» деген жолдағы «17 564 647» деген сандар «17 957 011» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Алматы облысы» деген жолдағы «1 541 166» деген сандар «1 521 299» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қостанай облысы» деген жолдағы «646 949» деген сандар «644 892» деген сандармен ауыстырылсын;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «

Қызылорда облысы

414 288

                                                            »;

      029 «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін дамытуға берілетін нысаналы даму трансферттері» деген бағдарламада:
      005 «Ішкі көздер есебінен» деген кіші бағдарламада:
      «2014 жыл» деген бағанда:
      «Алматы облысы» деген жолдағы «3 844 690» деген сандар «3 365 404» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қызылорда облысы» деген жолдағы «524 770» деген сандар «1 004 056» деген сандармен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министр                                      К. Мәсімов