Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1171 (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
«Мемлекеттік сатып алу туралы» 2007 жылғы 21 шілдедегі
Қазақстан Республикасының Заңы 13-бабының 4) тармақшасына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған Отандық тауар өндірушілер өндіретін және олардан сатып алынатын тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 желтоқсандағы
№ 1363 қаулысымен
бекітілген
Отандық тауар өндірушілер өндіретін және олардан сатып алынатын
тауарлардың жекелеген түрлерінің тізбесі
1. Азық-түлік емес тауарлар:
1) үлбірден (табиғи, жасанды) тігілген киімдер және оның керек-жарақтары, үлбірден тігілген бас киімдер;
2) трикотаж өнеркәсібінің өнімдері;
3) тігін бұйымдары, арнайы және нысанды киім-кешектер;
4) аяқ киім;
5) аяқ киімге арналған крем;
6) тұрмыстық, мектеп және кеңсе жиһазы;
7) құрылыс материалдары:
түсқағаз қағазы (түсқағаздар) және басқа да қабырға жабындары;
едендерге төселетін, пештерді қаптайтын тақталар;
кесілген ағаш материалдары;
ағаш бұйымдары;
шыны пакеттер;
санфаянс;
пенопластикалық тақталар;
пластмассадан жасалған құрылыс бұйымдары (есіктер, табалдырықтар, терезелер, жақтаулар, терезе қақпақтары);
табиғи тастан жасалған әрлеу материалдары мен бұйымдары, толтырғыштар, табиғи тастан жасалған жолға төсейтін материалдар (қиыршық тастар, ұсақ тастар, құм-шағылтас қоспасы);
полиэтилен құбырлар;
жылу сақтайтын материалдар;
еден жабуға арналған линолеум және басқа да полимер материалдар;
шегелер;
қыш тақтайша және тақталар;
қыш, силикат әрлеу кірпіштері;
қыш, силикат, күл-қыш кірпіш;
табиғи, кварц құмы;
шыны блоктар;
полиэтилен, шыны пластикалық, пластмасса, бетон, болат құбырлар;
лак-бояу материалдары;
керамогранит;
жоғары сапалы сүректен жасалған терезелер мен есіктер;
құрғақ құрылыс қоспалары;
металдан жасалған санитариялық-техникалық бұйымдар мен материалдар;
жылу радиаторлары;
жабын және су оқшаулағыш материалдар;
құрылыс битумы;
гипсокартон;
ұтқыр ғимараттар;
жоңқалы сүрек, талшықты сүрек, цементті-жоңқалы тақталар;
сэндвич-панельдер;
темір-бетон және бетон бұйымдары мен конструкциялары;
арматураланбаған бетоннан жасалған бұйымдар;
ұяшықты бетоннан және пенобетоннан жасалған қабырға блоктары, термоблоктар;
асбест;
төсемтас;
әк;
әк тас;
құрылыс керамзиті;
полиэтилен парақтар;
минералды-мақта, тігілген маттар;
құрылысқа арналған құрастырмалы металл конструкциялары;
терезелер;
полиэтилен;
ламинатталған iргебастырғы;
цемент;
швеллер;
су эмульсиялы бояу, өзгелері;
газды блоктарға, гипсокартонға, плиткаға арналған және басқа желім;
жапсарларға арналған бітеуіш;
қалау қоспасы;
сылақ;
керамзит блоктар, жабыңқыш және күйдірілген балшықтан жасалған басқа өнімдер;
полиэтиленнен жасалған шаруашылық-ауыз су мақсатындағы қысымды құбырлар және пластиктелмеген поливинилхлоридтен жасалған құбырлар;
полиэтиленнен жасалған фитингтер;
полимерлі-құмды люк;
анкер;
көбікті полиуретаннан жасалған жылу оқшаулағыш болат құбырлар, сондай-ақ қорғайтын қабығы бар көбікті полиуретаннан жасалған, қалыпқа келтірілген жылу оқшаулағыш болат өнімдер;
8) алюминийден, резеңкеден жасалған бұйымдар, металл өнімі;
9) байланыс құралдары, кәбіл және шығыс материалдары;
10) жууға арналған құралдар;
11) ағаштан, қыштан (фарфор, фаянс) жасалған бұйымдар, гофраланған қағаз;
12) музыкалық аспаптар;
13) медициналық техника және медициналық мақсаттағы бұйымдар;
14) суғару жүйелері:
су тұщыту жабдықтары;
тамшылатып суғару жүйелері;
суландыру, оның ішінде тамшылатын суғару жүйелері және оған арналған басқа шығыс материалдары;
15) дәрілік заттар;
16) жер бетіндегі органикалық заттар:
каустикалық сода;
техникалық мақсаттар үшiн қайнатылған тұз;
кальций карбиді;
каустик (күйдіргіш натр);
техникалық күкiрт қышқылы;
биоэтанол (этил спирті);
17) ұйымдастыру техникасы, қосалқы бөлшектер және оларға бағдарламалық қамтамасыз ету;
18) қой терісінен жасалған бұйымдар;
19) қаракөл, қаракөл терісінен жасалған бұйымдар;
20) киізден жасалған бұйымдар;
21) шыныдан жасалған тұрмыстық бұйымдар;
22) пластмассадан жасалған тұрмыстық бұйымдар, орауыш материалдар, оның ішінде полипропилен қаптар және басқалары;
23) қолөнершілер бұйымдары;
24) бау-бақша, бақша құралдары;
25) былғарыдан жасалған бұйымдар;
26) спорт тауарлары;
27) дайын тоқыма бұйымдары;
28) өрт сөндіргіштер және өрт сөндіру құралдары;
29) қазандықтар немесе бу өндіретін қазандықтар және олардың элементтері;
30) кір жуатын орынға арналған кір жуғыш машиналар;
31) минералды тыңайтқыштар;
32) электр техникалық бұйымдар:
электр станциялары, бөлу қалқандары, басқа панельдер және электр тізбектерін ажыратуға, ауыстыруға немесе қорғауға арналған жабдықталған аппаратура;
жабдықтар, электр беру және реттеу аппаратурасы, ток датчиктері;
энергетикалық кешенге арналаған жабдықтар және қосалқы бөлшектер;
түйістіргіштер;
лампалар;
шырақтар;
жарық диодты тауарлар;
фотоэлектр модульдері (күн батареялары);
33) автокөлік құралдары:
жеңіл автомобильдер;
жүк автомобильдері;
жолаушылар автобустары;
34) өлшеу құралдары:
электр есептеуіштер;
суық және ыстық су есептеуіштері;
жылу есептеуіштері;
35) кәбілдік-өткізгіш өнімдер;
36) жылжымалы өрт сөндіру техникасы және арнайы өрт сөндіру автомобильдері;
37) жылу сорғы қондырғылары;
38) су себетін-жуатын машиналар;
39) вакуумды машиналар;
40) қоқыс тасығыштар;
41) доңғалақты тракторлар;
42) трансформаторлар, қосалқы станциялар;
43) мамандандырылған автомобильдер:
өрт сөндіруге арналған автоцистерналар;
түтік құбырлы автомобиль;
сорғы-түтік құбырлы автомобиль;
авариялық-құтқару автомобилі;
шұғыл ден қою автомобилі;
байланыс және жарықтандыру автомобилі;
кіші орман патрульдiк өрт кешенi;
өрт-сорғы станциясы;
штаб автомобилі;
құрамалы су себетін-жуатын машина;
арнайы мақсаттағы техника;
шепті жүк тиегіштер;
автогрейдерлар;
жүк тиегіш-экскаваторлар;
шынжыр табанды экскаваторлар;
өздігінен жүретін жол катоктары;
бульдозерлер;
44) іштен жанатын карбюраторлы, дизельді немесе жартылай дизельді қозғалтқыштары бар жаңа жүк автомобильдері;
автоотын құйғыштар;
мұнай өнімдерін тасымалдауға арналған автоцистерналар;
ауыз су тасуға арналған автоцистерналар;
технологиялық сұйықтықтар тасуға арналған автоцистерналар;
45) автомобильді тіркемелер және жартылай тіркемелер:
тіркемелер;
жартылай тіркемелер;
тіркеме-цистерналар;
жартылай тіркеме-цистерналар;
46) автомобильдерге және (немесе) мамандандырылған техникаға арналған қосалқы бөлшектер;
47) астық жинайтын және сүрлем жинайтын комбайндар, тұқымсепкіштер, егін оратын машиналар;
48) автомобильге арналған бүйірлік, алдыңғы шынылар, өзгелері;
49) тежегіш, отын, май сүзгілері, өзгелері;
50) су сүзгілері;
51) басқа топтамаларға енгізілмеген жалпы мақсаттағы жабдықтар:
пеногенератор;
билоұстағыш;
домкраттар;
52) сорғылар және өзге де компрессорлар, оның жинақтауыштары;
53) бункер;
54) электр бу қазандықтары;
55) газ өткізгіштер;
56) құбырлардың бөлшектері;
57) ванналар;
58) жылу-түтін камералық кешені;
59) электр беру және реттеу аппаратурасы:
автоматтар блоктары;
автоматты ажыратқыштар;
автоматтар, ілмектер және басқа тіркесу құрылғылары, буферлер және өзгелер;
60) төмен қысымдағы жылытқыштар;
61) өзге клапандар;
62) тиектер, шұралар, шар тәрізді крандар;
63) құралдар, құралдардың корпустары, құралдардың тұтқалары, щеткалар мен сыпырғыштардың корпустары мен тұтқалары:
балғалар;
бұрауыштар;
зілбалғалар;
пышақтар;
қабық ойғышқа арналған қашау;
бұрғылар;
перфораторлар;
балталар;
гидравликалық және пневматикалық спайдер;
гидравликалық ротор;
сорғы-компрессор құбырларына арналған айналма, шынжырлы және штангалық кілттер;
64) құрама кілттер (гайкаланатын);
65) ыстықтай соғылған орама болат;
66) болат табақ;
67) дөңгелектер (ұсақтайтын өзектер);
68) шаршы илем;
69) металл шарлар, болаттан жасалған ұнтақтағыш;
70) болат сынықтары және қалдықтар;
71) әртүрлі профильдегі металл илемі;
72) метиздер;
73) арқандар;
74) электродтар;
75) алюминий дәнекерлеу сымы және сымнан жасалған бұйымдар;
76) тұрмыстық техника:
кір жуу машиналары;
тоңазытқыштар;
теледидарлар;
77) компьютерлер және перифериялы жабдықтар;
78) тоңазытқыш және желдеткіш жабдықтар;
79) күзет сигнализациясы, сигнализация блогы;
80) жарылғыш заттар:
81) тұтанатын бау;
82) мүсәтірлі, натрийлі селитра, сұйық аммиак;
83) майлар (трансформаторлық, гидравликалық, компрессорлық, моторлық);
84) мұз қатуға қарсы құралдар;
85) өзге де пластик бұйымдар;
86) басқа топтамаларға енгізілмеген өзге де жиһаздық-сәнді бұйымдар;
87) басып шығаруға және көшіруге арналған қағаз, кеңсе қағазы;
88) жапқыштарды, драптан тігілген маталарды және т.б. дайындауға арналған маталар мен иірілген жіптер жиынтығы;
89) ескі-құсқы кесек шүберек;
90) техникалық мата;
91) орамалдық мата;
92) парашюттер (дирижабльдерге арналған парашюттер) және айналмалы парашюттер (ротошюттер), олардың бөлшектері;
93) химиялық талшықтардан жасалған киіз, муллитокремнеземді киіз;
94) мақта-матадан жасалған қолғаптар, оның ішінде ПВХ жабындысымен;
95) жеке қорғаныс құралдары;
96) жөргек;
97) отқа төзімді бұйымдар:
шамот шарашы;
98) тас және белсендi көмiр;
99) гранит, мәрмәр;
100) темiр бетонды тiректер;
101) бойлай кесілген, сүргіленген немесе сіңірілген ағаш материалдар:
сіңірілген аудармалы бөренелер;
дөңгелек ағаш;
ағаш талшықты плиталар;
102) транспарентті ленталар;
103) сыналы, сыналы жетек қайыстары;
104) полиэтиленнен жасалған бұйымдар;
105) теміржол шығыс материалдары және оның жинақтауыштары:
теміржол саласына арналған жапсырмалар;
рельстер, швеллерлер, арқалықтар, бұрыштар;
теміржол немесе трамвай, жүк таситын өзі жүрмейтін вагондар және олардың қосалқы бөлшектері;
теміржол жылжымалы құрамына арналған буксты мойынтіректер;
106) тығыздау материалдары:
асбошнурлар;
толтырылған тығыздамалар;
107) полимерлі-композитті материалдардан жасалған сутартқыш, кәріздендіру, газ құбыры желілеріне арналған люктар және қарап тексеру құдықтары;
108) бағдаршамдар;
109) лифттер және көтергіш жабдықтар;
110) жәдігерлік ұлттық өнімдер;
111) санитариялық-гигиеналық өнімдер:
майлықтар;
дәретхана қағазы;
қағаз сүлгілер;
112) бұрғы өнімдері:
автобұрғы қондырғылары;
аппаратура және олардың қосалқы бөлшектері;
бұрғылау, өздігінен жүретін тесу машиналары және олардың бөлшектері;
ПУР-патрондар;
113) машиналар, өнеркәсіп және зертханалық жабдықтар;
114) арнайы мақсаттағы моторлы көлік құралдары;
115) пневматикалық тежегіштер және оның бөлшектері;
116) жылу алмастырғыш;
117) әртүрлі фракциялардың мұнай өнімдері, оның ішінде отын ретінде пайдаланылатын (бензин, газойлдер, жермай, авиациялық отын, дизельді отын, пеш отыны);
118) қауіпсіздіктің кешенді локомотив құрылғысы;
119) жалға берілетін стандар;
120) тікұшақтар;
121) аккумуляторлар;
122) мұнай-газ сепараторлары;
123) пропан мен бутанның сұйытылған газына арналған сыйымдылықтар;
124) сұйық селдір сүзгіштер;
125) сыйымдылық жабдықтар;
126) төмен қысымды жылытқыштар;
127) кемелер, катерлер;
128) тербелме-станок;
129) редукторлар;
130) стандардың роликтері;
131) коррозияға қарсы жабындар;
132) оқшаулағыш материалдар;
133) ауылшаруашылық техникасы мен жабдықтары;
134) матрацтар;
135) газ сепараторлары.
2. Азық-түлік тауарлары:
1) қырыққабат;
2) қарбыз;
3) басқа да бақша дақылдары;
4) қияр және корнишондар;
5) баялды;
6) қызанақ;
7) сәбіз және жемдік шалқан;
8) сарымсақ;
9) пияз;
10) картоп;
11) құрамында крахмал немесе инулин көп басқа да асханалық тамыр жемістілер мен түйнектер;
12) асханалық жүзім;
13) басқа сұрыпты жүзім;
14) алма;
15) алмұрт;
16) өрік;
17) шие;
18) шабдалы;
19) алхоры;
20) жаңа жиналған қабықты тауық жұмыртқасы;
21) жас немесе тоңазытылған сиыр және бұзау еті;
22) жас немесе тоңазытылған шошқа еті;
23) жас немесе тоңазытылған қой еті;
24) жас немесе тоңазытылған ешкі еті;
25) жас немесе тоңазытылған жылқы еті және жылқы тұқымдас жануарлар еті;
26) жас немесе тоңазытылған ірі қара мал, шошқа, қой, ешкі, жылқы және жылқы тұқымдас жануарлардың тағамдық субөнімдері;
27) мұздатылған сиыр еті және бұзау еті;
28) мұздатылған шошқа еті;
29) мұздатылған қой еті;
30) мұздатылған ешкі еті;
31) мұздатылған жылқы еті және жылқы тұқымдас жануарлар еті;
32) жас, тоңазытылған немесе мұздатылған ет және басқа да тағамдық субөнімдер;
33) үй құсының жас немесе тоңазытылған еті;
34) үй құсының мұздатылған еті;
35) үй құсының тағамдық субөнімдері;
36) туралған, тұздалған, кептірілген немесе ысталған шошқа еті (бекон және ветчина);
37) тұздалған, кептірілген немесе ысталған сиыр еті және бұзау еті
38) еттен, ет субөнімдерінен немесе малдың қанынан жасалған шұжық және соған ұқсас өнімдер;
39) еттен және ет субөнімдерінен жасалған дайын жартылай фабрикаттардан басқа, өзге де еттен, ет субөнімдерінен немесе малдың қанынан жасалған дайын және консервіленген өнімдер;
40) қызанақ шырыны;
41) апельсин шырыны;
42) грейпфрут шырыны;
43) ананас шырыны;
44) жүзім шырыны;
45) алма шырыны;
46) жеміс және көкөніс шырындарының қоспасы;
47) басқа да жеміс және көкөніс шырындары;
48) көкөністер (картоптан басқа) және саңырауқұлақтар (шикі, суда немесе буда пісірілген), мұздатылған;
49) қысқа мерзімді сақтау үшін консервіленген көкөністер және саңырауқұлақтар;
50) кептірілген көкөністер және саңырауқұлақтар;
51) туралған және буып-түйілген көкөністер және саңырауқұлақтар;
52) дайын көкөніс тағамдарынан басқа, сірке суын немесе сірке қышқылын қолданбастан консервіленген басқа да көкөністер (картоптан басқа);
53) сірке суын немесе сірке қышқылын қолдана отырып консервіленген көкөністер (картоптан басқа), жемістер, жаңғақтар және өсімдіктердің жеуге жарамды басқа да бөліктері;
54) жаңа жиналған, суда немесе буда пісірілген жемістер және жаңғақтар, мұздатылған;
55) жемістен жасалған джемдер, желе, жемістен немесе жаңғақтан жасалған пюре немесе пасталар;
56) басқа да дайын немесе консервіленген жемістер;
57) көкөніс шикізаты және көкөніс қалдықтары, көкөніс қалдықтары және қосалқы өнімдер;
58) тазартылмаған соя майы;
59) тазартылмаған күнбағыс майы;
60) тазартылмаған мақта майы;
61) тазартылмаған рапс, қышабас, қыша майы;
62) тазартылмаған басқа да өсімдік майлары;
63) тазартылған, бірақ химиялық құрамы өзгертілмеген күнбағыс майы және оның фракциялары;
64) тазартылған, бірақ химиялық құрамы өзгертілмеген мақта майы және оның фракциялары;
65) тазартылған, бірақ химиялық құрамы өзгертілмеген рапс, қышабас, қыша майы және олардың фракциялары;
66) тазартылған, бірақ химиялық құрамы өзгертілмеген араластырылған өсімдік майы және басқа да өсімдік майлары (жүгері майынан басқа) және олардың фракциялары;
67) тазартылған, бірақ химиялық құрамы өзгертілмеген басқа да май және оның фракциялары;
68) гидрогенделген және эстерификацияланған, бірақ одан әрі өңделмеген жануар және өсімдік майы мен тоң май және олардың фракциялары;
69) маргарин және оған ұқсас өнімдер;
70) өңделген сұйық сүт;
71) майлылығы 6%-дан жоғары қоюлатылмаған немесе тәттілендірілмеген кілегей;
72) сары май;
73) сүзбе және ірімшік;
74) басқа да ферменттелген немесе ашытылған йогурт, сүт және кілегей;
75) басқа топтамаларға қосылмаған сүт өнімдері;
76) тазартылған күріш;
77) жартылай немесе толық ақталған немесе жарылған күріш;
78) ұсақ тартылған бидай немесе суржик ұны;
79) ұсақ және ірі тартылған өсімдік ұны;
80) бидай жармасы;
81) басқа топтамаларға қосылмаған дәнді дақылдардан жасалған жарма;
82) жаңа піскен нан;
83) торт және кондитер өнімдері; тәттілендіретін заттар қосылған басқа да нан-тоқаш өнімдері;
84) қытырлақ нандар, кептірілген нан, тостыларға арналған нан және соған ұқсас қытырлақ өнімдер;
85) коврижкалар, пряниктер және ұқсас өнімдер; тәтті печенье; вафли;
86) басқа да құрғақ нан-тоқаш немесе ұзақ уақыт сақтауға арналған өнімдер;
87) макарондар, кеспе және осыған ұқсас ұннан жасалған өнімдер;
88) құрамында тәттілендірілген какао-ұнтақтан басқа, какао бар, салмағы 2 кг асатын орамдағы шоколад және басқа да дайын тамақ өнімдері;
89) құрамында тәттілендірілген какао-ұнтақтан басқа, какао бар, кесекше, пластина немесе тақта тәріздес шоколад және басқа да дайын тамақ өнімдері;
90) құрамында какаосы жоқ, ақ шоколадты қоса алғанда, қанттан жасалған кондитерлік өнімдер;
91) қантталған, глазурьленген, шәрбат сіңірілген және кептірілген жеміс-жидектер, жемістер, жаңғақтар, жеміс қабықтары және өсімдіктердің басқа да бөліктері;
92) ас тұзы;
93) қамыстан немесе қызылшадан жасалған тазартылған қант және химиялық таза қатты күйдегі, хош иісті немесе бояу қоспалары жоқ сахароза;
94) қамыстан немесе қызылшадан жасалған тазартылған қант және хош иісті немесе бояу қоспалары бар үйеңкі қанты және үйеңкі шәрбәті;
95) еттен, ет субөнімдерінен немесе малдың қанынан жасалған дайын өнімдер және жартылай фабрикаттар;
96) балықтан, шаян тәрізділерден, моллюскалардан жасалған дайын өнімдер және жартылай фабрикаттар;
97) көкөністен жасалған дайын өнімдер және жартылай фабрикаттар;
98) макарон өнімдеріне негізделген өнімдер және жартылай фабрикаттар;
99) басқа да дайын өнімдер және жартылай фабрикаттар (мұздатылған пиццаны қоса алғанда);
100) ашытқылар (активті және активті емес), басқа да біржасушалы өлі микроағзалар;
101) наубайханалық дайын ұнтақтар;
102) тәттілендірілмеген және хош иістендірілмеген минералды және газдалған су;
103) басқа да алкогольсіз сусындар;
104) табиғи бал және оның негізінде жасалған өнімдер;
105) жаңа ауланған, мұздатылған және тоңазытылған балық;
106) бие, түйе сүті және оларды қайта өндеу өнімдері;
107) ауыл шаруашылығы малдары мен құстардың барлық түрлеріне арналған құрама жем;
108) жас, тоңазытылған, мұздатылған күрке тауық еті;
109) шай;
110) тұздықтар (майонез, кетчуп), дайын қыша.