Мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай операторды белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 желтоқсандағы № 1304 қаулысы

Қолданыстағы

      «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» 2011 жылғы 20 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы 6-бабының 12-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасының Қарулы Күштеріне, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметіне, Қазақстан Республикасының Ұлттық ұланына, азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға, мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті органға мұнай өнімдерін жеткізу жөніндегі бірыңғай оператор болып мыналар белгіленсін:
      1) бензин және дизель отынын - «ҚазМұнайГаз Өнімдері» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      2) авиациялық отынды (МемСТ 10227-86 «Реактивті қозғалтқыштарға арналған отын. Техникалық шарттар») - «ҚазМұнайГаз - Аэро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі;
      3) мазутты - «ҚазМұнайГаз - өңдеу және маркетинг» акционерлік қоғамы.
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланғанынан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов