"Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру және оның жұмысын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қарашадағы № 1263 қаулысы

Қолданыстағы

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 21.11.2014 бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссияны құру және оның жұмысын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 4 қыркүйектегі № 1140 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия және оның жұмысын ұйымдастырудың кейбір мәселелері туралы»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес құрамда Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылсын.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Рұқсат беру жүйесін жетілдіру мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережеде:
      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      «Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ереже»;
      1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) Қазақстан Республикасының Үкіметі жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.»;
      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1) Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу;»;
      5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      «2) Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасын жетілдіру мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар енгізуге;»;
      көрсетілген Ережеге қосымшада:
      5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «5. Рұқсат беру құжаттарын (рәсімдерін) және хабарламаларды түгендеуді мониторингтеу мен үйлестіруді Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Кәсіпкерлік қызметті реттеу мәселелері жөніндегі ведомствоаралық комиссия (бұдан әрі – ВАК) жүзеге асырады.»;
      8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      «8. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі (бұдан әрі – ҰЭМ) рұқсат беру құжаттарын (рәсімдерін) және хабарламаларын түгендеу жөніндегі сараптамалық топ (бұдан әрі – СТ) құрамын қалыптастырады және ВАК-қа келісуге ұсынады.»;
      10111213 және 20-тармақтардағы «ӨДМ» деген аббревиатура «ҰЭМ» деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы 2014 жылғы 21 қарашадан бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                   К. Мәсімов