"Ақтоғай кен байыту комбинатын салу", "Бозшакөл кен байыту комбинатын салу" басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталар белгілеу және "Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квоталарды белгілеу және басым жобалар бойынша шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң шарттарын бекіту және "Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлеу қағидаларын және Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң қағидалары мен шарттарын бекiту және "Халықты жұмыспен қамту туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 маусымдағы № 817 қаулысына өзгерiстер енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 25 қарашадағы № 1230 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкiметi ҚАУЛЫ ЕТЕДI:
      1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес «Ақтоғай кен байыту комбинатын салу», «Бозшакөл кен байыту комбинатын салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға арналған квоталар белгіленсін.
      2. «Басым жобалар бойынша шетелдік жұмыс күшін тартуға 2012 жылға арналған квоталарды белгілеу және басым жобалар бойынша шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң шарттарын бекіту және «Қазақстан Республикасына шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған квотаны белгiлеу қағидаларын және Шетелдiк қызметкерге жұмысқа орналасуға және жұмыс берушiлерге шетелдiк жұмыс күшiн тартуға рұқсат берудiң қағидалары мен шарттарын бекiту және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңын iске асыру жөнiндегi шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2001 жылғы 19 маусымдағы № 836 қаулысына өзгерiс енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 45 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 2012 жылғы 21 маусымдағы № 817 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 57, 792-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген  «Ақтоғай кен байыту комбинатын салу» жобасын (өтініш беруші – «Kazakhmys Aktogay (Қазақмыс Ақтоғай)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттарында:
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкiлеттi органына жұмыс берушi не ол уәкiлеттiк берген тұлға ұсынатын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуға тиіс:»;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген «Бозшакөл кен байыту комбинатын салу» жобасын (өтініш беруші – «Kazakhmys Bozshakol (Қазақмыс Бозшакөл)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі) іске асыру үшін шетелдік жұмыс күшін тартуға рұқсат берудің шарттарында:
      1-тармақтың бірінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
      «1. Аумағында басым жоба іске асырылатын әкімшілік-аумақтық бірліктің уәкiлеттi органына жұмыс берушi не ол уәкiлеттiк берген тұлға ұсынатын шетелдiк жұмыс күшiн тартуға арналған өтінішке қоса берілетін құжаттар мыналарды қамтуға тиіс:».
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                               К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 25 қарашадағы
№ 1230 қаулысына  
қосымша        

«Ақтоғай кен байыту комбинатын салу», «Бозшакөл кен байыту
комбинатын салу» басым жобалары бойынша шетелдік жұмыс күшін
тартуға арналған квоталар

Р/с

Жобаның атауы

Өтініш беруші

Іске асыру орны

Іске асыру мерзімі

Квота(адам)

барлығы

оның ішінде:

бірінші санат

екінші санат

үшінші санат

төртінші санат

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

1.

Ақтоғай кен байыту комбинатын салу

«KazakhmysAktogay (Қазақмыс Ақтоғай)» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданы

2011 – 2016 жылдар

2700

5

100

709

1886

2.

Бозшакөл кен байыту комбинатын салу

«KazakhmysBozshakol (Қазақмыс Бозшакөл)»жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы

2010 – 2015 жылдар

2320

5

108

997

1210