"Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 725 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 24 қарашадағы № 1227 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 725 қаулысына мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамына:
      Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы төралқасының Мұнай-газ өнеркәсібі комитетінің төрағасы (келісім бойынша) енгізілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов