"Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 376 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 1214 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 20 наурыздағы № 376 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2009 ж., № 17, 139-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген гранттар беретін халықаралық және мемлекеттік ұйымдардың, шетелдік және қазақстандық үкіметтік емес қоғамдық ұйымдардың және қорлардың тізбесі:
      мынадай мазмұндағы реттік нөмірі 165-жолмен толықтырылсын:
      «165. «International Fund for Houbara Conservation – Kazakhstan» (Интернешнл Фанд Фо Хубара Консервейшн - Казахстан)» корпоративтік қоры».
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов