"Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 20 қарашадағы № 1212 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 13 мамырдағы № 511 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 38, 461-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген базалық қаржыландыру субъектілері болып табылатын ұйымдардың тізбесінде:
      «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі» деген бөлімде:
      реттік нөмірі 71-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

71.

«Қазақ орман шаруашылығы және агроорманмелиорация ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

                                                              »;
      реттік нөмірі 82-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

82.

«Ыбырай Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

                                                              ».

      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов