"Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 24) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1210 қаулысымен бекітілген |
Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің тізбесі
Ескерту. Тізбеге өзгеріс енгізілді – ҚР Үкіметінің 20.07.2017 № 441 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); өзгеріс енгізілді – 21.07.2018 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулыларымен.
р/с № | Республикалық азаматтық қорғау қызметтерінің атауы | Республикалық азаматтық қорғау қызметтерін қамтамасыз етуге және олардың жұмыс істеуіне жауапты уәкілетті органның атауы |
1 | 2 | 3 |
1 | Мемлекеттік өртке қарсы қызмет | Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі |
2 | Қоғамдық тәртіпті сақтау қызметі | |
3 | Медициналық қызмет | Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі |
4 | Алып тасталды – ҚР Үкіметінің 21.07.2018 № 442 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен. | |
5 | Сауда қызметі | Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі |
6 | Химиялық қорғау қызметі | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі |
7 | Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 20.07.2017 № 441 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен | |
8 | Алып тасталды - ҚР Үкіметінің 20.07.2017 № 441 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен | |
9 | Көлік қызметі | |
10 | Жолдар мен көпірлер қызметі | |
10-1 | Инженерлік қызмет | Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі |
11 | Энергетика қызметі | Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі |
12 | Радиациялық қорғау қызметі | |
13 | Жанар-жағармай материалдары қызметі | |
14 | Ұлттық гидрометеорологиялық қызмет | |
15 | Жануарлар мен өсімдіктерді қорғау қызметі | Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі |
16 | Ақпарат қызметі | Қазақстан Республикасының Ақпарат және коммуникациялар министрлігі |
17 | Байланыс қызметі |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1210 қаулысына қосымша |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған
кейбір шешімдерінің тізбесі
1. "Азаматтық қорғаныс пен төтенше жағдайлар республикалық қызметтерінің тізбесін бекіту және оларды құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1237 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2003 ж., № 46, 507-құжат).
2. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 18 қарашадағы № 1068 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Үкіметінің өрт қауіпсіздігі саласындағы кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың 21-тармағы.
3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 5 желтоқсандағы № 1237 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 қазандағы № 1082 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2010 ж., № 56, 543-құжат).