"Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 22-бабының 1-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидалары;
2) ішкі істер органдарының тұрғын үйді жалдағаны (жалға алғаны) үшін өтемақы алуға құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының санаттары бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының | |
Премьер-Министрі | К. Мәсімов |
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1209 қаулысымен бекітілген |
Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз
ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы Ішкі істер органдарының қызметкерлерін тұрғын үймен қамтамасыз ету, тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі және "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 2014 жылғы 23 сәуірдегі заңдарына сәйкес әзірленді және ішкі істер органдарының қызметкерлерін (бұдан әрі – қызметкерлер) және олардың отбасы мүшелерін ішкі істер органдарында қызмет өткеру кезеңінде тұрғын үймен қамтамасыз ету, сондай-ақ қызметкерлерге тұрғын үйді жалдағаны (жалға алғаны) үшін өтемақы төлеу тәртібін анықтайды.
Қызметкерлердің отбасы мүшелеріне: үнемі бірге тұратын жұбайы (зайыбы), ортақ немесе ерлі-зайыптылардың біреуінің кәмелетке толмаған (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) балалары және жұбайының (зайыбының) күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру ұйымдарында оқитын жиырма үш жасқа толмаған балалары; мүгедек балалары (асырап алған, асырауындағы немесе қамқорлығындағы) және жұбайының (зайыбының) он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болып қалған балалары; қызметкердің асырауындағы ата-анасы және жұбайының (зайыбының) ата-анасы жатады.
2. Осы Қағидалар Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқитын тыңдаушыларға қолданылмайды.
2. Ішкі істер органдарының қызметкерлері мен олардың отбасы
мүшелерін тұрғын үймен қамтамасыз ету тәртібі
3. Тұрғын үй тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған ішкі істер органдарының қызметкерлеріне "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес барлық қажетті құжаттарымен бірге есепке қою туралы баянат берген кезден бастап тізімде белгіленген кезектілік тәртібімен беріледі.
4. Қызметкер есепке қою туралы баянатты өзі қызмет өткеріп жүрген ішкі істер органының тұрғын үй комиссиясы төрағасының атына береді және ол тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлер мен олардың отбасы мүшелерін есепке алу жөніндегі функция жүктелген тиісті құрылымдық бөліністе (бұдан әрі – құрылымдық бөлініс) тіркеледі.
Баянатқа:
1) отбасы құрамы туралы анықтама;
2) қызмет орнынан анықтама;
3) алынғанына баянат берген күнге дейін күнтізбелік он күн өтпеген қызметкер мен оның отбасы мүшелерінің осы елді мекенде меншік құқығында тұрғын үйінің жоқ (бар) екені туралы анықтама (анықтаманы қызметкерлер жыл сайын ұсынады);
4) қызметтік тізім;
5) бұрынғы қызмет орны бойынша қызметтік тұрғын үйін тапсырғаны туралы анықтама;
6) қызметкердің және оның отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттардың, қызметкердің отбасы мүшелері бар болған кезде балаларының туу туралы, неке (некені бұзу) туралы куәліктерінің көшірмелері (баянат берген күнге дейін 10 күннен аспаған);
7) мемлекеттік денсаулық сақтау мекемесінің отбасында Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін аурулардың тізімінде санамаланған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын мүшелерінің бар екені туралы анықтамасы;
8) жиырма үшке толмаған, күндізгі оқу нысанында оқитын отбасы мүшелеріне білім ұйымынан анықтама;
9) отбасында мүгедектік тобы бойынша он сегіз жасқа толғанға дейін мүгедек болып қалған бала болған кезде халықты әлеуметтік қорғау мемлекеттік мекемесінен мүгедектігі туралы анықтама;
10) балалардың құқықтарын қорғау саласындағы уәкілетті органнан кәмелетке толмағанды қорғаншылыққа және қамқоршылыққа алу туралы анықтама;
11) адамдарды қызметкердің отбасы мүшесі немесе оның асырауында деп тану туралы сот шешімінің көшірмесі қоса беріледі.
5. Баянат тіркелген күнінен бастап он жұмыс күні ішінде құрылымдық бөлініс ұсынылған құжаттардың осы Қағидалардың 4-тармағындағы талаптарға сәйкес келуін тексеруді жүзеге асырады.
Ұсынылған құжаттар сәйкес келмеген кезде құрылымдық бөлініс оларды қызметкерге толық пысықтау үшін қайтарады, ол он жұмыс күні ішінде кемшіліктерді жоюы және құрылымдық бөлініске қайта енгізуі тиіс, бұл ретте баянат құрылымдық бөліністе оның алғашқы тіркелген күні берілген болып саналады.
6. Қызметкерді тұрғын үйге мұқтаж деп тану "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында көзделген негіздемелер бойынша тұрғын үй комиссиясының отырысында баянат тіркелген күннен бастап бір айдан кешіктірілмей жүргізіледі. Қабылданған шешім туралы қызметкер он жұмыс күні ішінде жазбаша түрде хабардар етіледі. Бұл ретте тұрғын үйге мұқтаж деп танылған күні және кезектілік нөмірі немесе мұқтаж деп танудан бас тартудың дәлелді себебі көрсетіледі.
7. Қызметкерді тұрғын үйге мұқтаждар есебінен алу "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген негіздемелер бойынша жүргізіледі.
8. Асыраушысынан айырылған қызметкерлердің отбасы мүшелері оларды тұрғын үймен қамтамасыз еткенге дейін тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрады.
9. Қызметтік тұрғын үй беру тұрғын үй комиссиясының шешімі бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 1 желтоқсандағы № 1420 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үй немесе жергілікті атқарушы орган жеке тұрғын үй қорынан жалдаған тұрғын үй беру және пайдалану қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады. Қызметтік тұрғын үй кезек тәртібімен беріледі.
10. Қызметкерлерге қызметтік тұрғын үй ретінде Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген нормалар бойынша тұрғын үй-жайлар беріледі.
11. Қазақстан Республикасынан тыс жерге қызмет өткеруге жіберілген қызметкерлер тұрған тұрғын үй Қазақстан Республикасынан тыс жерде болған барлық уақытқа сақталады.
12. Ішкі істер органдарынан шығарылған қызметкерлер, тұрып жатқан тұрғын үйді жекешелендіру құқығы бар адамдарды қоспағанда, өздеріне берілген қызметтік тұрғын үйлерді бір ай ішінде тапсырады.
3. Ішкі істер органдарының қызметкерлеріне және олардың отбасы
мүшелеріне тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу тәртібі
13. Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы тұрғын үйге мұқтаждар есебінде тұрған қызметкер қызметтік тұрғын үймен қамтамасыз етілгенге дейін төленетін ақшалай қаражат (бұдан әрі – өтемақы) болып табылады.
Өтемақы төлеу Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін ішкі істер органдарының өтемақы алуға құқығы бар қызметкерлерінің лауазымдар санаттарына сәйкес қызмет атқаратын қызметкерлерге жүргізіледі.
14. Қызметкерге өтемақы беру қызметкерді қызметтік тұрғын үй алуға арналған кезектілік тізімінен алып тастау үшін негіз болып табылмайды.
15. Өтемақы төлеу қызметтік тұрғын үйдің орнына тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін шығыстарды өтеу мақсатында жүргізіледі.
16. Өтемақы төлеу республикалық бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
17. "Тұрғын үй қатынастары туралы" 1997 жылғы 16 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында белгіленген тәртіппен тұрғын үйге мұқтаж деп танылуы қызметкерге тұрғын үйді жалдау (жалға алу)үшін өтемақы төлемін тағайындау үшін негіз болып табылады.
18. Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлемін алушы деп танылған қызметкерлерді есепке алуды құрылымдық бөлініс жүргізеді.
19. Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлемін тағайындауды қарау үшін қызметкерлер өздері қызмет өткеретін жердегі ішкі істер органдарының тұрғын үй комиссиясына мынадай құжаттарды береді:
1) өзі қызмет өткеретін ішкі істер органы немесе бөлінісі басшысының немесе басшы белгілеген лауазымды адамның атына тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу туралы тоқсан сайынғы төлем кезеңі көрсетілген жазбаша баянат;
2) мекеменің кадр бөлінісі берген отбасы құрамы туралы анықтама (отбасы құрамы өзгерген жағдайларды қоспағанда, 1 (бір) рет беріледі);
3) некеге тұру (некені бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балаларының туу туралы куәліктерінің көшірмелері;
4) жиырма үшке толмаған адамның күндізгі нысанында оқитыны туралы оқу орнынан анықтама (жылына екі рет беріледі);
5) білім алушыға жатақханадан орын берілгені (берілмегені) туралы оқу орнынан анықтама (жылына екі рет беріледі);
6) белгіленген тәртіппен жасалған тұрғын үйді жалдау (жалға алу) келісімшарты;
7) ай сайын тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін төлегені туралы растаушы құжаттар (қолхат, кіріс-кассалық ордер түбіртегі немесе фискальді чек);
8) жұбайының (зайыбының) жұмыс орнынан қызметтік тұрғын үйді алғаны не алмағаны туралы мәліметтері бар анықтама.
20. Мекеменің құрылымдық бөлінісі осы Қағидалардың 19-тармағында көзделген құжаттарды қызметкердің ақшалай өтемақы төлеу туралы баянаты тіркелген күннен бастап он жұмыс күні ішінде қарайды және айына бір рет жүргізілетін тұрғын үй комиссиясының кезекті отырысына материалдар дайындайды.
21. Тұрғын үй комиссиясы қызметкерге тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы тағайындау туралы шешім шығарады, ол хаттамамен ресімделеді.
22. Тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы төлеу тұрғын үй комиссияның хаттамасы негізінде, қаржы бөлімшесі тексергеннен кейін мемлекеттік мекеме басшысының ай сайын шығарылатын бұйрығы негізінде жүзеге асырылды.
23. Өтемақы төлеу қызмет өткеретін жеріндегі ағымдағы айда өткен ай үшін жүргізіледі. Желтоқсан айында ағымдағы ай үшін өтемақы төлеу 25 күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
24. Өтемақыны аудару қызметкерлердің банктерде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүргізуге лицензиясы бар өзге де ұйымдарда ашылған дербес немесе ағымдағы шоттарына жүзеге асырылады.
25. Ішкі істер органдарына қызметке кірген және одан шығарылған айда өтемақы төлеу нақты қызмет өткерген күндерге тепе-тең жүзеге асырылады.
26. Жүктілігі және бала туу, бала күтімі бойынша қосымша демалыстардағы, іссапардағы, оқудағы, емделудегі қызметкерлерге өтемақы төлеу жалпы негіздерде жүзеге асырылады.
27. Ерлі-зайыптылардың біреуі ішкі істер органдарының қызметкері, ал екіншісі жұбайы (зайыбы) бір елді мекенде қызмет өткеретін әскери қызметші немесе арнайы мемлекеттік органдардың не ішкі істер органдарының кызметкері болып табылған жағдайда, жұбайының (зайыбының) қызмет өткеру орны бойынша оған өтемақы төленбейтіні туралы қаржы бөлімшесінің анықтамасы негізінде ерлі-зайыптылардың біреуіне төленеді.
28. Қызметкерлер бір мемлекеттік мекемеден екіншісіне қызметтік ауысқан және қызмет бойынша жылжыған кезде ішкі істер органдары құрылымында өтемақы төлеу жаңа қызмет өткеру орнына кеткен айда қызмет бойынша ауысу немесе жылжу күніне дейін жүзеге асырылады.
Қызметкерлерді Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін өтемақы алуға құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлері лауазымдарының санаттарына жатпайтын лауазымға қызмет бойынша ауыстыру немесе жылжыту кезінде тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін өтемақы қызмет бойынша ауысқан немесе жылжыған күніне дейін төленеді.
Қызмет бойынша ауысу немесе жылжу күні қызметкерді қызмет бойынша ауыстыру немесе жылжыту туралы бұйрыққа қол қойылған күн немесе бұйрықта көрсетілген күн болып есептеледі.
29. Қызметкердің отбасы құрамы өзгерген кезде тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін ақшалай өтемақының мөлшерін қайта есептеу растаушы құжаттар негізінде:
1) балаларының туу туралы куәліктерінің көшірмелері – оларды жауапты құрылымдық бөлімшеге беру күнінен бастап;
2) отбасы құрамының өзгеруі, неке қию (некені бұзу) туралы, отбасы мүшелерінің қайтыс болғаны туралы куәліктердің көшірмелері отбасы құрамы өзгерген, оқиға басталған күнінен бастап жүргізіледі.
30. Қызметкер қызметтен ауыстырылған, шығарылған кезде мекеменің қаржы бөлінісі ақшалай аттестатта ағымдағы айда кеткен күніне дейін тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін төлеген өтемақы туралы мәліметтерді көрсетеді.
31. Тұрғын үйге мұқтаждар есебінен алынған қызметкерге төленген өтемақы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен есептен алу үшін негіздеме туындаған күннен бастап қайтаруға жатады.
32. Өтемақының шекті мөлшері қызметкердің қызмет өткеретін жері бойынша елді мекенде тұрғын үй қатынастары туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметкердің отбасы мүшелерінің санын тиесілі пайдалы алаңның және жайлы тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалдаудың (жалға алудың) орташа құнының нормаларына көбейту жолымен айқындалады.
Жайлы тұрғын үйдің бір шаршы метрін жалдаудың (жалға алудың) орташа құны мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның ресми сайтында жарияланатын оның ағымдағы жылғы қаңтардағы деректеріне, статистикалық жұмыстар жоспарына сәйкес айқындалады.
Елді мекен бойынша статистикалық деректер болмаған жағдайда, өтемақы мөлшері мемлекеттік статистика саласындағы уәкілетті органның аумақтық бөлінісінің статистикалық деректері бойынша айқындалады.
33. Төлеуге жататын өтемақының мөлшері осы Қағидалардың 19-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттар негізінде айқындалады.
34. Өтемақы мөлшерін анықтау кезінде:
1) қызметкермен бірге тұратын күндізгі оқу нысаны бойынша білім беру ұйымдарында оқитын жиырма үшке толмаған балалары есепке алынады;
2) қызметкердің отбасы мүшесінде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiткен аурулар тiзiмiнде санамаланған кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерiмен ауыратын адамдардың болуы есепке алынады, оларға қосымша бөлек бөлме ұсынылады. Көрсетілген қосымша алаң артық деп есептелмейді.
35. Жоспарлы кезеңге өтемақыға шығыстарды жоспарлауды қаржы бөлінісі ағымдағы жылы босатылатын және сатып алынатын тұрғын үй қорлары есебінен тұрғын үймен қамтамасыз етілетін адамдарды қоспағанда, тұрғын үй комиссиясы жасаған тұрғын үйге мұқтаж қызметкерлердің тізімі негізінде жүргізеді.
Осы тізбені тұрғын үй комиссиясы ағымдағы жылғы 25 қаңтарға дейінгі мерзімде одан әрі жоспарлы кезеңге есептерді жасау үшін қаржы бөлінісіне жолдайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 19 қарашадағы № 1209 қаулысымен бекітілген |
Ішкі істер органдарының тұрғын үйді жалдау (жалға алу) үшін
өтемақы алуға құқығы бар қызметкерлері лауазымдарының санаттары
1. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің орталық аппараты
Ескерту. 1-бөлім жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 15.05.2019 № 290 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Криминалдық полиция департаменті, Экстремизмге қарсы іс-қимыл департаменті, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті, Тергеу департаменті, Жедел-криминалистикалық департамент, Өзіндік қауіпсіздік департаменті, "Интерпол" ұлттық орталық бюросы
Департамент бастығы;
департамент бастығының орынбасары;
дербес басқарманың бастығы;
дербес басқармасы бастығының орынбасары;
басқарма (бөлім, бөлімше) бастығы;
басқарма (бөлім, бөлімше) бастығының орынбасары;
бас криминалист;
аса маңызды істер жөніндегі бас жедел уәкіл (тергеуші);
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы);
аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы, криминалист);
жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы, криминалист.
Ескертпе: Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бойынша функционалдық міндеттері:
ұйымдастырушылық-талдамалық жұмысты және бақылауды;
ведомствоаралық үйлестіруді және профилактиканы;
есірткінің заңды айналымын лицензиялауды және бақылауды іске асыру мәселелері болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.
Жетінші бөліністер және "Р" бөліністері
Облыс, қала бойынша, көліктегі департамент, басқарма (бөлім):
департамент бастығы;
департамент бастығының орынбасары;
басқарма, бөлім, бөлімше бастығы;
басқарма, бөлім, бөлімше бастығының орынбасары;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл;
кіші жедел уәкіл.
Ескертпе: функционалдық міндеттері:
тіл саясатын;
халықаралық ынтымақтасты;
бұқаралық ақпарат құралдарымен және жұртшылықпен байланыс жөніндегі жұмысты;
құқықтық қамтамасыз етуді;
құжаттамалық қамтамасыз етуді;
қаржымен қамтамасыз етуді;
материалдық-техникалық қамтамасыз етуді;
кадрлық қамтамасыз етуді іске асыру болып табылатын лауазымдарға қолданылмайды.
2. Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті
Ескерту. 2-бөлім жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 15.05.2019 № 290 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Жедел басқарма
Бастық;
бастықтың орынбасары;
бөлім бастығы;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл.
Кезекші бөлім
Бастық;
аға инспектор-кезекші;
инспектор-кезекші;
әскери-жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс бас маманы.
Режим, қадағалау және күзет басқармасы
Бастық;
бастықтың орынбасары;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл, жедел уәкіл, бас маман;
аға инспектор, инспектор.
Сотталғандар арасындағы тәрбие
және әлеуметтік-психологиялық жұмыс басқармасы
Бастық;
бастықтың орынбасары;
бөлім бастығы;
бас маман;
бас маман-психолог;
аға инспектор;
инспектор, инспектор-психолог.
Өзіндік қауіпсіздік басқармасы
Бастық;
бастықтың орынбасары;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл.
Тергеу изоляторлары бөлімі
Бастық;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл.
Арнайы есепке алу бөлімі
Бастық;
бас маман;
аға инспектор;
инспектор.
3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағындағы ұйымдар (мемлекеттік мекемелер)
"Сұнқар" арнайы мақсаттағы жасағы
Жасақ командирі;
жасақ командирінің жауынгерлік және арнайы қызметке жетекшілік ететін орынбасары;
арнайы мақсаттағы бөлімнің бастығы;
арнайы мақсаттағы бөлімнің құрамындағы бөлімше бастығы;
шабуылшы, мерген, жару технигі;
автоброньды танк қызметі жөніндегі аға техник, полицей-жүргізуші.
Кинологиялық орталық
Орталық бастығы;
Орталық бастығының орынбасары;
арнайы даярлық бөлімшесінің бастығы;
кинологиялық орталықтың және кинологиялық бөліністердің қызметін ұйымдастыру жөніндегі өңірлік топтардың аға жедел уәкілі;
кинологиялық орталықтың және кинологиялық бөліністердің қызметін ұйымдастыру жөніндегі өңірлік топтардың жедел уәкілі.
4. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің аумақтық органдары
Ескерту. 4-бөлім жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 15.05.2019 № 290 (01.07.2019 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің
Байқоңыр қаласындағы өкілдігі
Бастық;
бастықтың орынбасары;
учаскелік полиция инспекторы;
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы;
жол-патрульдік полиция полицейі;
Криминалдық полиция, тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық,
экстремизмге қарсы іс-қимыл қызметтері
Бөлім, бөлімше бастығы;
бөлім бастығының орынбасары;
аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы, криминалист);
жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы, криминалист.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің облыстардың,
республикалық маңызы бар қалалардың, астананың полиция департаменттері,
Көліктегі полиция департаменттері
Бастық;
бастықтың орынбасары (жедел жұмысқа, тергеуге, жергілікті полиция қызметіне жетекшілік ететін);
жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы;
жергілікті полиция қызметі басқармасы бастығының орынбасары;
Криминалдық полиция, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл,
экстремизмге қарсы іс-қимыл, тергеу, анықтау, жедел-криминалистикалық,
өзіндік қауіпсіздік қызметтері
басқарма, бөлім, бөлімше бастығы;
басқарма, бөлім бастығының орынбасары;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы);
бас криминалист;
аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы, криминалист);
жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы, криминалист;
кіші жедел уәкіл, тергеушінің көмекшісі, техник-криминалист.
Арнайы бөліністер
"Арлан" арнайы мақсаттағы бөліністері
Арнайы мақсаттағы бөліністің командирі;
арнайы мақсаттағы бөлініс командирінің орынбасары;
арнайы мақсаттағы бөлініс құрамындағы взвод командирі;
жауынгерлік және арнайы даярлық жөніндегі аға инспектор;
аға инспектор-шабуылшы;
аға инспектор-жару технигі;
аға инспектор-мерген;
жауынгерлік және арнайы даярлық жөніндегі инспектор;
инспектор-шабуылшы;
инспектор-жару технигі;
инспектор-мерген;
полицей, полицей-жүргізуші.
Арнайы жедел ден қою жасақтары
Арнайы жедел ден қою жасағының командирі;
арнайы жедел ден қою жасағы командирінің орынбасары;
арнайы жедел ден қою жасағы құрамындағы рота командирі;
арнайы жедел ден қою жасағы құрамындағы рота командирінің орынбасары;
арнайы жедел ден қою жасағы құрамындағы взвод командирі;
саптық бөліністің аға инспекторы;
аға инспектор-мерген;
жауынгерлік және арнайы даярлық жөніндегі аға инспектор;
аға инспектор (суатқыш машинасының);
арнайы техника жөніндегі аға инженер;
саптық бөліністің инспекторы;
инспектор-мерген;
жауынгерлік және арнайы даярлық жөніндегі инспектор;
инспектор (суатқыш машинасының);
инспектор-психолог (келіссөз жүргізуші);
арнайы техника жөніндегі инженер;
полицей-жүргізуші.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қалалық (аудандық,
желілік) полиция басқармалары (бөлімдері), полиция бөлімдері
(бөлімшелері)
Криминалдық полиция, есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл, тергеу,
анықтау, жедел-криминалистикалық, экстремизмге
қарсы іс-қимыл қызметтері
Қалалық (аудандық, желілік) полиция басқармасының (бөлімінің) бастығы;
қалалық (аудандық, желілік) полиция басқармасы (бөлімі), полиция бөлімі бастығының орынбасары (жедел жұмысқа, тергеуге, жергілікті полиция қызметіне жетекшілік ететін);
полиция бөлімшесінің бастығы (жедел жұмысқа, тергеуге, жергілікті полиция қызметіне жетекшілік ететін);
қалалық (аудандық, желілік) полиция басқармасының (бөлім) бөлім, бөлімше, полиция бөлімінің бастығы;
қалалық (аудандық, желілік) полиция басқармасының (бөлім) бөлім, бөлімше, полиция бөлімі бастығының орынбасары;
аға жедел уәкіл (тергеуші, анықтаушы, криминалист);
жедел уәкіл, тергеуші, анықтаушы, криминалист;
кіші жедел уәкіл;
тергеушінің көмекшісі;
техник-криминалист.
Жергілікті полиция қызметі бөлімінің (бөлімшесінің) бастығы және оның орынбасары;
учаскелік полиция инспекторы (оның ішінде, учаскелік полиция пункті жұмысын ұйымдастыруға жауапты);
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі учаскелік полиция инспекторы (оның ішінде, білім беру ұйымдарына бекітілген);
кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі аға учаскелік полиция инспекторы (оның ішінде, білім беру ұйымдарына бекітілген).
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың және аудандардың полиция департаменттері басқармаларының (бөлімдерінің, бөлімшелерінің) жол-патрульдік полициясының саптық бөліністері
Полк (батальон, рота, взвод) командирі;
полк (батальон, рота, взвод) командирінің орынбасары;
взвод командирінің көмекшісі, әрі бөлімше командирі;
бөлімше командирі;
аға қызмет инспекторы;
қызмет инспекторы;
полицей;
полицей-жүргізуші;
полицей-кинолог;
полицей-кавалерист;
кезекші бөлім бастығы;
аға инспектор-кезекші (оның ішінде, оқиға болған жерге бару үшін);
инспектор-кезекші (оның ішінде, оқиға болған жерге бару үшін);
кезекшінің көмекшісі.
Облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың, астананың қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері
Бастық;
бастықтың орынбасары (сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысына, жедел жұмысқа, режимге, қадағалауға және күзетке, арнайы есепке алуға жетекшілік ететін)
Жедел бөлім (бөлімше, топ)
Бастық;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл.
Кезекші бөлім
Аға инспектор-кезекші, инспектор-кезекші;
әскери-жұмылдыру жұмысы және азаматтық қорғаныс бас маманы.
Режим және қадағалау бөлімі (бөлімше, топ)
Бастық;
аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл;
бас маман;
аға инспектор;
инспектор.
Сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы бөлімі (бөлімше, топ)
Бастық;
бас маман;
аға инспектор;
инспектор.
Арнайы есепке алу бөлімі (бөлімше, топ)
Аға инспектор;
инспектор.
Өзіндік қауіпсіздік тобы
Аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкіл;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл.
Түзеу мекемелері
Бастық;
бастықтың орынбасары (сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысына, жедел жұмысқа, режимге, қадағалауға және күзетке, арнайы есепке алуға жетекшілік ететін);
Жедел бөлім (бөлімше, топ)
Бастық;
бастықтың орынбасары;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл;
инспектор.
Режимдік бөлім (бөлімше, топ)
Бастық;
бастықтың орынбасары;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл;
барлық атаудағы аға инспектор;
барлық атаудағы инспектор;
аға инженер;
инженер;
техник;
аға өрт сөндіруші;
қарауыл бастығы;
жүргізуші қызметкер;
барлық атаудағы аға бақылаушы;
барлық атаудағы бақылаушы.
Кезекші бөлім
Колония бастығының кезекші көмекшісі;
колония бастығы кезекші көмекшісінің орынбасары;
Бақылау қызметі бөлімі (бөлімше, топ)
Бастық;
бастықтың орынбасары;
қарауыл бастығы;
қарауыл бастығының көмекшісі;
жасақша бастығы;
барлық атаудағы аға бақылаушы;
барлық атаудағы бақылаушы.
Сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысы бөлімі (бөлімше, топ)
Бастық;
бастықтың орынбасары;
жасақ бастығы (аға тәрбиеші);
тәрбиеші;
барлық атаудағы аға инспектор;
аға инспектор-психолог;
инспектор-психолог;
барлық атаудағы инспектор.
Арнайы есепке алу бөлімі (бөлімше, топ)
Бастық;
аға инспектор;
инспектор.
Тергеу изоляторлары
Бастық;
бастықтың орынбасары (сотталғандар арасындағы тәрбие жұмысына, жедел жұмысқа, режимге, қадағалауға және күзетке, арнайы есепке алуға жетекшілік ететін).
Жедел бөлім (бөлімше, топ)
Бастық;
бастықтың орынбасары;
аға жедел уәкіл;
жедел уәкіл;
есепке алу жөніндегі аға техник;
есепке алу жөніндегі техник.
Режим және күзет бөлімі (бөлімше, топ)
Бастық;
бастықтың орынбасары;
барлық атаудағы аға инспектор;
барлық атаудағы инспектор;
аға инженер;
инженер;
техник;
корпус бойынша басшы;
жүргізуші қызметкер;
барлық атаудағы аға бақылаушы;
барлық атаудағы бақылаушы.
Кезекші қызмет
Тергеу изоляторы бастығының кезекші көмекшісі;
тергеу изоляторы бастығы кезекші көмекшісінің орынбасары.
Арнайы контингент арасындағы тәрбие жұмысы бөлімі (бөлімше, топ)
Бастық;
жасақ бастығы (аға тәрбиеші);
барлық атаудағы аға инспектор;
аға инспектор-психолог;
инспектор-психолог;
барлық атаудағы инспектор.
Арнайы есепке алу бөлімі (бөлімше, топ)
Бастық;
бастықтың орынбасары;
инспектор;
есепке алу жөніндегі аға техник;
есепке алу жөніндегі техник.