«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексі 150-бабының 4-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Дербес кластерлік қордың алынған (алынуға жататын) табыстарды «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын растаманы беру қағидалары;
2) дербес кластерлік қордың алынған (алынуға жататын) табыстарды «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын растаманың нысаны бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі және 2018 жылғы 1 қаңтарға дейін қолданылады.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 қарашадағы
№ 1207 қаулысымен
бекітілген
Дербес кластерлік қордың алынған (алынуға жататын) табыстарды
«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық
аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет
түрлерінен алынған табыстарға жатқызуды жүзеге асыруға негіз
болатын растаманы беру қағидалары
1. Жалпы ережелер
1. Осы дербес кластерлік қордың алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын растаманы беру қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 10 желтоқсандағы кодексіне (Салық кодексі) сәйкес әзірленді және арнайы экономикалық аймақ қатысушыларына алынған (алынуға жататын) табыстарды арнайы экономикалық аймақты (бұдан әрі — АЭА) құру мақсатына сәйкес келетін қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызу туралы растама беру тәртібін айқындайды.
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын ұғымдар мен терминдер:
1) АЭА қатысушысы - АЭА аумағында қызметтің басым түрлерін жүзеге асыратын және АЭА қатысушыларының бірыңғай тізіліміне енгізілген заңды тұлға;
2) өтініш - растаманы алу үшін осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес құжаттарды қоса бере отырып, АЭА қатысушысының жазбаша өтініші;
3) растама - АЭА қатысушылары алған (алуға жататын) табыстардың АЭА құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлерінен алынған табыстарға жататынын растайтын ресми құжат;
4) өтініш беруші — растаманы алуға арналған өтінішті қарауға ұсынған АЭА қатысушысы;
5) дербес кластерлік қор - «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА басқару органы болып табылатын, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де функцияларды орындайтын коммерциялық емес ұйым.
2. Растаманы беру тәртібі
3. АЭА қатысушысы дербес кластерлік қорға осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес белгіленген нысан бойынша өтініш береді, ол келіп түскен күні осы Қағидаларға 2-қосымшада белгіленген нысан бойынша өтініштерді тіркеу журналында тіркеледі.
4. Өтінішке мынадай құжаттар қоса беріледі:
1) қызмет түрлері бойынша бөлінген өз өндірісінің сатылған тауарларының (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) нақты көлемі туралы АЭА қатысушысының анықтамасы;
2) өткен қаржы жылы үшін АЭА қатысушысының қызмет нәтижелері бойынша бухгалтерлік теңгерім және табыстар мен шығыстар туралы есеп;
3) өткен қаржы жылы үшін аудиторлық есептің көшірмесі (Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде міндетті түрде аудит жүргізу белгіленген заңды тұлғалар ғана ұсынады);
4) АЭА қатысушысы ретінде қызметін жүзеге асыру туралы «Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының басқару органымен жасалған шарттың көшірмесі;
5) тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) АЭА қатысушының өткізгенін растайтын құжаттар;
тауарларды басқа жаққа жіберу жүкқұжаты;
орындалған жұмыстар (көрсету қызметтер) актісі;
АЭА қатысушысы мен тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) алушы (сатып алушы) арасында жасалған тауарды жеткізуге (жұмыстарды орындауға, қызметтерді көрсетуге) арналған шарттардың (келісімшарттардың) көшірмелері.
5. Өтініш беруші ұсынылған материалдардың толықтығын және дұрыстығын қамтамасыз етеді, сондай-ақ олар біртұтас папкаға жинақталуы, ал парақтары нөмірленуі тиіс.
6. Дербес кластерлік қор Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген ұсынылған құжаттар пакетінің толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттар толық болмаған, сондай-ақ нысаны осы Қағидаларға 1-қосымшада белгіленген өтінішті ресімдеу талаптарына және мазмұнына сәйкес келмеген жағдайда, дербес кластерлік қор өтініш берілген күні оны қарамай қайтарады.
7. Дербес кластерлік қор АЭА қатысушысына растаманы өтініш түскен күнінен бастап күнтізбелік 20 күннен кешіктірмей мынадай шарттар бір уақытта сақталған жағдайда береді:
1) заңды тұлға орналасқан жері бойынша салық төлеуші ретінде тіркелсе;
2) заңды тұлға Қазақстан Республикасының арнайы экономикалық аймақтар туралы заңнамасына сәйкес «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА қатысушысы болып табылса;
3) заңды тұлғаның құрылымдық бөлімшелері жоқ болса;
4) мынадай шарттар сақталған жағдайда:
өткізілген тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер Салық кодексінің 151-4-бабында көзделген қызмет түрлерін жүзеге асыру нәтижелері болып табылса;
тауарларды өндіру мен өткізуді, жұмыстарды орындауды, қызметтер көрсетуді «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА қатысушысы жүзеге асырса, жылдық жиынтық табысының кемінде 70 пайызын өзі өндірген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден алынуға жататын (алынған) табыстар құраса.
растама өзі өндірген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді өткізуден алуға жататын (алынған) табыстар бойынша «Инновациялық технологиялар паркі» АЭА құру мақсаттарына сәйкес келетін мынадай қызмет түрлері бойынша беріледі:
1) дерекқорларды және аппараттық құралдарды жобалау, әзірлеу, енгізу және жасау, бағдарламалық қамтамасыз етілімді (оның ішінде тәжірибелік үлгілерді) жобалау, әзірлеу, енгізу және жасау;
2) серверлік ақпараттық-коммуникациялық жабдықты пайдалана отырып, ақпаратты электрондық түрде сақтау және өңдеу бойынша көрсетілетін қызметтер (дата-орталықтар көрсететін қызметтер);
3) ақпараттық технологиялар саласында жобаларды жасау және енгізу бойынша ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстарын жүргізу.
8. Растаманы беруден бас тарту туралы шешім қабылданған жағдайда, дербес кластерлік қор өтініш келіп түскен күнінен бастап күнтізбелік 20 күн ішінде өтініш берушіге бірінші басшының (ол жоқ болған жағдайда, оның міндетін атқарушы тұлғаның) қолы қойылған жазбаша дәлелді жауап жібереді.
Өтініш берушінің Салық кодексінің 150-бабы 2-тармағының 1), 2), 3) және 4) тармақшаларының және 151-4-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келмеуі растама беруден бас тарту үшін негіз болып табылады.
7. Растама осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ресімделген Растамаларды тіркеу журналында тіркеледі.
Дербес кластерлік қордың алынған (алынуға
жататын) табыстарды "Инновациялық
технологиялар паркі" арнайы экономикалық
аймағының аумағында қызметін жүзеге
асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен
алынған табыстарға жатқызуды жүзеге асыруға
негіз болатын растаманы беру қағидаларына
1-қосымша
Дербес кластерлік қордың басшысы (атауы)
_________________________
(Т.А.Ә.)
Нысан
Алынған (алынуға жататын) табыстарды «Инновациялық
технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағының аумағында
қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған
табыстарға жатқызуды жүзеге асыруға негіз болатын растаманы
дербес кластерлік қордың алуына
ӨТІНІШ
1. Арнайы экономикалық аймаққа қатысушының атауы
_____________________________________________________________________
2. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі ________________________________
3. Мекенжайы мен телефоны _____________________________________
20__ жылғы «__» «______» бастап 20__ жылғы «___» «_____» кезеңі
ішінде алынған (алынуға жататын) табыстарды «Салық және бюджетке
төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Қазақстан Республикасы
Кодексінің (Салық кодексі) 151-4 бабының 2-тармағында көрсетілген
қызмет түрлерінен түсетін табыстарға жатқызу туралы растама беруді
сұраймыз (қажеттісінің астын сызу керек).
Қызмет түрлері:
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қосымша: Қазақстан Республикасы Үкіметінің 20__ жылғы «__» «______» №
______ қаулысымен бекітілген Дербес кластерлік қордың алынған
(алынуға жататын) табыстарды «Инновациялық технологиялар паркі»
арнайы экономикалық аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын
ұйымдардың қызмет түрлерінен алынған табыстарға жатқызуды жүзеге
асыруға негіз болатын растаманы беру қағидаларының 4-тармағында
көрсетілген анықтама-растаманы алу үшін қажетті құжаттар.
Ұйым басшысы __________________________________ (Т.А.Ә., қолы)
Бас бухгалтер ____________________________ (Т.А.Ә., қолы) М.О.
20__ жылғы «__» «______»
Дербес кластерлік қордың алынған (алынуға
жататын) табыстарды "Инновациялық
технологиялар паркі" арнайы экономикалық
аймағының аумағында қызметін жүзеге
асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен
алынған табыстарға жатқызуды жүзеге асыруға
негіз болатын растаманы беру қағидаларына
2-қосымша
Өтініштерді тіркеу журналы
Р/с |
Өтініш қабылдаған күн |
Өтініш берушінің атауы |
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі |
Расталған кіріс сомасы және берілген күні |
Өтінішке қоса берілетін құжаттардың тізбесі |
Парақ саны |
Өтінішті қабылдаған маманның қолы және Т.А.Ә. |
Өтініш берушінің қолы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Дербес кластерлік қордың алынған (алынуға
жататын) табыстарды "Инновациялық
технологиялар паркі" арнайы экономикалық
аймағының аумағында қызметін жүзеге
асыратын ұйымдардың қызмет түрлерінен
алынған табыстарға жатқызуды жүзеге асыруға
негіз болатын растаманы беру қағидаларына
3-қосымша
Растаманы тіркеу журналы
Р/с |
Берілген күні |
Анықтама растаманы алушының атауы |
Бизнес сәйкестендіру нөмірі |
Бекітілген кіріс сомасы және берілген күні |
Растамаға қоса берілетін құжаттар тізбесі |
Парақ саны |
Растаманы берген маманның қолы және Т.А.Ә. |
Алушының қолы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 19 қарашадағы
№ 1207 қаулысымен
бекітілген
Нысан
Дербес кластерлік қордың алынған (алынуға жататын) табыстарды
«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық
аймағының аумағында қызметін жүзеге асыратын ұйымдардың қызмет
түрлерінен алынған табыстарға жатқызуды жүзеге асыруға
негіз болатын
РАСТАМА
№ _________ 20 __ жылдың «__»____________
1. Арнайы экономикалық аймаққа қатысушының атауы
_____________________________________________________________________
2. Бизнес-сәйкестендіру нөмірі ________________________________
3. Мекенжайы мен телефоны _____________________________________
Дербес кластерлік қор ______________________________________
_____________________________________________________________________
(атауы)
«Инновациялық технологиялар паркі» арнайы экономикалық аймағын
құрудың мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрінен (түрлерінен) жеке
өндіріс тауарларын (жұмыстарын, көрсетілетін қызметтерін) 20__ жылғы
«__» ________ 20__ жылғы «___» ________ кезеңінде өткізуден алынған
табыстары __________________________ құрағанын растайды.
(сома теңгемен және жазбаша)
«__________________» жылы ішіндегі жылдық жиынтық табысы
___________________________________________________________ құрайды.
(сома теңгемен және жазбаша)
Арнайы экономикалық аймақтар құру мақсаттарына сәйкес келетін қызмет түрлері бойынша өздері өндіретін тауарлардың (жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің) тізбесі (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 404 қаулысымен бекітілген) |
ЭҚЖЖ коды |
ЭҚТӨЖ коды |
Өздері өндіретін тауарларды (жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді) өткізуден алған (алынуға жататын) табыстар сомасы теңгемен) |
Жиынтық жылдық табыстың үлес салмағы (%-бен) |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Қолданылу мерзімі _____________________________
Дербес кластерлік қордың басшысы
__________________________________ (Т.А.Ә., қолы) М.О.
(атауы)