"Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2013 - 2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 500 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 10 қарашадағы № 1192 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында (Қарулы Күштер, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар, сондай-ақ арнаулы мемлекеттік органдар үшін мамандар даярлауды жүзеге асыратын білім беру ұйымдарын қоспағанда) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2013 - 2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 20 мамырдағы № 500 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары білімі бар мамандар даярлауға 2013 - 2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
      мына:
      «

Назарбаев Университетінде студенттерді оқыту үшін

539




1700

3 400









                                                              »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

Назарбаев Университетінде студенттерді оқыту үшін

539




1700

4 200









                                                              »;
      мына:
      «

Оның ішінде Назарбаев Университеті дайындық белімінде тыңдаушыларды оқытуға

537




1418

2 836









                                                              »

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

Оның ішінде Назарбаев Университеті дайындық бөлімінде тыңдаушыларды оқытуға

537




1418

3364,2









                                                              »;
      2) көрсетілген қаулымен бекітілген Республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар мамандар даярлауға 2013 - 2014 оқу жылына арналған мемлекеттік білім беру тапсырысында:
      «Магистратураға қабылдау» деген бөлімде:
      мына:
      «

Назарбаев Университеті

97

2 500

5 000

                                                              »;

      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

Назарбаев Университеті

97

2 500

5 400

                                                              »;
      3) көрсетілген қаулымен бекітілген «Бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі болып табылатын білім беру ұйымдарына PhD докторантурасына қабылдау» деген бөлімде:
      мына:
      «

Назарбаев Университеті

25

2 260,4

4 520,8

                                                              »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

Назарбаев Университеті

25

2 260,4

5 148,1

                                                              ».
      2. Осы қаулы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов