«Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы» 2014 жылғы 23 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 21-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған қызметін ауыстырған және жоғарылаған кезде көтерме жәрдемақыға, көліктің жолақысы үшін және жеке мүлкін тасымалдағаны үшін шығындардың орнын толтыруға құқығы бар ішкі істер органдары қызметкерлері лауазымдарының тізбесі бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 1 қарашадағы
№ 1179 қаулысымен
бекітілген
Қызметін ауыстырған және жоғарылаған кезде көтерме жәрдемақыға,
көліктің жолақысы үшін және жеке мүлкін тасымалдағаны үшін
шығындардың орнын толтыруға құқығы бар ішкі істер органдары
қызметкерлері лауазымдарының тізбесі
Ішкі істер министрлігі және оның ведомстволары бойынша
(Төтенше жағдайлар комитетін қоспағанда)
1. Ішкі істер министрі.
2. Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары.
3. Ішкі істер министрінің орынбасары.
4. Комитет төрағасы.
5. Комитет төрағасының орынбасары.
6. Департамент бастығы.
7. Департамент бастығының орынбасары.
8. Дербес басқарма бастығы.
9. Дербес басқарма бастығының орынбасары.
10. Комитеттің басқарма бастығы.
11. Комитеттің басқарма бастығының орынбасары.
12. Комитеттің дербес бөлімінің бастығы.
Астана, Алматы қалаларының, облыстардың және көліктегі ішкі
істер департаменттері бойынша
1. Департамент бастығы.
2. Департамент бастығының орынбасары.
3. Қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органдарының бастығы.
4. Қалалық, аудандық, желілік ішкі істер органдары бастығының орынбасары.
Қылмыстық-атқару жүйесі департаменттері бойынша
1. Департамент бастығы.
2. Департамент бастығының орынбасары.
3. Мекеме бастығы.
4. Мекеме бастығының орынбасары.