Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015 - 2030 жылдарға арналған бас схемасын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 1171 қаулысы

Қолданыстағы

      «Газ және газбен жабдықтау туралы» Қазақстан Республикасының 2012 жылғы 9 қаңтардағы Заңының 5-бабы 4) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қоса берілген Қазақстан Республикасын газдандырудың 2015 - 2030 жылдарға арналған бас схемасы бекітілсін.
      2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар осы қаулыдан туындайтын шараларды қабылдасын.
      3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К.Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2014 жылғы 4 қарашадағы
№ 1171 қаулысымен   
бекітілген      

Кіріспе

      Қазақстан Республикасын газдандырудың бас схемасы (бұдан әрі - Бас схема) Қазақстан Республикасының газға деген ішкі қажеттіліктерін қамтамасыз ету басымдығының стратегиялық бағыттарын көздейтін кешенді құжат болып табылады.
      «Газ және газбен жабдықтау туралы» 2012 жылғы 9 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес газдандырудың стратегиялық басымдықтары мынадай негізгі міндеттерді:
      1) Қазақстан Республикасының ішкі қажеттіліктерін сенімді газбен жабдықтауды қамтамасыз ету үшін перспективалы газдандыруды дамытудың стратегиялық бағыттарын қалыптастыруды;
      2) газбен жабдықтаудың бірыңғай жүйесін жасау үшін негіз болып табылатын газдандыру жүйелерінің жұмыс істеп тұрған және салу жоспарланатын объектілерін орналастыру схемасын айқындауды;
      3) Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық балансы құрылымында газ (тауарлық және сұйытылған мұнай) тұтынудың үлесін арттыру үшін жағдай жасауды шешуге бағытталған.
      Жоғарыда аталған міндеттерді шешу ұзақ мерзімді кезеңде газдандыруды дамытудың қолданылуын қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасы экономикасының инновациялық даму жолына көшу қарқынына қарай тиімді басқарушылық шешімдерді қабылдауға мүмкіндік береді.
      Табиғи газ әлемдік энергетика құрылымы мен халықаралық отын балансында ерекше орынға ие. Әлемдегі газ өнеркәсібінің қарқынды дамуына соңғы 20 жылда айқындалған сұйытылған табиғи газ нарығының тездетіп қалыптасуы ықпал етеді. Әлемдік энергия балансындағы көмірсутекті газ тәрізді отын үлесінің шамамен отыз пайызға жету мүмкін екендігі болжанады. Осының салдарынан, әлемдік сарапшылар алдағы кезеңді энергетиканың дамуындағы «метан» дәуірі деп сипаттайды.
      Сондай-ақ, Қазақстан Республикасы үшін табиғи газ перспективалы энергия жеткізгіш болып отыр, оның барланған және бағаланған қоры Каспий қайраңындағы жаңа ашылған кен орындарын есепке алғанда, шамамен 3,9 триллион м3 (бұдан әрі — трлн. м3) құрайды, ал әлеуетті ресурстары 6-8 трлн. м3 дейін жетеді.
      Бұл ретте Қазақстан Республикадағы барланған газ қорының ерекшелігі барлық кен орындарында газ алу мұнайды және конденсатты алумен қатар жүргізілетіндігі болып табылады. Сондықтан осы кен орындарын белсенді игеру және соңғы жылдары мұнай өндіру көлемінің күрт өсуі өндірілетін ілеспе газдың ұлғайып келе жатқан көлемін кәдеге жарату қажеттігін көрсетіп отыр.
      Газ саласын дамыту бойынша соңғы жылдары қабылданған іс-шаралар газ тасымалдау компанияларының салыстырмалы қаржылық тұрақтылығына, жұмыс көлемінің артуына, магистральдық және жергілікті газ құбыры жүйелерін (бұдан әрі - МГ) техникалық қайта құруға қол жеткізуге мүмкіндік туғызды, бұл газды ішкі тұтынуда көрініс тапты.
      Қазіргі кезде шығарылатын газды өңдеу толық көлемде жүзеге асырылмайды, табиғи газды шығарылған орнынан оны тұтынатын өңірлерге қайта бөлу мүмкіндігі жоқ.
      Жоғарыда аталғанның барлығы өндірілетін ілеспе газды кәдеге жаратудың жаңа жолдарын іздестіруге, газды өңдеу және тасымалдау бойынша жаңа қуаттарды енгізуге, сондай-ақ ішкі өткізу нарықтарының кеңеюіне байланысты бірқатар міндеттердің шешімін табу қажеттігіне әкеп соғады.
      Бас схеманы қабылдау мұнай-газ кешеніндегі газ құрамдасының жекелеген буындарының бытыраңқы жиынтығын технологиялық жағынан және аумақтық жағынан салалық жүйеге біріктіруге бағытталған.
      Бас схеманы әзірлеу Қазақстан Республикасының газға деген ішкі қажеттіліктерін тек жаңа газ құбырларының кең ауқымды құрылысы ғана емес, сол сияқты Қазақстан Республикасының өңірлерін газдандырудың балама және ұтымды қайнар көздерін іздеу арқылы қамтамасыз ету үшін жағдайлар жасауға бағытталған.

1. Қазақстан Республикасын газдандырудың қазіргі жағдайы

      Қазақстан Республикасы газының бастапқы жиынтық ресурстары 2010 жылғы қаңтардағы жағдай бойынша 3,9 трлн. м3 бағаланады, оның ішінде ерітілген газ - 2,6 трлн. м3, еркін газ - 1,3 трлн. м3. Ең елеулі газ ресурстары Каспий маңындағы мұнай-газы бар аймағының қойнауында жинақталған - 3,72 трлн. м3. Қазақстан Республикасының мұнай-газы бар аудандарының көлемі Қазақстан аумағының шамамен алпыс екі пайызын құрайды. Газ қорының шамамен тоқсан сегіз пайызы географиялық тұрғыдан Қазақстан Республикасының батыс өңірі облыстарының, атап айтқанда Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының аумағында орналасқан.
      2010 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің (бұдан әрі - ҚР ИДМ) деректері бойынша геологиялық құрылысы, платформалы чехолдың стратегиялық графикалық диапазоны және мұнай-газ бойынша ажыратылатын, еркін және ерітілген газдың 202 кен орны мемлекеттік теңгерімге есепке алынған.

1-сурет - Қазақстан Республикасының газ қорлары*

*Дереккөз: ҚР ИДМ Геология және жер қойнауын пайдалану комитетінің деректері бойынша, 2010 ж.

      Қазақстанның газ ресурстарының ерекшелігі қомақты бөлігінің ілеспе газ болып табылатынында және тиісінше, газ өндіру көмірсутектердің сұйық фракцияларын өндіруге байланысты. Өндірілген шикі газдың едәуір көлемі қабаттағы қысымды ұстап тұру және бірінші кезекте сұйық көмірсутектер өндіру үшін қайтадан қабатқа айдалады.
      Қазақстанның перспективалы және болжамды газ ресурстары 6-8 трлн. м3 бағаланады және Каспий теңізінің қайраңымен байланысты, мұнда ірі Қашаған кен орны анықталған. Сондықтан, Қазақстан газ ресурстарының едәуір қорына ие бола отырып және трансшекаралық мемлекеттердің өңірлік нарығының дәл ортасында орналаса отырып, магистральдық газ құбырының жүйесі арқылы газ транзитінде басты рөл атқару мүмкіндігіне, сол сияқты Қазақстан Республикасының ішкі нарығын кеңейту және газдандыру мүмкіндігіне де ие.

      1. Газ өндіруді дамыту үрдісі мен болжамы
      Қазақстанның газ саласын дамытудың қазіргі заманғы үрдісі ұзақ мерзімді перспективада сақталып қалатын газ өндіру көлемінің динамикалық өсімі болып табылады. Газ саласы дамуының оң факторларына көбінесе жаңа ірі кен орындарын тәжірибелік-өндірістік игеруден өндірістік игеруге пайдалануға беруді көздейтін жер пайдаланушылардың инвестициялық бағдарламалары шеңберінде белгіленген іс-шараларды жоспарлы түрде іске асыру ықпал етеді. Соның нәтижесінде, 2002 - 2012 жылдарға арналған кезеңде газ өндіру 2,5 еседен астам өсті.

1-график - Газ өндіру динамикасы (жалпы шығару)*
 

*Дереккөз: Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің деректері бойынша

      Өндіру өсімінің үрдісі Қазақстан Республикасының барлық мұнай-газ өндіретін өңірлері бойынша байқалады. Газ өндірудің жалпы көлемінде Батыс Қазақстан облысының кен орындарының үлес салмағы қомақты болып табылады, олардың үлесі шамамен қырық жеті пайызды құрайды, бұл ең ауқымды мұнай-газ конденсатты кен орындарының бірі болып табылатын Қарашығанақты игеруге байланысты. Республикада газ өндірудің үлесі шамамен отыз екі пайызды құрайтын Атырау облысында газ өндірудің ең жоғары көлемі Теңіз және Королевское, Маңғыстау облысында (газ өндірудің жалпы республикалық көлемінің бес бүтін оннан алты пайызы) - Солтүстік Бозашы, Қызылорда облысында - (газ өндірудің жалпы республикалық көлемінің үш бүтін оннан сегіз пайызы) - Оңтүстік Құмкөл және Ақшабұлақ кен орындарына тиесілі.
      Газ саласының перспективалы дамуы Каспий теңізінің қазақстандық секторындағы кен орындарын игерумен тікелей байланысты болады. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің (бұдан әрі - ҚР Энергетикамині) бағалауы бойынша, Қашаған бойынша газ өндірудің күтілетін көлемі жылына шамамен 9 миллиард м3 (бұдан әрі - млрд. м3) газды құрайтын болады. Аталған көлемнен Қазақстан Республикасының ұлттық операторы «ҚазТрансГаз» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - Ұлттық оператор) мен Солтүстік Каспий жобасы бойынша өнімді бөлу туралы келісім бойынша мердігер компаниялар арасындағы шартқа сәйкес Ұлттық оператор Солтүстік Каспий жобасы бойынша өнімді бөлу туралы келісімнің (бұдан әрі - СК ӨБК) қолданылу мерзімі аяқталғанша, яғни 2042 жылға дейін жылына қашағандық газдың шамамен 2,5-3 млрд. м3 сатып алатын болады.
      Қашаған газын жеткізудің жоспарланатын жыл сайынғы көлемі ішкі нарық үшін және экспортқа газдың едәуір көлемінің шоғырлануына ықпал ететін болады.
      ҚР Энергетикаминінің болжамдарына сәйкес 2020 жылға қарай газ өндірудің көлемі жылына 62 млрд. м3 дейін артып, ол 2030 жылға қарай 59,7 млрд. м3 дейін біртіндеп төмендейді, бұл газды кері айдау қажеттігіне байланысты. Сұйық көмірсутектерді өндіру ерекшелігі газды кері айдау технологияларын қолдануды көздейтіндіктен, өндірілетін газдың едәуір көлемі осы мақсаттар үшін пайдаланылатын болады. Осының салдарынан, перспективада тауарлық газ өндірудің төмендеуі күтілуде.

1-кесте - Қазақстан Республикасы газының болжамды балансы, млн. м3*

Көрсеткіштер

2015 ж.

2020 ж.

2025 ж.

2030 ж.

1.

Газ өндіру

44 194

61 995

61 022

59 784

2.

Газ айдау

12 475

22 838

24 768

25 108

3.

Технологиялар және меншікті мұқтаждықтар, оның ішінде газ жағу

5 631

5 927

5 532

5 291

4.

Құрғақ газды өндіру, барлығы

26 087

33 230

30 722

29 385

5.

Өз мұқтажына, оның ішінде ГТҚ отын газы

3 868

8 643

8 479

8 369

6.

Таратылатын тауарлық газ

22 219

24 587

22 243

21 016

*Дереккөз: ҚР Энергетикаминінің деректері бойынша «ҚР-ның 2030 дейінгі газ балансы», 2014 жылғы 21 сәуір.

      Бұл салдар ішкі нарықты өз ресурстарымен қамтамасыз ету үшін газ тапшылығының қалыптасуына әсер етуі мүмкін. Сонымен қатар, газ өндіру және тауарлық газды өндіру әлеуеті әлі таусылған жоқ және көлемнің болжанатын төмендеуі тән емес үрдіс болып табылады, жаңа кен орындары пайдалануға берумен газ өндіру көлемі өсуі мүмкін.

      2. Тауарлық газды тұтыну динамикасы мен құрылымы
      Қазақстан өңірлерін газдандырудың қазіргі жағдайы мынадай базалық көрсеткіштермен сипатталады. Қазақстан Республикасының тоғыз облысы және оңтүстік өңірдің ең ірі мегаполисі - Алматы қаласы газбен жабдықталған. Газбен жабдықтаудың ең жоғары деңгейі батыс өңірдің облыстарында байқалады: Маңғыстау облысы - 96,4 %; Атырау облысы - 92,9 %; Батыс Қазақстан облысы — 86,7%; Ақтөбе облысы - 79,9 %.
      Газдандыру объектілерін салу бойынша жоспарлы іс-шаралардың іске асырылуымен тауарлық газды пайдаланудың көлемі динамикалы түрде өсіп келеді.

2-график 2009 - 2013 жж. тауарлық газды тұтыну

Дереккөз: ҚР Энергетикаминінің деректері бойынша

      Газды пайдаланудың құрылымында ең қомақты үлес салмақ өнеркәсіп кәсіпорындарына және жанармай-энергетикалық кешенге тиесілі (тиісінше 26 % және 45 %).

2-кесте - Сегменттер бойынша тауарлық газды тұтыну, 2013 ж.*

Атауы

2013 ж., млрд. м3.

Үлес, %-бен

Тауарлық газды тұтыну - ҚР бойынша барлығы

10,9

100

өнеркәсіптік кәсіпорындар

2,8

25,5

коммуналдық-тұрмыстық кәсіпорындар

0,7

6,8

жылу энергиясын шығарушы кәсіпорындар

4,9

45,2

Халық

2,5

22,5

*Дереккөз: ҚР Энергетикаминінің деректері бойынша

      Газбен қамту пайызы 90 %-дан астамын құрайтын батыс өңірінің облыстарын газдандырудың жоғары деңгейімен қатар, Қазақстан Республикасының қалған өңірлерінде газдандыру деңгейі едәуір төмен.
      «Бейнеу - Бозой - Шымкент», «Сарыбұлақ - Майқапшағай», «Қазақстан - Қытай», «Алматы - Талдықорған» және перспективалы «Батыс - Солтүстік - Орталық» МГ» магистральдық газ құбырларының құрылысы бойынша ірі инвестициялық жобаларды іске асыра отырып, магистральдық газ құбырлары бойынша өтетін аумақтарда газдандыру және газбен жабдықтау объектілерін реконструкциялау, жаңғырту және жаңадан салу жөніндегі іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Атап айтқанда, Шығыс Қазақстан облысында Зайсан ауданының елді мекендерін газбен жабдықтауды дамыту басталды. Оңтүстік Қазақстан облысында «Оңтүстік Қазақстан облысының және Шымкент қаласының газ тарату желілерін жаңғырту» жобасы іске асырылуда. Жамбыл облысында 2012 жылдан бастап «Тараз қаласының газ тарату желісін жаңғырту және облыстың елді мекендерін газдандыру» жобасы іске асырылуда. Қызылорда облысында Қызылорда қаласын, сондай-ақ қала әкімшілігінің құрылымына кіретін елді мекендерді газдандыру бойынша жобалар аяқталды.
      Қазақстан Республикасының ішкі нарығын газдандыру мен газбен жабдықтауды дамыту бойынша кең ауқымды міндеттерді іске асыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі қаулысымен газ нарығында Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіретін Ұлттық оператор айқындалды. Жалғыз акционер «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы (бұдан әрі - «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ) болып табылады. Ұлттық оператор магистральдық газ құбырлары бойынша табиғи газ тасымалдауды басқарады, ішкі және сыртқы нарықтарда газды өткізумен, сондай-ақ газды тасымалдауға, сақтауға және өткізуге арналған объектілерді жобалаумен, салумен және пайдаланумен айналысады.

      3. Бас схеманың мақсаттары мен міндеттері
      Мақсаты - газ тасымалдау жүйесін (бұдан әрі - ГТЖ) кезең-кезеңмен дамыту арқылы Қазақстан Республикасының тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуы үшін жағдайлар жасау және экологиялық жағынан таза отын ретінде табиғи газдың өз ресурстары есебінен газбен жабдықтауға деген қажеттілікті қамтамасыз ету.
      Міндеттері:
      1) перспективалы газдандыруды дамытудың стратегиялық бағыттарын қалыптастыру;
      2) газдандырудың бірыңғай жүйесін құру үшін негіз болып табылатын газдандыру жүйесінің қолданыстағы және құрылысы жоспарланған объектілерді орналастыру схемаларын айқындау;
      3) Қазақстанның отын-энергетикалық теңгерімнің құрылымында газдың тұтынылу үлесін ұлғайту үшін жағдайлар жасау;
      4) Қазақстан Республикасын газдандырудың экономикалық тұрғыдан мейлінше жоғары ақталған деңгейіне қол жеткізу;
      5) Ұлттық оператор мен Қазақстан Республикасы жергілікті атқарушы органдарының тұтынушыларды газдандыру және газбен жабдықтау бойынша іс-шараларды іске асыру кезінде тиімді өзара іс-қимыл жасауын ретке келтіру және оған қол жеткізу;
      6) ГТЖ объектілерін пайдалану кезінде техникалық және экологиялық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін оларды техникалық қайта құру жөніндегі шараларды іске асыру, сондай-ақ жаңа газ құбырларын салу және сыртқы нарықтарға газ тасымалдау бойынша экспорттық бағыттарды пысықтау.

2. Қазақстан Республикасының тұтынушыларын газбен сенімді
жабдықтауды қамтамасыз ету үшін газ саласын дамытудың
экономикалық жағынан негізделген стратегиялық бағыттары

      Бас схемада ресурс базасын дамытудың, газдың болжамды балансының, ішкі нарықтағы газға деген сұраныс деңгейінің, ГТЖ даму дәрежесінің және басқа да параметрлердің перспективалылығына негізделген газдандыруды дамытудың пессимистік сценарийі көзделеді. Қазақстан Республикасының өңірлерін 2030 жылға дейін газбен жабдықтау мен газ тұтынуды дамытудың болжамды сценарийі газдандыруды жүзеге асыру басымдықтары мен шектеулерін ескере отырып қалыптастырылды.
      Газдандыруды оптимистік сценарий бойынша іске асыру 2030 жылға қарай мынадай болжамды деректерге орай перспективалы емес болып табылады:
      1) Қазақстан Республикасын газдандырудың өңірлік схемаларында көзделетін газды пайдалану көлемі - 25,5 млрд. м3;
      2) Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі болжайтын, тарату үшін еркін газдың көлемі - 21,0 млрд. м3;
      3) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі болжайтын, өнеркәсіп және энергетика кәсіпорындарының газды пайдалану көлемі — 18,7 млрд. м3, олардың ішінде ірі өнеркәсіп және энергетика кәсіпорындарының үлесіне 13,3 млрд. м3 жатады;
      4) инвестициялық ресурстардың көлемі — 1,5 трлн. теңге (2012 жылғы бағалар бойынша, 2014 жылғы теңге бағамының өзгеруін есептемегенде).
      Осылайша, қомақты инвестициялық ресурстарды салу тиімді болмайды, себебі тауарлық газды өндіру және шығару көлемінің төмендеуі болжанып отырған кезде ГТЖ артық қуат құрайды.
      Газдандырудың пессимистік сңенарийі газ балансының профициті болып табылады. Алайда бұл сценарий халықтың газбен қамтылуын дамытуды, химиялық өндірістер мен газ шаруашылығы секторының, сондай-ақ экономиканың аралас салаларының дамуын ынталандырмайды.

      1. Газдандыруды дамытудың базалық сценарийінің негіздемесі
      Газдандыруды дамытудың ықтимал сценарийлері мен газ саласындағы қазіргі үрдісін жалпы негізге ала отырып, базалық сценарий ретінде газдандыруды дамытудың шынайы сценарийі қабылданады, бұл мынадай аспектілерге байланысты:
      1) газдың тапшылыққа ұшырамайтын балансына қол жеткізу, бұл өнеркәсіп және энергетика кәсіпорындарының болжанатын және мәлімделген газдың көлемін оңтайландыруды көздейді;
      2) газды пайдаланудың болжамды көлемін оңтайландыру газдандырудың мерзімін және/немесе көлемін түзету арқылы мүмкін болады;
      3) газдың жетіспейтін көлемі негізгі өнеркәсіптік тұтынушылар бойынша газды нарықтық бағалар бойынша импортқа шығару арқылы өтелетін болады;
      4) «Түрікменстан - Қытай», «Бейнеу - Бозой - Шымкент» сияқты Қазақстанның оңтүстігіндегі транзиттік магистральдық газ құбырының құрылысын аяқтау;
      5) Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарындағы транзиттік магистральдық газ құбырларынан тармақталатын газ құбырларының құрылысын жүзеге асыру;
      6) Шығыс Қазақстан облысында «Сарыбұлақ-Майқапшағай» МГ құрылысының аяқталуы және Зайсан ауданының елді мекендерін газдандырудың басталуы;
      7) Оңтүстік Қазақстан және Жамбыл облыстарында газ тарату желілерін (бұдан әрі - ГТЖ) реконструкциялау мен жаңғыртуды жүргізу;
      8) Ақтөбе облысының аудандарында ГТЖ құрылысын іске асыруды жалғастыру;
      9) Батыс және Оңтүстік өңір облыстарында жаңа газдандыру мен газбен жабдықтау объектілерін салудың және газдандырудың ТЭН әзірлеу;
      10) Солтүстік және Шығыс өңір облыстарын газдандырудың жаңа балама тәсілдерін пысықтау.
      Газдандыруды дамытудың шынайы сценарийінде осыған дейін газдандырылған өңірлер және ірі магистральдық газ құбырларына жақын орналасқан аумақтар бойынша жаңа пайдаланушыларды газдандыру жөніндегі іс-шараларды іске асыру көзделеді. Сценарийде Астана қаласы мен Ақмола облысының елді мекендерін газдандыра отырып, «Батыс - Солтүстік - Орталық» МГ құрылысын іске асыру көзделеді.
      Сценарийде Қарағанды және Солтүстік Қазақстан облыстарын, Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданын газдандыру көзделмейді.
      Газдандыруды дамытудың шынайы сценарийі мынадай аспектілерге:
      1) магистральдық газ құбыры бойынан газдандыру объектілерінің құрылысына, жаңа аумақтарды газдандырудың тиімділігін (рейтингтік бағалау) ескере отырып, олардан тармақталатын газ құбырларын тартуға;
      2) газ өндіру мен тауарлық газды шығару деңгейін тұрақтандырудың салдарынан газдың ресурстық базасын кеңейтуге;
      3) отын-энергетикалық және өнеркәсіптік кәсіпорындардың тарапынан тұрақты сұранысқа, сондай-ақ халықтың төлеу қабілеттілігіне негізделетін газға деген сұраныстың тұрақты динамикасына;
      4) газ бағалары деңгейінің тұрақтануына және газды тасымалдау мен сақтау тарифтерінің теңгерімділігіне байланысты.
      Сценарийде газдың тапшылыққа ұшырамайтын теңгеріміне қол жеткізу көзделеді, бұл өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорындардың газдың болжанатын және мәлімделген көлемін оңтайландыруын білдіреді.

3-кесте - Газдандыруды дамытудың шынайы сценарийі кезінде ресурстардың және газды тұтынудың болжамды өңірлік балансы, млн. м3

Атауы

2020

2025

2030

1.

Бөлінетін тауарлық газ

24 587

22 243

21 016

1.1

Батыс өңір

23 053

21 575

20 548

1.2

Оңтүстік өңір

1 532

667

467

2.

Тауарлық газды тұтыну

16 287

17 589

18 085

2.1

Батыс өңір

8 101

8 609

8 506

2.2

Оңтүстік өңір

6 447

7 071

7 573

2.3

Солтүстік өңір

1 724

1 889

1 986

2.4

Шығыс өңір

15

19

20

3.

Дефицит/Профицит

8 300

4 654

2 931

      Газды пайдалану құрылымында ең қомақты үлес өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорындарға тиесілі. Сценарийде ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың пайдалану мерзімдері мен көлемін түзету арқылы газды пайдаланудың болжамды көлемін оңтайландыру көзделген.

4-кесте - Шынайы сценарий кезіндегі газдандырудың болжамды көрсеткіштері

Атауы

Тұтыну - барлығы, млн. м3

Инвестициялар - барлығы, млн. теңге

2020

2025

2030

2020

2025

2030

1

Ақмола облысы

137

162

169

19 337

-

-

2

Ақтөбе облысы

2 086

2 187

2 217

60 627

10 068

-

3

Алматы облысы

542

802

962

97 755

29 889

8 511

4

Атырау облысы

2 260

2 498

2 535

40 865

22 203

18 534

5

Шығыс Қазақстан облысы

15

20

20

4 574

2 203

-

6

Алматы қ.

1 210

1 269

1 335

59 883

7 381

-

7

Астана қ.

601

721

792

46 678

15 344

6 768

8

Жамбыл облысы

2 696

2 794

2 894

14 252

6 966

142

9

Батыс Қазақстан облысы

1 121

1 159

1 165

33 456

8 269

-

10

Қостанай облысы

987

1 006

1 025

-

480

-

11

Қызылорда облысы

695

763

838

47 900

13 880

741

12

Маңғыстау облысы

2 634

2 766

2 590

1 431

-

-

13

Оңтүстік Қазақстан облысы

1 304

1 444

1 544

61 691

11 700

4 364

14

Қазақстан Республикасы

16 287

17 589

18 085

488 449

128 384

39 059

      Газдандыруды дамытудың шынайы сценарийін іске асыру кезінде инвестициялардың болжанатын көлемі 655,9 миллиард теңгеден (2012 жылғы бағалар бойынша) астам болады.
      Инвестициялық шығындар құрылымында ең қомақты үлес - 45 %-дан астамы кент ішіндегі және қала ішіндегі газ тарату құбырларының құрылысына тиесілі болады, шығындардың осыншалық қомақты үлесі Оңтүстік Қазақстан, Алматы, Қызылорда және Жамбыл облыстары аудандарының елді мекендерінде халықтың тығыз орналасуына байланысты.

5-кесте — Шынайы сценарий кезіндегі тұтынудың болжамды көлемдері

Атауы

Халық, млн. м3

Коммуналдық-тұрмыстық, млн. м3

2020

2025

2030

2020

2025

2030

1

Ақмола облысы

92

113

118

13

15

15

2

Ақтөбе облысы

394

424

434

55

59

61

3

Алматы облысы

343

508

623

48

71

78

4

Атырау облысы

181

202

222

28

31

35

5

Шығыс Қазақстан облысы

12

16

16

2

2

2

6

Алматы қ.

421

452

497

42

45

50

7

Астана қ.

287

339

362

40

47

51

8

Жамбыл облысы

274

324

360

72

79

86

9

Батыс Қазақстан облысы

244

264

266

153

162

164

10

Қостанай облысы

164

172

180

84

88

92

11

Қызылорда облысы

155

192

237

28

32

38

12

Маңғыстау облысы

240

266

284

41

43

44

13

Оңтүстік Қазақстан облысы

526

608

665

105

122

133

14

Қазақстан Республикасы

3333

3879

4265

711

797

848

6-кесте — Шынайы сценарий кезіндегі тұтынудың болжамды көлемдері

Атауы

Отын-энергетика кешені, млн. м3

Өнеркәсіп, млн. м3

2020

2025

2030

2020

2025

2030

1

Ақмола облысы

24

26

27

7

8

8

2

Ақтөбе облысы

649

662

672

988

1 042

1 050

3

Алматы облысы

51

76

87

100

147

174

4

Атырау облысы

1 303

1 507

1 510

748

757

767

5

Шығыс Қазақстан облысы

1

1

1

-

-

-

6

Алматы қ.

582

582

582

165

189

205

7

Астана қ.

274

335

379

-

-

-

8

Жамбыл облысы

482

492

520

1 867

1 899

1 928

9

Батыс Қазақстан облысы

287

288

288

437

445

446

10

Қостанай облысы

277

279

281

462

467

472

11

Қызылорда облысы

394

401

405

117

137

158

12

Маңғыстау облысы

2 171

2 267

2 069

182

190

193

13

Оңтүстік Қазақстан облысы

397

405

417

276

309

329

14

Қазақстан Республикасы

6 892

7 321

7 240

5 349

5 589

5 730

      Шынайы сценарий бойынша газдандыру іс-шараларын іске асыру кезінде Қазақстан Республикасының халқын қамту деңгейі 56 %-ға жетеді, бұл шамамен 1,6 мың елді мекенді газбен жабдықтауға мүмкіндік береді. Жүргізілген есептерге сәйкес газ құбырының жалпы ұзақтығы шамамен 29 мың километрді (бұдан әрі - мың км.) құрайтын болады, олардың ішінде 18 мың км астамы кент ішіндегі және қала ішіндегі газ тарату құбырларына тиесілі.
      Газдандырудың шынайы сценарийінде газдың тапшылыққа ұшырамайтын теңгеріміне қол жеткізу көзделеді, бұл өнеркәсіптік және энергетика кәсіпорындарының болжанатын және мәлімделген газдың көлемін оңтайландырудың мынадай болжамды деректерін көздейді:
      1) ҚР Энергетикамині болжайтын, бөлу үшін газдың бос көлемі - 21 млрд. м3;
      2) шынайы сценарийде көзделген газды пайдалану көлемі - 18 млрд. м3;
      3) өнеркәсіп және энергетика кәсіпорындарының пайдалану көлемі - 13 млрд. м3, оның ішінде 10,4 млрд. м3 ірі өнеркәсіп және энергетика кәсіпорындарына тиесілі;
      4) инвестициялық ресурстар көлемі - 656 млрд. теңге (2012 жылғы бағалар бойынша), оның ішінде 74 %-ын газдандырудың бастапқы кезеңінде іске асыру болжануда.
      Ауқымды инвестициялық жобаларды іске асыру үшін ішкі нарықтағы газдың көтерме бағаларын газдандыруды іске қосу процесінің жеткілікті қаржылық базасын қамтамасыз ететіндей және халықтың коммуналдық-тұрмыстық төлемдерге шығындарының үлесінен асатындай деңгейге дейін кезең-кезеңмен арттыру жоспарларын көздеу қажет.
      Газдандыруды дамытудың ықтимал сценарийлік жағдайларының негізін қалаушы факторларының бірі ресурстық базаны қамтамасыз ету болып табылады, оның салдарынан газ саласын дамытудың негізгі және перспективалы бағыттарының бірі мемлекеттік компаниялар үлесін ұлғайта отырып, шикізат (газ, газ-конденсат) қорларын кеңінен шығаруды ынталандыру болып табылады.

      2. Газбен жабдықтаудың баламалы көздерінің пайдаланылуын салыстырмалы талдау
      Отын-энергиямен жабдықтау жүйелерін оңтайлы дамыту анағұрлым прогрессивті және экологиялық жағынан таза энергия ресурстарын барынша пайдалануды көздейді. Мұндайға сұйытылған табиғи газ, табиғи газ және сұйытылған көмірсутекті газ жатады.
      Органикалық жаңартылмайтын отынның басқа түрлерімен салыстырғанда, бұлар экологиялық жағынан таза және пайдалануға ыңғайлы болып табылады, сондықтан таяудағы жылдары материалдық-техникалық ресурстардың қажетті көлемін ескере отырып, дамудың барлық нұсқаларында отын-энергетикалық ресурстарға ішкі сұраныстың негізі болып қала береді.
      Қазақстан Республикасында энергия тасығыштарға және табиғи газға қолданылатын тарифтер бағаларын салыстырмалы талдау тас көмірге пайдалану жағынан экономикалық пайданы көрсетеді. Алайда, бұл энергия ресурстарын пайдалану құрылымында, әдетте пайдаланудың үлес салмағы тас көмірге тиесілі өңірлерге қатысты, бұл аумақтық-энергетикалық пайдалану құрылымына байланысты. Уақытқа кететін шығындарды, коммуналдық-тұрмыстық секторда тас көмірді пайдалану бойынша көп еңбекті кажет ететінін және экологияға шамадан тыс жүктеме түсетінін ескерсек, бұл жағдайдағы экономикалық әсер саланың экологиялық іс-шараларға жұмсалатын шығындарының қысқаруы болып табылады.

7-кесте - Жеке меншік үйлерді отынның дәстүрлі түрінен газға ауыстырудың салыстырмалы есебі*

Көрсеткіштер

Өлшем бірлігі

Қазақстан бойынша орташа

1

Энергия тасығыштардың бағалары*



1.1

Тарату желілері бойынша тасымалданатын табиғи газ үшін төлем

теңге/м3

10,5

1.2

Сұйытылған газ

теңге/кг

131,2

1.3

Тас көмір

теңге/тонна

6 594,0

1.4

Дизель отыны

теңге/литр

99,0

1.5

Мазут

теңге/тонна

50 725,0

2

Шартты отынға ауыстырғанда энергия тасығыштардың бағалары



2.1

Табиғи газ

теңге/кг ш.о.

9,0

2.2

Сұйытылған газ

теңге/кг ш.о.

59,4

2.3

Тас көмір

теңге/кг ш.о.

10,5

2.4

Дизель отыны

теңге/кг ш.о.

68,3

2.5

Мазут

теңге/кг ш.о.

36,8

3

Тұрғын үй қорының параметрі *



3.1

Тұрғын алаң

мың м2

201 589,6

3.2

Тұрғын үйлердің саны

бірлік

2 062 115,0

3.3

Оның ішінде қалалық елді мекендегі жеке үйлер

бірлік

591 657,0

3.4

Ауылдық елді мекендегі жеке үйлер

бірлік

1 103 017,0

3.5

Жеке үйлердің орташа алаңы

м2

97,8

3.6

Бір жылға есептегенде 1 м2 пайдалы алаңды жылытуға шартты отынды тұтыну

кг у.т. 1м2

69,1

4

Отын тұтыну бойынша шығындар сомасы (1м2 пайдалы алаңды жылытуға арналған шартты отынның бірлігіне бағалармен)



4.1

Табиғи газ

теңге/ай

622,2

4.2

Сұйытылған газ

теңге/ай

4 107,2

4.3

Тас көмір

теңге/ай

728,3

4.4

Дизель отыны

теңге/ай

4 720,4

4.5

Мазут

теңге/ай

2 543,1

Дереккөз: Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті

      3. Солтүстік және Шығыс өңірінің облыстарын газдандыру кезінде сұйытылған табиғи газды пайдалану
      Желілік газдың нарығын жасау мақсатында бұрын газдандырылмаған аумақтарда шағын өнеркәсіптік кәсіпорындарды және елді мекендерді сұйытылған табиғи газ арқылы автономды түрде энергиямен жабдықтау бойынша күрделі салым салыстырмалы қысқа мерзімде өзін өзі ақтайтын инвестициялар үшін тартымды сала болып табылады. Шағын энергетиканың автономиялық объектілері шалғайдағы өңірлерді энергиямен қамтамасыз ету проблемасын жоюға көмектеседі.
      Тұтастай алғанда, газ құбырын салған жағдайда да, біріншіден, газ құбырының өзі бойынша құрылыс жұмыстарына да (1-2 жыл), өңірде тарату желілерінің құрылысына да (10 жыл) ұзақ уақыт керек, екіншіден, мақсаты газ құбырын салу болып табылатын тұтынушыдан сұранысты қалыптастыру. Алайда инфрақұрылым мен тұтынушының дайындығының болмауы себебінен бір сәтте мұндай сұранысты жасау мүмкін емес.
      Осыған байланысты бұл жағдайда сұйытылған табиғи газбен газдандыру анағұрлым орынды. Сонымен, ең алдымен, тиісті қоймалар мен регазификаторлар орнатылатын ірі тұтынушылар (өнеркәсіптік кәсіпорындар, коммуналдық-тұрмыстық объектілер және т.б.) айқындалады. Одан кейін сұраныстың даму шамасына қарай сұйытылған табиғи газдың желілері мен қоймаларын ірілендіру, ірі объектілер жанында автогаз құю станцияларын және халық үшін тиісті объектілерді (тұрғын үйлер жанында регазификаторлар) салу болып табылады. Осының барлығынан кейін сұраныс пен тиісті инфрақұрылым болған жағдайда, өңірге газ құбырын өткізу туралы шешім қабылданады, соның нәтижесінде желілік табиғи газбен газдандыру экономикалық жағынан тартымды болып табылады. Бұл ретте сұйытылған табиғи газдың объектілері (қоймалар мен регазификаторлар) өзінің ұтқырлығының есебінен газдандыру бойынша осындай іс-шараларды өткізу мақсатында басқа өңірлерге ауыстырылады.
      Сұйытылған табиғи газ желілік табиғи газға бәсекелес болмай, кейінгі кезеңде экономикалық жағынан тартымды газ құбырын өткізу үшін жеткілікті сұранысты және бастапқы кезеңдегі тиісті инфрақұрылымды жасауға мүмкіндік береді.
      Алдымен сұйытылған табиғи газды өндіру үшін ресурстарды пайдалану мәселесі туындайды. Қазақстанда солтүстік және орталық өңірлерді газбен жабдықтау мақсатында айырбас операциялары шеңберінде Қостанай облысының қажеттігі үшін жеткізілетін импорттық Ресей газын қолдану неғұрлым орынды болып көрінеді. Тиісінше сұйытылған табиғи газды сұйылту бойынша зауыттың осы өңірде (Тобыл) орналасқаны жөн.
      Бұдан басқа, өңірлерді газдандырудың және тиісінше, сұйытылған табиғи газды өндіру үшін ресурстарды, мысалы, Маңғыстау облысында - «Қазақ теңіз көлік флоты» ұлттық теңізде жүзу компаниясы» акционерлік қоғамының кемелерін сұйытылған табиғи газға ауыстыру, Қызылорда және Шығыс Қазақстан облыстарында пайдаланудың басқа да нұсқалары болуы мүмкін болады.
      Осылайша, бір өңірдің бірнеше елді мекендерін (немесе елді мекендердің топтарын) аз мөлшерде пайдаланылатын сұйытылған табиғи газ және автогаз тасымалдаушыларды пайдалана отырып, табиғи газды сұйылту зауытынан 300 километрге (бұдан әрі - км) дейінгі жиынтық қашықтықта орналастыру арқылы газдандыруға болады. Сұйытылған табиғи газды 300 километр және одан да көп қашықтыққа тасымалдау теміржол көлігін пайдаланылуды талап етеді.

      4. Сұйытылған көмірсутек газын пайдалану
      Сұйытылған газ өндіру бойынша жобалық қуат тұтастай Қазақстан Республикасы бойынша (ГӨЗ, ГДҚ есепке алғанда) жылына шамамен 2 млн. тоннаны құрайды. Сұйытылған көмірсутек газының өндірісі республиканың үш мұнай өңдеу зауыттарында да шоғырланған: Павлодар мұнай-химия зауыты (ПМХЗ), Атырау мұнай өңдеу зауытында да (АМӨЗ), «ПетроҚазақстан Ойл Продактс» (ПКОП, Шымкент қ.).
      Мұнай өңдеу зауыттарының жобалық қуаты жылына шамамен 18 млн. тонна мұнайды құрайды, бұл 2,4 млн. тоннадан астам сұйытылған көмірсутек газын өңдеуге мүмкіндік береді. Зауыттардың технологиялық сипаттамаларының және өңделетін шикізат сапасының түрлі деңгейі оны қайта өңдеу өнімдерінің шығарылу деңгейін де айқындайды. Сұйытылған көмірсутек газының анағұрлым жоғары пайызы «Теңізшевройл» ЖШС-да анықталды, Қазақстандағы сұйытылған көмірсутек газы өндірісінің жылдық орташа көлемі шамамен 2 448 мың тоннаны құрайды, бұл нарықтың ішкі сұраныстарын толық көлемде жабады.
      Тұрғындарды газдандырудың іске асырылып жатқан өңірлік бағдарламалары соңғы 5 жылда сұйытылған көмірсутек газын тұтыну көлемдерін біраз деңгейде төмендетті. Дегенмен, халықты толық ауқымда газдандыру жөніндегі іс-шараларды көздейтін 2030 жылға дейін газдандырудың бас схемасын іске асыру арқылы магистральдық газ құбырларынан алыс өңірлерге сұйытылған көмірсутек газын жеткізу де болжанады. Қазақстанды газдандырудың бас схемасының болжамды есептеулеріне сәйкес Қазақстан Республикасының сұйытылған көмірсутек газына (пропан-бутан) деген болашақтағы сұраныстары шамамен жылына 1 654 мың тоннаны құрайтын болады. Болжанған кезеңдегі сұйытылған көмірсутек газын тұтыну көлемдерінің төмендеуі Қазақстан Республикасын газдандыру көлемінің 56 %-ға дейін артуына байланысты. Осының салдарынан сұйытылған көмірсутек газын өндірудің қолданыстағы көлемдері болашақтағы сұраныстарды жабу үшін толығымен жеткілікті болады.
      Дегенмен, 2011 — 2016 жылдар кезеңінде Қазақстан Республикасының барлық мұнай өңдеу зауыттары үшін мұнай өңдеу тереңдігін ұлғайтуға, қалдық ауыр мұнай өнімдерін жоғары сапалы мотор отындарына қайта өңдеуге, сондай-ақ бәсекеге қабілетті мұнай-химия өнімін ала отырып, одан әрі қайта өңдеу үшін шикізат негізін құрайтын экспорттық мұнай-химия өнімін шығаруға бағытталған реконструкциялау және жаңғырту жобалары жоспарланған.

8-кесте — Шынайы сценарий кезіндегі сұйытылған көмірсутек газын тұтынудың болжамды көлемдері, тоннамен

Атауы

2020

2025

2030

1

Ақмола облысы

40 492,9

35 432,0

36 337,6

2

Ақтөбе облысы

13 238,2

9 436,1

8 247,8

3

Алматы облысы

120 309,9

137 841,2

170 211,9

4

Атырау облысы

938 487,7

936 375,7

934 599,1

5

Шығыс Қазақстан облысы

102 777,8

95 341,2

96 964,0

6

Алматы қ.

12 522,0

6 376,5

0,0

7

Астана қ.

9 120,9

5 037,5

0,0

8

Жамбыл облысы

36 881,5

29 572,0

23 513,5

9

Батыс Қазақстан облысы

10 113,9

6 769,9

7 177,6

10

Қарағанды облысы

105 437,4

100 860,3

105 979,8

11

Қостанай облысы

30 058,5

25 641,7

24 427,6

12

Қызылорда облысы

32 217,1

23 865,0

16 563,2

13

Маңғыстау облысы

8 144,8

8 942,3

10 585,8

14

Павлодар облысы

56 928,3

53 968,9

56 481,4

15

Солтүстік Қазақстан облысы

41 625,2

38 070,6

38 807,7

16

Оңтүстік Қазақстан облысы

133 644,2

121 469,0

124 102,9


Жалпы қорытынды

1 692 000,0

1 635 000,0

1 654 000,0

3. Бас схеманы іске асыру жөніндегі негізгі іс-шаралар

      Қазақстан экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету және халықаралық міндеттемелерді орындау ішкі нарықты газдандыруды және газбен жабдықтауды дамыту бойынша инвестициялық жобаларды газ саласының іске асыру қабілеттілігіне тікелей байланысты.
      Газдандыру мен газбен жабдықтауды дамытудың инвестициялық процестеріне ықпал ету үшін негізгі міндеттер:
      1) шикізат (газ, газ конденсаты) қорларын кеңінен жаңадан өндіруді ынталандыру;
      2) ұзақ мерзімді кезеңде айтарлықтай мультипликативтік әсерге ықпал ететін ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін қолайлы жағдайлар және кепілдіктер жасау;
      3) инновациялық технологиялар мен жабдықтарды енгізуді есепке ала отырып, жаңа өңірлерде газдандыру мен газбен жабдықтауды тиімді дамытуды ынталандыру болуға тиіс.
      Анықталған міндеттер Үдемелі индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасында алға қойылған даму бағыттарына сәйкес келеді және энергетика саласындағы ұзақ мерзімді мемлекеттік саясатқа (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 28 маусымдағы № 724 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының отын-энергетикалық кешенін дамытудың 2030 жылға дейінгі тұжырымдамасы) бейімделетін болады.
      Нәтижесінде, газ және тариф белгілеу саласындағы, газ және энергиямен жабдықтау саласындағы дәйекті мемлекеттік саясатты іске асырудың шаралары мен іс-шараларын көздеу ұсынылады, бұл инвестициялық қаражатты анағұрлым тиімді пайдалануды, орны толтырылмайтын қазба ресурстарын - табиғи газды ұтымды әрі кешенді жұмсауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
      Қазақстан Республикасы экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз ету және халықаралық міндеттемелерді орындау ішкі нарықты газдандыруды дамыту бойынша инвестициялық жобаларды газ саласының іске асыру қабілеттілігіне тікелей байланысты.
      Сұйытылған табиғи газ арқылы өңірлерді газдандыру мүмкіндігін қарау шеңберінде Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы нормативтік құқықтық актілері мен стандарттарын сұйытылған табиғи газ бен газ-мотор жанармайын пайдалану саласындағы тиісті халықаралық стандарттармен үйлестіру қажет.
      Сұйытылған табиғи газбен өңірлерді газдандыруды ынталандыру мен дамыту шеңберінде газды мотор майы ретінде пайдаланатын көлік құралдарын ынталандыру шараларын көздеу қажет.
      Газдандыруды дамыту бағдарламаларын іске асыру кезінде газды есепке алудың қазіргі заманғы интеграцияланған есепке алу жүйелерін енгізу бойынша іс-шараларды көздеу қажет, бұл ішкі нарықтағы газды пайдаланудың қолданыстағы мониторингін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Ішкі нарықта есепке алу құрылғыларын кең ауқымды енгізу халықтың газды пайдалану тиімділігін арттыратын болады.

4. Газбен жабдықтау жүйесінің салу, жаңғырту және (немесе)
қайта құру жоспарланған объектілерінің тізбесі және техникалық
сипаттамасы

      Газ тарату жүйелерін салудың көлемін бағалау кезінде Қазақстан Республикасының өңірлерін газдандырудың қазіргі жай-күйінің ерекшеліктері, атап айтқанда, құрылыс бойынша іске асырылған іс-шаралар, қолданыстағы газ тарату жүйелерін жаңғырту және қайта құру бойынша жоспарланатын инвестициялық жобалар, сондай-ақ газ тұтыну көлемінің тиісінше артуы кезінде газ тарату желілерін салу тиімділігін қамтамасыз ету бойынша талаптар ескерілді. Газ тарату желілерін салуға нақты қажеттілік газдандырудың қолданыстағы жүйесінің ерекшеліктері мен техникалық жай-күйін ескере отырып анықталуы мүмкін. Құрылысты іске асыру мерзімі өңірлер бойынша газдандыру жүйелері объектілерін дамытуды және қайта құруды (ресурстарды игеру және оларда магистральдық газ құбырын салу) ескере отырып көзделген.
      Газдандыруды дамытудың базалық сценарийінде газ құбыры құрылысының ең ұзақ бөлігі оңтүстік өңірдің облыстарына тиесілі, бұл шамамен 14 мың км құрайды, олардың ішінде 12 мың км астамы газ тарату желілеріне тиесілі, бұл елді мекендердің орналасу тығыздығының жоғары болуына байланысты. Салынып жатқан газ құбырларын қосу және жаңа тұтынушыларды газдандыру тарату жүйелерінің өткізу қабілетін арттыруды талап етеді. Әсіресе, ірі қалаларда қолданыстағы газ тарату жүйелерін реконструкциялау мәселесі өзекті болып тұр. Атап айтқанда, Тараз қаласының және Жамбыл облысының газ тарату жүйелерін жаңғырту, Шымкент қаласының және Оңтүстік Қазақстан облысының газ тарату жүйесін жаңғырту.
      Батыс өңір облыстарында жеке тұрғын үйлерді газбен жабдықтайтын төмен қысымды газ құбырлары бөлігінде газ тарату желілерін жергілікті қайта құру болжанады.
      Қазақстан Республикасы өңірлерін газдандыруды дамыту жаңа газ инфрақұрылымын жасаумен және газ ағынын әртараптандырумен байланысты жаңа қуаттардың ауқымды құрылысын болжайды.
      Газ құбырларының ұзындығын техникалық есептеу кезінде кент ішіндегі (қала ішіндегі) газ құбыры құрылысының негізгі көрсеткіштері бойынша орташа есеппен алынған мәндер қабылданды:
      1) бір абонентке (аз қабатты құрылыс) кент ішіндегі газ құбырының орташа ұзындығы 30 метрден есептеледі;
      2) көпқабатты бір үйге орамішілік газ құбырының орташа ұзындығы 150 метрден есептеледі.
      Жүргізілген есептемелерге сәйкес салынуы жоспарланатын магистральдық және газ тарату құбырларының жалпы ұзындығы шамамен 67,6 мың км, оның ішінде 43 мың км астамы аумақтық елді мекендер ішінен өтетін газ тарату құбырлары болады.

9-кесте - 2030 жылға дейін өңірлер бойынша газ тарату жүйелерін салу жоспарланатын көлемді бағалау

Атауы

Газ құбырының барлық ұзындығы, км

Газ құбыры- АГТС-қа бұру, км

Кентаралық жоғары қысымды газ құбырлары, км

Кентішілік және қалаішілік газ тарату құбырлары, км

Батыс өңір





2020 ж.

8 247

5

6 594

1 649

2025 ж.

2 169

8

1 159

1 002

2030 ж.

744

-

13

731

Барлығы

11 161

13

7 765

3 383

Оңтүстік өңір





2020 ж.

10 303

138

1 121

9 044

2025 ж.

2 967

91

403

2 473

2030 ж.

622

4

48

570

Барлығы

13 892

233

1 572

12 087

Шығыс өңір





2020 ж.

272

2

54

216

2025 ж.

169

-

102

67

2030 ж.

-

-

-

-

Барлығы

441

2

156

283

Солтүстік өңір





2020 ж.

2 102

16

314

1 773

2025 ж.

986

-

9

977

2030 ж.

423

-

-

423

Барлығы

3 511

16

323

3 173

Қазақстан Республикасы





2020 ж.

20 925

161

8 082

12 682

2025 ж.

6 291

99

1 672

4 519

2030 ж.

1 789

4

61

1 724

Барлығы

29 004

264

9 815

18 926

      Газбен жабдықтау объектілеріне қатысты Қазақстан Республикасы бойынша тұтастай алғанда 2030 жылға дейін мынадай техникалық өлшемдер бойынша газ-техникалық жабдықтың 230 мыңнан астам бірлігін (бұдан әрі - мың бірлік) орнату болжанады:

10-кесте - Салу жоспарланатын газбен жабдықтау объектілерінің тізбесі мен техникалық параметрлері

Объектілер//салу өлшемдері

1.

Автоматты газ тарату станциясы (АГТС) (мың м3/сағ) өнімділікпен

1.1.

АГТС 50 мың м3/сағ

1.2.

АГТС 30 мың м3/сағ

1.3.

АГТС 10 мың м3/сағ

1.4.

АГТС 3 мың м3/сағ

2.

Газ реттеу пункттері (ГРП), соның ішінде басты газ реттеу пункттері (БГРП) (мың м3/сағ) өнімділікпен

2.1.

ГРП 10 мың м3/сағ

2.2.

ГРП 5 мың м3/сағ

2.3.

ГРП 1 мың м3/сағ

3.

4-10 м3/сағ өнімділікпен жеке шкафты пункттер (бұдан әрі - ШП)

4.

300 м3/сағ дейін өнімділікпен топтық шкафтық реттеу пункттері (бұдан әрі - ШРП)

      Газбен жабдықтау объектілерінің техникалық есептері кезінде өнімділігі 300 м3/сағ шкафтық реттеуіш пункттерінің саны бойынша орташа мәндер (көп пәтерлі 3 үйге 1-ші шкафтық реттегіш пунктін есепке ала отырып қабылданады) қабылданды.
      Тұтастай алғанда, Қазақстан Республикасының жаңадан газдандырылатын аумақтары бойынша қазіргі заманғы конструктивті шешімдермен жабдықты енгізу: газ реттеу пункттерін газды есепке алу құралдарымен жарақтандыру, диспетчерлік пункттерді телемеханикаландыру және газ тарату жүйесін автоматтандырылған басқару жүйесімен жарақтандыру болжануда.
      Газбен жабдықтау объектілерін салу және орнату құрылымында газ-техникалық жабдықтың ең көп саны Оңтүстік өңірдің облыстарына тиесілі - 170 мың бірліктен астам.

11-кесте - Өңірлер бөлінісінде 2030 жылға дейін газдандыру объектілерін салу жоспарланған көлемдерді бағалау

Атауы

АГТС, дана

Газды редукциялаудың негізгі пункттері (бұдан әрі - ГРдП), дана

Жеке ШП, дана

Топтық РШК, дана

Батыс өңір





2020 ж.

2

131

23 212

171

2025 ж.

4

162

15 662

372

2030 ж.

-

195

10 985

544

Барлығы

6

487

49 859

1 087

Оңтүстік өңір





2020 ж.

24

469

126 212

345

2025 ж.

8

157

34 176

187

2030 ж.

2

34

8 815

15

Барлығы

34

660

169 203

547

Шығыс өңір





2020 ж.

1

10

-

47

2025 ж.

-

2

-

18

2030 ж.

-

-

-

-

Барлығы

1

12

-

65

Солтүстік өңір





2020 ж.

1

127

9 152

148

2025 ж.

-

1

290

-

2030 ж.

-

-

-

-

Барлығы

1

128

9 442

148

Қазақстан Республикасы





2020 ж.

28

736

158 576

711

2025 ж.

12

322

50 128

577

2030 ж.

2

228

19 800

559

Барлығы

42

1 286

228 504

1 847

5. Қажетті қаржы ресурстары және олардың көздері

      Қажетті инвестициялардың көлемін айқындау бойынша жүргізілген ұлғайтылған есептеулерге сәйкес Қазақстан Республикасы бойынша газдандыру объектілерін салуға капитал салымдарының жалпы көлемі базалық (пессимистік) сценарий бойынша 2030 жылға дейін 656 млрд. теңгені (2012 жылғы бағамен 2014 жылғы теңге бағамындағы түзетулерді есепке алмай) құрайтын болады. Бұл сомалар бағаланып есептелген және индикативтік сипатқа ие.
      Заңға сәйкес Бас схеманың іске асырылуын қаржыландыру Ұлттық оператордың табыстары, бюджет қаражаты және Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен жүзеге асырылады. Бұл ретте газдандырудың өңірлік схемалары шеңберінде жүргізілген ұлғайтылған есептер алдын ала бағалау және жоспарлау үшін қажетті, бірақ түпкілікті болып табылмайды. Қаржыландырудың толық жоспары газдандыру кезінде жобалау құжаттарын жасау сатысында жүзеге асырылатын болады.
      Ұлттық оператордың қаражатынан қаржыландырудың ықтимал көлемін айқындау бойынша жүргізілген кеңейтілген есептерге сәйкес Қазақстан Республикасы бойынша газдандыру объектілерінің құрылысына капитал салымдарының жалпы көлемі базалық (шынайы) сценарий бойынша 2030 жылға дейін шамамен 161,6 млрд. теңгені құрайтын болады.
      Ұлттық оператор қаражатынан қаржыландыру бойынша шешім «ҚазТрансГаз» АҚ-ның инвестициялық жобаларды қараудың корпоративтік қағидаларына сәйкес қабылданады. Ұлттық оператор қаражатынан газдандыруды қаржыландыру көлемдерін бағалау Ұлттық оператордың 2016 - 2021 жылдар аралығында 5 % және 2022 - 2030 жылдар аралығында 10 % көлеміндегі («ҚазТрансГаз» АҚ) маржасын есепке ала отырып, тауарлық газдың көтерме өткізу бағасы негізінде есептелген.
      Ұлттық оператор қаражатынан қаржыландыру көлемінің кеңейтілген бағалауы қоса беріліп отырған кестеде ұсынылған.

12-кесте - Ұлттық оператор қаражатынан қаржыландыру көлемдерін бағалау

Атауы

Өлшем бірлігі

Барлығы

2020

2025

2030

1.

Пессимистік сценарий

млн. теңге

81 308,6

32 386,3

29 928,7

18 993,6

2.

Шынайы сценарий

млн. теңге

161 598,8

36 544,1

85 995,4

39 059,3

3.

Оптимистік сценарий

млн. теңге

321 218,1

44 827,2

118 704,4

157 686,5

Ескертпе: Талап етілетін инвестициялардың көлемдері ірілендіріліп есептелген. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу нәтижелері бойынша нақтылау қажет.

      Жүргізілген есептердің негізінде 2015 - 2030 жылдарға дейінгі кезеңге арналған бас схемаға енгізілген газдандыру жобаларына қаржы бөлудің бірнеше нұсқалары қаралды:
      Базалық (шынайы) сценарий бойынша, Ұлттық оператор тарапынан қаржыландыру үлесі Бас схеманы іске асыруға инвестициялардың жалпы көлемінде 2030 жылға дейін 24,6 % немесе 161,6 млрд. теңгені құрайтын болады. Қаржыландыру кезеңдері бойынша: 2020 жылға дейін 36,5 млрд. теңге, 2025 жылға дейін 86 млрд. теңге және 2030 жылға дейін 39,1 млрд. теңге.

13-кесте - Негізгі сценарий бойынша газдандыру жобаларын қаржыландыру бойынша қаражатты бөлу кестесі

Атауы

Өлшем бірлігі

2016-2020 жж.

2021 - 2025 жж.

2026 - 2030 жж.

Жиыны

Газдандырудың бас схемасын іске асыруға арналған инвестициялар көлемдері

млн. теңге

488 448,6

128 383,8

39 059,3

655 891,7

Ұлттық операторлық қаржыландыру көлемдерін ірілендірілген бағалау («ҚазТрансГаз» АҚ)

млн. теңге

36 544,1

85 995,4

39 059,3

161 598,8

Бас схеманы қаржыландыру көлеміндегі Ұлттық оператордың («КазТрансГаз» АҚ) үлесі

%

7,5%

67,0%

100,0%

24,6%

Республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі

млн. теңге

67 651,6

0,0

0,0

67 651,6

Бас схеманы қаржыландыру көлемінде республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемінің үлесі

%

13,9%

0,0%

0,0%

10,3%

Өзге де қаржыландыру көздерінен және жеке инвесторлардан қаржыландыру көлемдері

млн. теңге

384 252,9

42 388,4

0,0

426 641,3

Бас схеманы қаржыландыру көлемінде өзге де қаржыландыру көздері есебінен және қаржыландыру көлемдерінің үлесі

%

78,7%

33,0%

0,0%

65,0%

Ескертпе: Талап етілетін инвестициялардың көлемдері ірілендіріліп есептелген. Жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу нәтижелері бойынша нақтылау қажет.

      Қаржыландырудың қазіргі көлемі шеңберінде республикалық бюджеттен қаржыландыру жағдайында, базалық (шынайы) сценарий бойынша республикалық бюджеттен қаржыландыру көлемі Бас схеманы іске асыруға арналған инвестициялардың жалпы көлемінде 2016 - 2019 жылдар аралығындағы кезеңде 67,6 млрд. теңгені немесе 13,9 % құрайтын болады.
      Өңірлер үшін әлеуметтік-экономикалық маңызы зор немесе Қазақстан Республикасының энергетикалық қауіпсіздігі мүдделеріне жауап беретін газ жобаларын іске асыруға мемлекет анағұрлым белсендірек қатысады.
      Бұған қоса, Бағдарламаның іске асырылу және белгілі бір жобалар орындылығының анықталу шамасына қарай жекелеген жобалар бойынша қаржыландыру көлемдері түзетіліп отырады. Сонымен қатар жекелеген стратегиялық зерттеулерді жүргізу немесе жекелеген жобаларды пысықтау үшін демеушілер компанияларының тартылатын мақсатты қаражаты пайдаланылатын болады және қарыз қаражаты тартылады.
      Бас схемаға әр үш жыл сайын нақтылаулар енгізілетін болады.

6. Жұмыс істеп тұрған және салу жоспарланатын газбен жабдықтау
жүйелерінің объектілерін орналастыру схемасы

      Қалалар мен елді мекендерді газбен жабдықтаудың қолданыстағы схемасы технологиялық жағынан Орта Азия республикаларынан табиғи газды Ресей Федерациясына (бұдан әрі - РФ), Украинаға және Кавказ өңірі республикаларына жеткізуге бағдарланған жалпыодақтық газ тасымалдау жүйесінің бөлігі ретінде құрылған магистральдық газ тасымалдау жүйесімен байланысты. Осыған байланысты газбен жабдықтау тек магистральдық газ құбырларына іргелес қалалар мен елді мекендерде жүргізілді.
      Газбен жабдықтау объектілерін салудың экономикалық жағынан орындылығы мен рентабельділігін ескере отырып, қолданыстағы және салынуы жоспарланған газ құбырларын және газбен жабдықтау объектілерін ескере отырып, өңірлерді газдандырудың төмендегі схемасын қарау ұсынылады (1 және 2-қосымшалар).

      1. Жаңа магистральдық газ құбырларының енгізілуін ескере отырып, газ берудің межелі схемалары
      Газ құбырларының тармақтарын салу арқылы «Бейнеу-Бозой-Шымкент», «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырларының бойында орналасқан Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының және Алматы қаласының елді мекендері;
      «Сарыбұлақ-Майқапшағай» магистральдық газ құбырының бойында орналасқан Шығыс Қазақстан облысының елді мекендері. РФ-мен Рубцовск-Өскемен бағыты бойынша газ құбырын салу жөніндегі уағдаластыққа қол жеткізілген жағдайда, газбен қамту аймағына Бородулиха, Шемонаиха, Глубоководск, Ұлан аудандарының, Семей және Өскемен қалаларының елді мекендерін қосу көзделеді.
      «Тобыл-Көкшетау-Астана» магистральдық газ құбырының құрылысын ұзарта отырып, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарының елді мекендерін және Астана қаласын қамту мүмкіндігімен газ құбырын Қарағанды қаласына дейін тарта отырып, «Қарталы-Рудный-Қостанай» магистральдық газ құбыры бойынша орын алмастыру арқылы РФ-мен газ жеткізілімін кеңейту туралы уағдаластыққа қол жеткізу.

      2. Солтүстік өңір облыстарына газ жеткізу схемасы
      2013 жылы Қостанай облысы Тобыл қаласының маңында «Қарталы-Рудный-Қостанай» магистральдық газ құбырына қоса отырып, «Тобыл-Көкшетау-Астана» маршруты бойынша «Батыс-Солтүстік-Орталық» магистральдық газ құбырын салуға жобалау-сметалық құжаттаманы әзірлеу аяқталды. Құрылыстың осы жобасын іске асыру болашақта Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарын және Астана қаласын газбен жабдықтауды қамтуға мүмкіндік береді. Осы маршруттың жағымды аспектісі Қарашығанақ кен орнынан табиғи газды жеткізуге болатындай Қазақстан Республикасының аумағында «Бұхара-Орал» магистральдық газ құбырына КС-14 ауданында қосылу мүмкіндігі болып табылады. Сонымен қатар осы газ құбырын салу жобасының басты аспектісінің бірі Қазақстан Республикасының солтүстік облыстары мен астананың сырттан газ жеткізуден энергиялық тәуелсіздігін қамтамасыз ету, газ тұтынудың маусымдық тұрақсыздығына жедел араласу болып табылады (3-қосымша).
      Қабылданған жобалық шешімдерді іске асыру іске қосу кешенін бөлмей-ақ бір кезеңде, яғни ҚМЖ орындаудың есептік мерзімінде газ құбырының желілік бөлігін, сондай-ақ компрессорлық станцияларды, өңдеу-пайдалану басқармасын, автоматтандырылған газ тарату станциясын, желілік өндірістік басқарманы, орталық өндірістік басқарманы және басқаларды қоса алғанда, барлық құрылыстарды салу аяқталуға тиіс.
      Бірінші кезеңді іске асыру 2025 жылы толық жобалық қуатты жылына 1,5 млрд. м3 өндіре отырып, газ тасымалдау мен тұтынуды жоспарлы түрде арттыруды көздейді. Барлық жобалық шешімдерді іске асырған жағдайда, газ құбырының барынша орындау қабілеті Астана қаласына дейін 2,6 МПа түпкілікті қысыммен осы көлемді тасымалдау жағдайында жылына шамамен 1,8 млрд. м3 құрайтын болады. Газ тұтыну одан әрі ұлғайтылатын болса, болашақта көлемі жылына 2,3 млрд. м3 дейін газ тасымалдау кезеңін іске асыру көзделген.
      Алыс перспективадағы құрылыс «Тобыл - Көкшетау - Астана» маршруты бойынша Қарағанды мен Петропавлға бұру арқылы өнімділігі жылына 5,4 млрд. м3 магистральдық газ құбырының 2-тармағын салуды болжайды.

14-кесте - «Тобыл - Көкшетау - Астана» МГ негізгі техникалық-технологиялық көрсеткіштері

Көрсеткіштер атаулары

Өлшем бірлігі

Техникалық-экономикалық негіздемені түзету (бұдан әрі - ТЭН)

ТЭН

1

Жобалық қысым

МПа

5,4

7,4

2

Өткізу қабілеті

млрд. м3/жылына

1,5

5,4

3

Магистральдық газ құбырының негізгі трассасының жалпы ұзындығы




3.1

- магистральдық газ құбырының негізгі трассасы

км

829,8

818,6

4

Құбырлар диаметрі:




4.1

- магистральдық газ құбырының негізгі трассасы

мм

720

1020

5

Құбырлар қабырғаларының қалыңдығы:




5.1

- негізгі трасса

мм

8

12

6

Желілік бөлік құбырларының жалпы салмағы

мың тонна

123,39

364

7

Газ өлшеу станциясының алаңы

бірлік

1

2

8

Автоматтандырылған газ тарату станциялары

бірлік

4

5

9

Компрессорлық станциялар саны

бірлік

2

1

10

Бір компрессорлық станциядағы газ айдау станцияларының саны

бірлік

3

6

10.1

- жұмыс істеп тұрған

бірлік

2

4

10.2

- резервтегі

бірлік

1

2

11

Газ айдау аппаратының шартты бірлік қуаты

МВт

4,92

8

12

Жеке мұқтаждықтарға арналған отын газы

млрд. м3/жылына

0,015

0,06

      Сонымен қатар «Батыс - Солтүстік - Орталық» МГ-ға инвестицияның едәуір көлемі, сондай-ақ ұзақ мерзімді перспективада газдың бос ресурстары мәселелерінің пысықталмауы жобаны іске асырудың айқынсыздығын білдіреді.
      Қостанай облысын газбен жабдықтауды қамтуды кеңейту және газды тұтынудың артып келе жатқан көлемін қанағаттандыру мақсатында Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстары арқылы Астана қаласына дейін магистральдық газ құбырын салу мүмкіндігімен Қостанай облысын газбен жабдықтау мақсатында «Бұхара - Орал» магистральдық газ құбырынан РФ Челябинск облысының Троицк қаласына газ құбырын бұруды кеңейту мүмкіндігі қарастырылады. «Газпром» ашық акционерлік қоғамының (бұдан әрі - «Газпром» ААҚ) бағалауы бойынша капитал салымдарының ірілендірілген көлемі шамамен 1,5 млрд. рубльді құрайды.

      3. Шығыс өңірге газ жеткізу схемасы
      «Сарыбұлақ - Майқапшағай - Зимунай» магистральдық газ құбыры. Шығыс Қазақстан облысының аумағында Қытай Халық Республикасы бағытында жалпы ұзындығы 92,5 км «Сарыбұлақ - Майқапшағай - Зимунай» магистральдық газ құбырын салу жобасы іске асырылды. Жобаны іске асыру облыстың Зайсан және Тарбағатай аудандарының елді мекендерін газдандыруға мүмкіндік береді.
      Қазақстан Республикасын Газдандырудың өңірлік схемасында Шығыс Қазақстан облысын газдандыру нұсқасы РФ-ның газ тасымалдау жүйесінен газ құбырының тармағын салу мүмкіндігімен қарастырылады. РФ-дан Қазақстанның Шығыс өңіріне магистральдық газ құбырын салу нұсқаларын талдау РФ-ның Рубцовск қаласынан Бородулиха, Шемонаиха, Глубоководье, Ұлан аудандары арқылы Өскемен қаласына дейін және Семей қаласына бұра отырып, газ құбырының тармағын салу оңтайлы маршрут екенін анықтады. «Газпром» ААҚ бағалауы бойынша Алтай өлкесі жағынан «Барнауыл қ. - Рубцовск қ.» маршруты бойынша газ құбырының тармағын салуға ірілендірілген капитал салымдарының көлемі шамамен 10 млрд. рубльді құрайды. Өскемен, Семей қалаларының және облыс аудандарының 118 елді мекенін газдандыра отырып және газбен жабдықтауды 64 %-дан астам қамтуға қол жеткізе отырып, тауарлық газды тұтынудың есептік көлемі 2030 жылға қарай шамамен жылына 1,8 млрд. м3 құрайды.
      Сонымен қатар, газ жеткізу маршрутын іске асыру тиімділігін анықтау үшін жобаны іске асыру тәуекелін де анықтауға мүмкіндік беретін, газ құбырын салудың техникалық-экономикалық негіздемесін пысықтау қажет. Атап айтқанда, газды көтерме сатып алу бағасын анықтау (әлеуметтік, экономикалық аспект), түпкілікті тұтынушылар үшін тарифтерді қалыптастыру (әлеуметтік аспект), газды сатып алу әдістері (қарсы жеткізу немесе Ресей газын еркін сатып алу).
      РФ газ тасымалдау жүйесінен табиғи газды беру көзімен Шығыс Қазақстан облысы аудандарының елді мекендерін газдандыру техникалық жағынан ақталады деп болжанады, ол қолайлы әлеуметтік-экономикалық жағдайлар жасап қана қоймай, өңірдегі экологиялық ахуалды да жақсартады.

7. Перспективада схеманы іске асыру мерзімі

      Бас схеманы іске асыру 2030 жылға дейінгі перспективамен кезең-кезеңмен жүзеге асырылатын болады.
      Базалық сценарий бойынша Бас схеманы іске асыру мынадай болжамды нәтижелерге қол жеткізуді көздейді:
      1) газдың тапшылыққа ұшырамайтын балансына қол жеткізу, бұл өнеркәсіптік және энергетикалық кәсіпорындардың болжанатын және мәлімделген газ көлемін оңтайландыруын көздейді;
      2) 2030 жылға қарай газды ішкі нарықта пайдалану деңгейі 18 млрд. м3 жетеді;
      3) Қазақстан Республикасының халқын газбен қамту деңгейі 56 %-ға жететін болады, бұл 1,6 мыңнан астам елді мекенді газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді;
      4) жаңа газ құбырлары құрылысының жалпы ұзындығы шамамен 29 мың км құрайтын болады;
      5) инвестициялардың болжанатын көлемі шамамен 655,9 млрд. теңгені (2012 жылғы бағалар бойынша) құрайтын болады;
      6) жаңадан газдандырылатын аумақтар бойынша газдандыруды іске асырудан алынатын шартты экономикалық нәтиже 2030 жылға қарай шамамен 910 млрд. теңгені құрайтын болады.
      Бұдан басқа газ саласын дамыту бағдарламасын іске асырудағы маңызды аспект қоршаған ортаға келтірілетін зиянды әсердің төмендетуді қамтамасыз ету болып табылады.

      Ескертпе: аббревиатуралардың толық жазылуы:
      МГ - магистральдық газ құбыры
      СМГ - сұйытылған мұнай газы
      СТГ - сұйытылған табиғи газ
      СКГ - сұйытылған көмірсутек газы
      ТГ -  табиғи газ
      АГТС - автоматтандырылған газ тарату станциялары
      ГРП - газ реттеуіш пункттер
      БГРП - басты газ реттеуіш пункттер
      ГТЖ - газ тарату желілері
      ГТҚ - газтурбиналық қондырғы
      ГРдП - газды редукциялау пункттері
      ШП - шкафтық пункттер
      ШРП - шкафтық реттегіш пункттер
      ҚМЖ - құрылыс-монтаж жұмыстары
      ЖПБ - жөндеу-пайдалану басқармасы
      ЖӨБ - желілік өндірістік басқарма
      ОӨБ - орталық өндірістік басқармалар
      ЖБ - желілік бөлік
      ГӨС — газ өлшеу станциясы
      КС - компрессорлық станция
      ГАС - газ айдау станциясы
      Энергетикамині - Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі
      Қаржымині - Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі
      ҰЭМ - Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі
      ШҚО - Шығыс Қазақстан облысы
      ОҚО - Оңтүстік Қазақстан облысы
      БҚО — Батыс Қазақстан облысы
      АҚ - акционерлік қоғам
      ҰТЖК - «Қазақтеңізкөлікфлоты» ұлттық теңізде жүзу компаниясы» акционерлік қоғамы
      РФ - Ресей Федерациясы
      ТЭН - техникалық-экономикалық негіздеме

Қазақстан Республикасын газдандырудың   
2015 - 2030 жылдарға арналған бас схемасына
1-қосымша               

Газбен жабдықтау жүйесінің жұмыс істеп тұрған және салу жоспарланатын объектілері бойынша газды орналастыру схемасы

Қазақстан Республикасын газдандырудың   
2015 - 2030 жылдарға арналған бас схемасына
2-қосымша                

Газбен жабдықтау жүйесінің жұмыс істеп тұрған және салу жоспарланатын объектілері бойынша газды орналастыру схемасы

Қазақстан Республикасын газдандырудың   
2015 - 2030 жылдарға арналған бас схемасына
3-қосымша               

Солтүстік өңір облысында газ жеткізу схемасы