Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1880 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 512-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссия туралы ережеде:
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Комиссияның жұмыс органы болып табылады.
Комиссияның жұмыс органы Комиссия жұмысын ұйымдық-техникалық қамтамасыз етуді жүзеге асырады, оның ішінде комиссия отырысының күн тәртібі бойынша ұсыныстарды, қажетті құжаттарды, материалдарды дайындайды, олар Комиссия отырысы өткізілгенге дейін үш жұмыс күні қалғанда хаттама жобасын қоса бере отырып, Комиссия мүшелеріне жіберілуі тиіс.
6. Комиссияның тапсыруы бойынша халықаралық ізгілік көмек берушімен дәрілік заттардың, жабдықтар мен медициналық бұйымдардың, медициналық ұйымдарға арналған жабдықтардың тізбесін шешу және келісіп алу құқығы Қазақстан Республикасында Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігіне ғана беріледі.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 қазандағы
№ 1162 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
1995 жылғы 29 желтоқсандағы
№ 1880 қаулысымен
мақұлданған
Халықаралық ізгілік көмек мәселелері жөніндегі комиссияның
құрамы
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары, төраға;
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министрі, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрінің орынбасары, төрағаның орынбасары;
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті төрағасының орынбасары, хатшы;
Қазақстан Республикасының Қаржы вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Әділет министрінің орынбасары;
Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму бірінші вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі;
Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министрі;
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары;
Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министрі;
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары.