Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қазандағы № 1131 қаулысы.

Жаңартылған

      РҚАО-ның ескертпесі!
      Осы қаулы 01.01.2015 бастап қолданысқа енгізіледі.

      2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінің 15-бабы 1-тармағының 7) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары бекітілсін.

      2. "Шартты түрде сотталған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 28 сәуірдегі № 542 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 46, 623-құжат) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы 2015 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі К. Мәсімов

  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 23 қазандағы
№ 1131 қаулысымен
бекітілген

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға
әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексін, "Пробация туралы" 2016 жылғы 30 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді және пробация қызметінің есебінде тұратын адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.04.2017 № 176 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Пробация қызметі есепте тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жәрдем көрсетеді.

      3. Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар сотқа дейінгі, үкімдік, пенитенциарлық және пенитенциарлықтан кейінгі пробация қолданылатын адамдарға осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пробация қызметі әзірлеген әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасына (бұдан әрі – жеке бағдарлама) және осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша пробация қызметі қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің әкімшілігімен бірлесіп әзірлеген жеке бағдарламаға сәйкес әлеуметтік-құқықтық және өзге де көмек көрсетеді.

      Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.04.2017 № 176 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға
әлеуметтік-құқықтық көмек тағайындау

      4. Әлеуметтік-құқықтық көмек алуға жәрдем көрсету сотқа дейінгі, үкімдік, пенитенциарлық және пенитенциарлықтан кейінгі пробация қолданылатын адамдарға қатысты жүзеге асырылады.

      Оларды есепке қою кезінде пробация қызметі:

      1) денсаулық жағдайын анықтай отырып, адамның жеке басын, оның білім деңгейін және жұмыспен қамтылғандығын, тұрғылықты жерінің бар-жоғын зерделейді, сондай-ақ әлеуметтік-құқықтық көмектің көлемін айқындау үшін қажетті өзге де мәліметтерді анықтайды;

      2) әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету тәртібін түсіндіреді.

      Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.04.2017 № 176 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5. Пробация қызметінің қызметкері есепке қойғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде адамның жеке басы мен өмір жағдайын зерделеу нәтижелері бойынша жеке бағдарлама жасайды.

      6. Жеке бағдарламаға пробация қызметінің есебінде тұрған адамға әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету қажеттігі туралы ақпарат енгізіледі.

      7. Жеке бағдарламаның бір данасы:

      1) шартты түрде сотталғанның бақылау ісіне;

      2) бас бостандығын шектеуге сотталған адамның жеке ісіне;

      3) бас бостандығынан айыру орындарынан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған адамның жинақтау ісіне;

      4) бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамға қатысты сот әкімшілік қадағалау белгілеген адамның жинақтау ісіне;

      5) бас бостандығынан айыруға сотталған адамның жеке ісіне;

      6) сотқа дейінгі пробацияға жататын адамның жинақтау ісіне;

      7) Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 73-бабына сәйкес бас бостандығынан айыру айыппұлға ауыстырылған адамның жинақтау ісіне;

      8) сот тағайындаған бас бостандығынан айыру түріндегі жаза мерзімін өтеген адамның жинақтау ісіне қосылады.

      Жеке бағдарламаның екінші данасы пробация қызметінде есепте тұрған адамға қол қойылып беріледі.

      Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.04.2017 № 176 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      8. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамға жаза өтеу кезеңінде қосымша немесе өзге көмек алу мүмкіндігі туындаған жағдайда жеке бағдарламаға екі жақты келісім бойынша тиісті түзетулер енгізіледі.

      Егер жазасын өтеген адамның баспанасы жоқ болған немесе баспанасынан айрылып қалған жағдайда пробация қызметінің қызметкері адамның келісімімен арнайы әлеуметтік қызметтер көрсететін уақытша тұру ұйымдарына орналастыру үшін оны жергілікті атқарушы органдарға жолдайды.

      Ескерту. 8-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.06.2016 № 336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      9. Бас бостандығынан айыру орындарынан шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған немесе сот әкімшілік қадағалау белгілеген адамдар өзі алатын әлеуметтік-құқықтық көмектің барысы туралы есеп беру үшін айына бір рет пробация қызметіне келеді.

      10. Пробация қызметінде есепте тұрған адам әлеуметтік-құқықтық көмек алудан бас тартқан жағдайда – пробация қызметінің қызметкері, ал пенитенциарлық пробацияға жататын адамға қатысты пробация қызметінің қызметкерлері қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің қызметкерлерімен бірлесіп, қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша тиісті акті жасайды, ол іске қосылады.

      Ескерту. 10-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.04.2017 № 176 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11. Пробациялық бақылау, әкімшілік қадағалау мерзімі өткеннен кейін және пробация қызметінің есебінен шығарылғаннан соң мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдар көрсететін әлеуметтік-құқықтық көмек жеке бағдарламаға сәйкес жалғасады.

      12. Пробация қызметі сот қаулысын алғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде әлеуметтік-құқықтық көмек көрсететін жергілікті атқарушы органға және ұйымға іздестіруге жарияланған, "қамаққа алу" бұлтартпау шарасы тағайындалған адамдарға қатысты әлеуметтік-құқықтық көмекті тоқтату үшін хабарландыру жолдайды.

3. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға
әлеуметтік-құқықтық көмек беру

      13. Білім алуға, мамандықты меңгеруге, жұмысқа орналасуға, емделуге, сондай-ақ құқықтық көмекпен қамтамасыз етуге көмек көрсету пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға әлеуметтік-құқықтық көмектің негізгі бағыты болып табылады.

      14. Медициналық көмек мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарында тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде көрсетіледі.

      Медициналық көмек көрсету үшін пробация қызметі жеке бағдарламаның көшірмесін олардың тұрғылықты жеріндегі мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына жібереді.

      15. Пробация қызметі аяқталмаған орта білімі бар пробация қызметінің есебінде тұрған адамды тұрғылықты жері бойынша білім беру ұйымына жібереді.

      16. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарға құқықтық көмек мынадай көрсетілетін қызметтерді көздейді:

      1) олардың қаражаты болмаған жағдайда заңнама бойынша тиесілі әлеуметтік жәрдемақыларды, арнайы төлемдерді алуға, жұмысқа орналасуға, оқуға, медициналық көмек алуға құжаттар тапсыру үшін заңдық мәні бар құжаттарды ресімдеу;

      2) әлеуметтік көмекке, әлеуметтік қамсыздандыруға заңнамада белгіленген құқықтар мен олардың бұзылуынан қорғау тәсілдері бойынша заңдық консультация беру;

      3) өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін жағдай жасайтын мәселелерді шешуге ықпал ететін заңнамада белгіленген жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесу.

      Құқықтық көмек көрсету үшін пробация қызметі жеке бағдарламаның көшірмесін олардың тұрғылықты жері бойынша жергілікті атқарушы органдарға жібереді.

      Ескерту. 16-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 07.06.2016 № 336 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      17. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамға жұмысқа орналасуға көмек көрсеткен кезде жергілікті атқарушы органдар мынадай іс-шараларды жүзеге асырады:

      1) жұмыссыздарды өкілетті органның/халықты жұмыспен қамту орталығының бос орындар базасында бар бос жұмыс орындарына жіберу;

      2) жұмыссыздарды әлеуметтік жұмыс орындарына жіберу;

      3) жұмыссыздарды олардың келісімі бойынша қоғамдық жұмыстарға жіберу;

      4) жұмыссыздарды кейіннен жұмысқа орналастыруға көмек көрсете отырып, еңбек нарығының сұранысына сәйкес кәсіптік даярлауға, қайта даярлауға және біліктілігін көтеруге жіберу;

      5) жұмыс орындарының квотасы бойынша жұмысқа орналастыру.

      18. Жоғарыда аталған санаттағы адамдардың өзге көмек алуға қажеттілігі туындаған жағдайда пробация қызметі жеке бағдарламаның көшірмесін олардың тұрғылықты жері бойынша тиісті ұйымдарға жібереді.

      19. Жергілікті атқарушы органдарға, денсаулық сақтау, білім беру және басқа да мемлекеттік органдарға, сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдарға жеке бағдарламаның көшірмелерін жіберуді пробация қызметі жеке бағдарлама жасалғаннан кейін 3 жұмыс күні ішінде жүзеге асырады.

      20. Жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар жеке бағдарламаның көшірмесін алғаннан кейін пробация қызметін он бес күн ішінде өздері көрсететін көмек туралы немесе оны көрсетудің мүмкін еместігі туралы хабардар етеді.

      21. Пробация қызметі қызметкерлерінің, әлеуметтік-құқықтық көмек көрсететін жергілікті атқарушы органдар, қоғамдық бірлестіктер және өзге де ұйымдар қызметкерлерінің заңсыз әрекеттеріне заңнамада белгіленген тәртіппен шағымдана алады.

  Пробация қызметінің есебінде
тұрған адамдарға
әлеуметтік-құқықтық көмек
көрсету қағидаларына
1-қосымша

      Нысан

      ____________________________________________________________________

      (пробация қызметінің атауы)

Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы

      Ескерту. 1-қосымша жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 06.04.2017 № 176 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Мен,___________________________________________________________

      (пробация қызметінің бастығы (аға инспектор, инспектор)

      қызметкердің тегі, аты-жөні)

      _____________________________________________________________ тұратын (мекенжайы)

      (тегі, аты, әкесінің аты)

      денсаулық жағдайының, білім деңгейі мен жұмыспен қамтылуының, тұрғылықты жерінің бар-жоғының, сондай-ақ өзге де мәліметтердің (сотқа дейінгі, үкімдік немесе пенитенциарлықтан кейінгі пробацияға жататын адамдар)

      (қажетінің астын сызу)

      нәтижелері бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын жасадым,

      ол мынадай әлеуметтік-құқықтық көмектің көрсетілуіне мұқтаж:

      1) медициналық қызмет алуға (қажет болған жағдайда);

      2) құқықтық көмекке (қажет болған жағдайда):

      пробация қызметінің есебінде тұрған адамның қаражаты болмаған жағдайда заңнама бойынша тиесілі әлеуметтік жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алуға, жұмысқа орналасуға, оқуға, медициналық көмек алуға құжаттар тапсыру үшін заңдық мәні бар құжаттарды ресімдеуге;

      әлеуметтік көмекке, әлеуметтік қамсыздандыруға заңнамада белгіленген құқықтар мен олардың бұзылуынан қорғау тәсілдері бойынша заңдық консультация беруге;

      өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін жағдай жасайтын мәселелерді шешуге ықпал ететін заңнамада белгіленген жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесуге;

      3) білім алуына көмек көрсетуге (қажет болған жағдайда);

      4) кәсіпті меңгеруіне және жұмысқа орналастыруға (қажет болған жағдайда);

      5) арнаулы әлеуметтік кызметтер көрсететін (жазасын өтеген адамның тұрғын үйі болмаған немесе одан айырылған жағдайда) уақытша тұру ұйымына орналастыруға;

      6) өзге де көмек алуға (қажет болған жағдайда).

      Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын пробация қызметінің бастығы (аға инспектор, инспектор) жасады.

      _________________ ________________ _____________________

      (атағы) (қолы) (тегі, аты-жөні)

      20___ жылғы "___" ______________


      М.О.


      Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасымен таныстым және келісемін ___________________________ ________________

      (адамның тегі және аты-жөні) (қолы)

      20___ жылғы "___" _____________

  Пробация қызметінің есебінде
тұрған адамдарға
әлеуметтік-құқықтық көмек
көрсету қағидаларына
2-қосымша

      Нысан

      ____________________________________________________________________
(мекеменің атауы)

Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасы

      Ескерту. Қағидалар 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 06.04.2017 № 176 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Біз, төменде қол қоюшылар: __________________________________________
(пробация қызметінің бастығы (аға инспектор, инспектор)

      ________________________________________________________________________________

      қылмыстық-атқару (пенитенциарлық) жүйесі мекемесінің сотталғандарды еңбекке және тұрмыстық орналастыру жөнiндегi қызметкерімен бірлесіп)

      түзеу мекемесінен босағаннан кейін _______________________________________________

      ____________________________________________________________________ тұратын
(мекенжайы)

      _______________________________________________________________________________
(адамның тегі және аты-жөні)

      денсаулық жағдайының, білім деңгейі мен жұмыспен қамтылуының, тұрғылықты жерінің бар-жоғының, сондай-ақ өзге де мәліметтердің (пенитенциарлық пробацияға жататын адамдар) нәтижелері бойынша әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын жасадық,

      ол мынадай әлеуметтік-құқықтық көмектің көрсетілуіне мұқтаж:

      1) медициналық қызмет алуға (қажет болған жағдайда);

      2) құқықтық көмекке (қажет болған жағдайда):

      пробация қызметінің есебінде тұрған адамның қаражаты болмаған жағдайда заңнама бойынша тиесілі әлеуметтік жәрдемақыларды, әлеуметтік төлемдерді алуға, жұмысқа орналасуға, оқуға, медициналық көмек алуға құжаттар тапсыру үшін заңдық мәні бар құжаттарды ресімдеуге;

      әлеуметтік көмекке, әлеуметтік қамсыздандыруға заңнамада белгіленген құқықтар мен олардың бұзылуынан қорғау тәсілдері бойынша заңдық консультация беруге;

      өмірлік қиын жағдайдан шығу үшін жағдай жасайтын мәселелерді шешуге ықпал ететін заңнамада белгіленген жеңілдіктерді, жәрдемақыларды және басқа да әлеуметтік төлемдерді алуға жәрдемдесуге;

      3) білім алуына көмек көрсетуге (қажет болған жағдайда);

      4) кәсіпті меңгеруіне және жұмысқа орналастыруға (қажет болған жағдайда);

      5) арнаулы әлеуметтік кызметтер көрсететін (егер жазасын өтеген адамның тұрғын үйі болмаған немесе одан айырылған жағдайда) уақытша тұру ұйымына орналастыруға;

      6) өзге де көмек алуға (қажет болған жағдайда).

      Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасын пробация қызметінің бастығы (аға инспектор, инспектор) мекеменің сотталғандарды еңбекке және тұрмыстық орналастыру жөнiндегi қызметкерімен бірлесіп жасады.

      _____________ ________________ _____________________

      (атағы) (қолы) (тегі, аты-жөні)

      _____________ ________________ _____________________

      (атағы) (қолы) (тегі, аты-жөні)

      20___ жылғы "___" ______________


      М.О.

      Әлеуметтік-құқықтық көмек көрсетудің жеке бағдарламасымен таныстым және келісемін _____________________________________ ________________

      (адамның тегі және аты-жөні) (қолы)


      20___ жылғы "___" _____________