«2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» 2013 жылғы 3 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына және «Бюджеттің атқарылуы және оған кассалық қызмет көрсету ережесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 26 ақпандағы № 220 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігіне 2014 жылға арналған республикалық бюджетте шұғыл шығындарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Бурабай ауданындағы «Щучинск-Николаевка» автомобиль жолын (0-28,7 км учаскесі) орташа жөндеуге нысаналы ағымдағы трансферттер түрінде Ақмола облысының әкімдігіне аудару үшін 253151000 (екі жүз елу үш миллион бір жүз елу бір мың) теңге сомасында қаражат бөлінсін.
2.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың нысаналы пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
3.
Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының |
К. Мәсімов |