РҚАО-ынң ескертпесі!
Осы қаулы 01.01.2014 бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1.
«2014 – 2016 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы» Қазақстан Республикасының Заңын iске асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 12 желтоқсандағы № 1329 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулыға 2-қосымшада:
«I. Республикалық бюджеттiк инвестициалық жобалар» деген бөлімде:
«Көлік және коммуникация» деген 12-функционалдық топта:
215 «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация» деген әкімші бойынша:
006 «Әуе көлiгi инфрақұрылымын салу және реконструкциялау» деген кіші бағдарламада:
«
Батыс Қазақстан облысы |
250 000 |
Орал қаласының әуежайындағы жасанды ұшу-қону жолағын, рульдiк жолын және перронын реконструкциялау |
250 000 |
»
деген жолдар алып тасталсын;
«Солтүстік Қазақстан облысы» деген жолдағы «250 000» деген сандар «500 000» деген сандармен ауыстырылсын;
«Петропавл қаласының әуежайындағы жасанды ұшу-қону жолағының жасанды жабынының аэродром жабындарын рульдiк жолдарын, перронын реконструкциялау және ОВИ-1 жарық сигнал беру жабдығын орнату» деген жолдағы «250 000» деген сандар «500 000» деген сандармен ауыстырылсын.
2.
Осы қаулы 2014 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі.
К. Мәсімов |