Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің "Достық үйі – Этносаралық қатынастар орталығы" республикалық мемлекеттік мекемесін тарату және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 9 қазандағы № 1081 қаулысы

Жаңартылған

      «Қазақстан Республикасының Президентi жанынан «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттiк мекемесiн құру және Қазақстан Республикасы Президентiнiң кейбiр жарлықтарына толықтырулар енгiзу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 17 маусымдағы № 837 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің «Достық үйі – Этносаралық қатынастар орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) таратылсын.
      2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі:
      1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетімен бірлесе отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттік мекемесіне таратылатын мекеме кредиторларының талаптарын қанағаттандырғаннан кейін қалған мүліктерді беруді қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыны іске асыру жөніндегі өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар бекітілсін.
      4. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң «Достық үйi – Этносаралық қатынастар проблемаларын зерттеу орталығы» шаруашылық жүргiзу құқығындағы республикалық мемлекеттiк кәсiпорнын тарату және Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң «Достық үйi – Этносаралық қатынастар орталығы» республикалық мемлекеттiк мекемесiн құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 29 сәуірдегі № 403 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2013 ж., № 28, 432-құжат) күші жойылды деп танылсын.
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
 
 

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі

К. Мәсімов


Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 9 қазандағы
№ 1081 қаулысымен
бекітілген

Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар

      1. «Қазақстан Республикасының мемлекеттiк органдарына көлiк қызметiн көрсету үшiн қызметтiк автомобильдердi пайдалануды ретке келтiру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 27 мамырдағы № 663 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 ж., № 23-24, 228-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарына көлiк қызметін көрсету үшін қызметтік автомобильдердiң тиiстiлiк нормативiнде:
      реттік нөмірі 18-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «
 
 

18

Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасын, сондай-ақ арнайы көлігі барларын қоспағанда, мемлекеттік органдардың орталық аппаратын көліктік қамтамасыз ету қызметкерлерінің саны:







100-ге дейін



1 *****
*********

3000-нан көп емес

***


100-ден 200-ге дейін



2******

3000-нан көп емес

***


200-ден 300-ге дейін



3

3000-нан көп емес

***


300-ден 500-ге дейін



4*

3000-нан көп емес

***


500-ден 900-ге дейін



5

3000-нан көп емес

***


900-ден 1 300-ге дейін



7

3000-нан көп емес

***


1 300-ден жоғары



9

3000-нан көп емес

***


      »;
      ескертпеде:
      мына:
      «******** осы норматив Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысына да қолданылады» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «******** осы норматив Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің және Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттiк мекемесiнің басшысына да қолданылады»;
      мына:
      «************* осы норматив Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі басшысының орынбасарларына да қолданылады» деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «************* осы норматив Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесі және Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттiк мекемесi басшысының орынбасарларына да қолданылады»;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «************** осы норматив Қазақстан Республикасының Президентi жанындағы «Қоғамдық келісім» республикалық мемлекеттiк мекемесiне де қолданылады».».
      2. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 31.12.2015 № 1193 қаулысымен (01.01.2016 бастап қолданысқа енгізіледі).
      3. «Министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелердегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 сәуірдегі № 339 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген министрліктер мен өзге де орталық атқарушы органдардың олардың аумақтық органдарындағы және оларға ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік мекемелеріндегі адам санын ескере отырып, штат санының лимиттерінде:
      3-бөлімде:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгi, оған ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк мекемелердi ескере отырып, оның iшiнде:» деген жолда «2974,5» деген сандар «2937» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiне ведомстволық бағыныстағы республикалық мемлекеттiк мекемелер, оның iшiнде:» деген жолда «2688,5» деген сандар «2651» деген сандармен ауыстырылсын;
      10) тармақша алып тасталсын.
      4. «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң мәселелерi» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 23 қыркүйектегі № 1003 қаулысында:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі туралы ережеде:
      «Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлiгiнiң қарамағындағы республикалық мемлекеттік мекемелердің тiзбесi» деген бөлімде:
      «20. Достық үйі – Этносаралық қатынастар орталығы» республикалық мемлекеттік мекемесі» деген жол алып тасталсын.