Қазақстан Республикасының Үкіметі
ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 5 шілдедегі № 912 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 62, 854-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің жоспарын жасау қағидаларында:
3-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) өздерінің сұйытылған мұнай газының жобалық өндіру қуаты жылына бес мың тоннадан аспайтын Қазақстан Республикасының өндірушілеріне;»;
4-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) беруші – Қазақстан Республикасының газ және газбен жабдықтау туралы заңнамасына және (немесе) газ және газбен жабдықтау саласындағы әріптестік туралы шартқа сәйкес ішкі нарыққа сұйытылған мұнай газының ең аз көлемін беру міндеті жүктелген сұйытылған мұнай газын өндіруші немесе оған меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын қайта өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газының меншік иесі;»;
18 және 19-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«18. Беру жоспары мыналарды қамтиды:
«1) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілердің, оның меншік иелерінің тізбесі;
2) Қазақстан Республикасының ішкі нарығында өткізілуге міндетті сұйытылған мұнай газының көлемі;
3) өздеріне меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде тиесілі көмірсутегі шикізатын өңдеу процесінде өндірілген сұйытылған мұнай газын өндірушілер, оның меншік иелері сұйытылған мұнай газын өткізуге міндетті газ желісі ұйымдарының тізбесі.
19. Сұйытылған мұнай газын өңірлер арасында бөлуді беруші мен газ желісі ұйымдарының географиялық орналасуына байланысты уәкілетті орган жүзеге асырады.»;
мынадай мазмұндағы 19-1-тармақпен толықтырылсын:
«19-1. Сұйытылған мұнай газын газ желісі ұйымдарының арасында бөлуді беру жоспарының негізінде беруші жүзеге асырады.»;
22-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«22. Пропанды бөлу уәкілетті орган айқындайтын өңірлер арасында жүзеге асырылады.»;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымша осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 24 қыркүйектегі
№ 1010 қаулысына
қосымша
Қазақстан Республикасының
ішкі нарығына сұйытылған мұнай
газын берудің жоспарын жасау
қағидаларына
2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасының ішкі нарығына сұйытылған мұнай газын берудің
______(жылғы) _______ (айы) арналған жоспары
Р/с № |
Берушінің атауы, орналасқан жері |
Өңір |
Өңірге беруге арналған сұйытылған мұнай газының көлемі, тонна |
Газ желісі ұйымдарының атаулары, орналасқан жері |
Әрбір өңірге маркалары мен партиялары бойынша бөлу |
Әр партияның жөнелтілген күні |
Жөнелткен орны, жеткізу тәсілі |
||
техникалық бутан |
техникалық пропан бутан |
техникалық пропан |
|||||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |