Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
«Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ «Өсімдіктер карантині туралы» Қазақстан Республикасының Заңына
өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
1-бап. «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2002 ж., № 13-14, 140-құжат; 2004 ж., № 17, 98-құжат; № 23, 142-құжат; 2006 ж., № 1, 5-құжат; № 3, 22-құжат; № 24, 148-құжат; 2007 ж., № 2, 18-құжат; 2009 ж., № 18, 84, 85-құжаттар; 2010 ж., № 5, 23-құжат; № 15, 71-құжат; 2011 ж., №1, 2, 7-құжаттар; № 11 102-құжат; № 12, 111-құжат; 2012 ж., № 14, 95-құжат; № 15, 97-құжат; 2013 ж., № 9, 51-құжат; № 14, 75-құжат; 2014 жылғы 12 шілдеде «Егемен Қазақстан» және «Казахстанская правда» газеттерінде жарияланған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнама мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2014 жылғы 5 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
1) 1-бапта:
2) тармақша алып тасталсын;
мынадай мазмұндағы 2-1), 2-2) және 2-3) тармақшалармен толықтырылсын:
«2-1) өсімдіктер карантині және фитосанитариялық тәуекелді талдау жөніндегі уәкілетті ұйым (бұдан әрі – уәкілетті ұйым) – өсімдіктер карантині және фитосанитариялық тәуекелді талдау саласында зерттеулер жүргізуге Қазақстан Республикасының Үкіметі уәкілеттік берген ұйым;
2-2) фитосанитариялық тәуекелді талдау – карантиндік объектілердің (карантиндік зиянды организмдердің) енуі, тамыр алуы немесе таралуы бойынша тәуекелдің басталу ықтималдығын және тиісті фитосанитариялық шараларды қабылдау қажеттілігін айқындау мақсатында биологиялық, ғылыми және экономикалық деректерді талдау процесі;
2-3) өсімдіктер карантині саласындағы зерттеу – кейіннен фитосанитариялық тәуекелге талдау жасау үшін карантинге жатқызылған өнімді зертханалық сараптау және талдау;»;
2) 6-баптың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«3) өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелер:
уәкілетті ұйым;
республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы;»;
3) 7-бапта:
1-тармақ мынадай мазмұндағы 6-3) тармақшамен толықтырылсын:
«6-3) өсімдіктер карантині жөніндегі іс-шараларды жүргізу үшін пестицидтердің (улы химикаттардың) запасын құру тәртібін әзірлейді және бекітеді;»;
24) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
«24) уәкілетті ұйымда импорттық себу материалдары мен отырғызылатын материалдардың карантиндi объектiлерден және бөтен тектi түрлерден жасырын залалданған-залалданбағанын зерттеу жөнiндегi iс-шараларды ұйымдастырады және бақылайды;»;
4) 7-1-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«7-1-бап. Өсімдіктер карантинін қамтамасыз ету жөніндегі мемлекеттік мекемелердің функциялары
1. Уәкілетті ұйым және оның филиалдары мынадай функцияларды жүзеге асырады:
1) зертханалық сараптамаға келіп түсетін үлгілердегі карантиндік объектілер мен бөтен текті түрлердің түрлік құрамын айқындайды;
2) тексеруге келіп түсетін импорттық себу материалдары мен отырғызылатын материалдардағы жасырын залалдануды анықтайды;
3) карантинді объектілердің және ықтимал қаупі бар зиянды организмдердің фитосанитариялық тәуекелін тұрақты талдауды жүзеге асырады;
4) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін карантинге жатқызылған өнiмнің фитосанитариялық тәуекеліне тұрақты талдауды жүзеге асырады;
5) Қазақстан Республикасында және басқа мемлекеттерде карантиндiк объектiлердiң болуы мен таралуы, оларға қарсы күрес жөнiндегi шаралар мен iс-шаралар туралы мәліметтерді дерекқорға ұсынады;
6) әкелінетін карантинге жатқызылған өнiмдерге қойылатын фитосанитариялық талаптарды әзірлеу кезінде әдістемелік көмек көрсетеді;
7) осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2. Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы карантиндік объектілердің таралу ошақтарын анықтайды және олардың таралу шекараларын айқындайды.»;
5) 13-баптың 5-тармағында:
үшінші бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектор карантинге жатқызылған өнім иелерiне Қазақстан Республикасының өсiмдiктер карантинi саласындағы заңнамасын түсiндiредi, экспорттаушы елдiң ұлттық карантиндiк қызметiнiң фитосанитариялық сертификатының болуын анықтайды, көлiк, карантинге жатқызылған өнiм сыртқы тексеріп қарауды жүргiзедi, карантиндiк зиянкестердi, өсiмдiктер ауруларын және арамшөптердi анықтау мақсатында карантинге жатқызылған өнiмнен үлгiлердi iрiктеп алып, оларға сол жерде зерттеу жүргiзедi. Қажет болған кезде үлгiлер мен объектiлер уәкілетті ұйымға объектiлердiң қандай карантиндiк түрге жататынын растауға берiледi.»;
алтыншы бөлік мынадай редакцияда жазылсын:
«Ерекше ғылыми немесе өзге де құндылығы бар карантиндi объектiлермен залалдаған тұқымдар мен отырғызылатын материал олардың иелерiнiң өтiнiштерi бойынша уәкілетті ұйымға зерттеу үшiн берiледі. Карантиндi объектiлермен залалдану жойылғаннан кейiн тұқымдар мен отырғызылатын материал иесiне қайтарылады.»;
6) 13-1-баптың 2-тармағының бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Зерттеу нәтижелерi, сондай-ақ бұл ретте, анықталған зиянкестер, өсiмдiктер ауруларының қоздырғыштары мен арамшөптері осы объектiлердiң карантиндiк түрлерге тиiстiлiгiн айқындау және растау үшiн өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторларға жiберiледi. Объектiлер анықталмаған жағдайда өсiмдiктер карантинi жөнiндегi мемлекеттiк инспекторлар карантиндiк түрлерге тиiстiлiгiн растау үшiн оларды уәкілетті ұйымға жiбередi.»;
7) 18-бап мынадай редакцияда жазылсын:
«18-бап Өсiмдiктер карантині жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру
1. Оларға қатысты өсімдіктер карантині бойынша іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантиндiк объектілер мен бөтен текті түрлер тізбесіне сәйкес карантиндiк зиянкестерді және өсiмдiктер ауруларын оқшаулау мен жою жөнiндегi іс-шараларды қаржыландыру бюджет қаражаты есебiнен жүзеге асырылады.
2. Оларға қатысты өсімдіктер карантині бойынша іс-шаралар белгіленетін және жүзеге асырылатын карантиндiк объектілер мен бөтен текті түрлер тізбесіне сәйкес жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі объектілер мен жер учаскелерінде карантиндік арамшөптерді оқшаулау мен жою жөнiндегi іс-шараларды қаржыландыру меншік иелері мен жер пайдаланушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
3. Жеке және заңды тұлғалардың меншігіндегі объектілерде, сондай-ақ жер учаскелерінде өсімдіктер карантині бойынша іс-шараларды жүргізу (залалданған карантинге жатқызылған өнімді зарарсыздандыру, техникалық қайта өңдеу, тазарту және жою, үй-жайлар мен көлік құралдарын зарарсыздандыру және тазарту) меншік иелері мен жер пайдаланушылардың қаражаты есебінен жүзеге асырылады.».
2-бап. Осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Президенті