«Қазақстан Республикасының Үкіметі туралы» 1995 жылғы 18 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 24-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитеті;
3) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті;
4) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Байланыс, ақпараттандыру және ақпарат комитеті;
5) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Аэроғарыш комитеті;
6) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Дін істері комитеті;
7) Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитеті;
8) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Төтенше жағдайлар комитеті құрылсын.
РҚАО-ның ескертпесі!
1-тармақ 9) тармақшамен толықтыру көзделген - ҚР Үкіметінің 26.12.2015 № 1081 қпү (жариялануға жатпайды) қаулысымен.
2. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті мен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Кедендік бақылау комитетін біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті мен Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитетін біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті;
3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көлік және қатынас жолдары комитеті мен Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Көліктік бақылау комитетін біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік комитеті;
4) Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Орман және аңшылық шаруашылығы комитеті мен Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Балық шаруашылығы комитетін біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті;
5) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Мемлекеттік энергетикалық қадағалау және бақылау комитеті мен Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Атом энергиясы комитетін біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті;
6) Қазақстан Республикасы Мұнай және газ министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі мемлекеттік инспекциялау комитеті мен Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау және су ресурстары министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитетін біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитеті;
7) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Бақылау және әлеуметтік қорғау комитеті мен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Көші-қон комитетін біріктіру жолымен Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті болып қайта ұйымдастырылсын.
3. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік материалдық резервтер комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті;
3) Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Автомобиль жолдары комитеті;
4) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Инвестиция комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестиция комитеті;
5) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті;
6) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті;
7) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Өнеркәсіп комитеті Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті;
8) Қазақстан Республикасы Қоршаған орта және су ресурстары министрлігінің Су ресурстары комитеті Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Су ресурстары комитеті;
9) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Тіл комитеті Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті;
10) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық қызметке ақы төлеу комитеті;
11) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитеті;
12) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Ішкі әскерлер комитеті Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланының Бас қолбасшылығы болып қайта аталсын.
Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 2014.11.20 № 1215 қаулысымен.
4. Мыналар:
1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Зияткерлік меншік құқығы комитеті;
2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Сот актілерін орындау комитеті
3) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Тіркеу қызметі және құқықтық көмек көрсету комитеті;
4) Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігінің Сауда комитеті;
5) Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігінің Мәдениет және өнер істері комитеті;
6) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Өртке қарсы күрес комитеті;
7) Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Төтенше жағдайларды және өнеркәсіптік қауіпсіздікті мемлекеттік бақылау комитеті;
8) Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің Жастар ісі комитеті;
9) Қазақстан Республикасы Өңірлік даму министрлігінің Кәсіпкерлікті дамыту комитеті;
10) Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің Сыртқы саяси талдау және болжамдау комитеті;
11) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Есірткі бизнесіне қарсы күрес және есірткі айналымын бақылау комитеті;
12) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Криминалдық полиция комитеті;
13) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тергеу комитеті;
14) Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Туризм индустриясы комитеті таратылсын.
5. Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органдары заңнамада белгіленген тәртіппен осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов