"Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 725 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 12 тамыздағы № 912 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөнінде ведомствоаралық комиссия құру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 тамыздағы № 725 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі ведомствоаралық комиссияның құрамы осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                           К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 12 тамыздағы
№ 912 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің      
2007 жылғы 21 тамыздағы
№ 725 қаулысымен  
бекітілген     

Мұнай-газ және энергетика салаларын дамыту жөніндегі
ведомствоаралық комиссияның құрамы

      Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, төраға
      Қазақстан Республикасының Энергетика министрі, төрағаның орынбасары
      Қазақстан Республикасының Энергетика вице-министрі, хатшы
      Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі Басшысының орынбасары (келісім бойынша)
      Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бірінші орынбасары
      Қазақстан Республикасының Әділет министрі
      Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрі
      Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрі
      Қазақстан Республикасының Қаржы министрі
      Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрі
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «KazEnergy» мұнай-газ және энергетика кешені ұйымдарының қазақстандық қауымдастығының төрағасы (келісім бойынша)
      «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «KEGOC» электр желілерін басқару жөніндегі қазақстандық компаниясы» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының басқарушы директоры (келісім бойынша)
      «Самұрық-Энерго» акционерлік қоғамының басқарма төрағасы (келісім бойынша)