Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидаларын бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 31 шілдедегі № 860 қаулысы.

Жаңартылған

      "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 12) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидалары бекітілсін.

      2. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

Қазақстан Республикасының


Премьер-Министрі

К. Мәсімов


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 шілдедегі
№ 860 қаулысымен
бекітілген

Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен
операциялар жүргізу қағидалары
1. Жалпы ережелер

      1. Осы Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарымен операциялар жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) "Төтенше жағдай туралы" 2003 жылғы 8 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына, "Қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы" 2019 жылғы 18 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына және "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және мемлекеттік материалдық резервтің (бұдан әрі – мемлекеттік резерв) материалдық құндылықтарын жеткізу, сақтау және шығару тәртібін айқындайды.

      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 19.12.2019 № 938 қаулысымен.

      2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:

      1) азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган - табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, халыққа шұғыл медициналық және психологиялық көмек көрсету, өрт қауіпсіздігін және азаматтық қорғанысты ұйымдастыруды қамтамасыз ету бөлігінде азаматтық қорғау саласында басшылықты және салааралық үйлестіруді, мемлекеттік саясатты әзірлеуді және іске асыруды жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      1-1) мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс – қорғаныс мұқтаждары, мемлекеттегі қауіпсіздікті және құқықтық тәртіпті, Қазақстан Республикасының арнаулы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қызметін, мемлекеттік резервті, жұмылдыруды, ғарыш қызметін қамтамасыз ету, сондай-ақ Қазақстан Республикасының халықаралық шарттар мен міндеттемелерді орындауы үшін сатып алынатын әскери мақсаттағы тауарлардың (өнімнің), қосарланған мақсаттағы (қолданыстағы) тауарлардың (өнімнің), әскери мақсаттағы жұмыстар мен әскери мақсаттағы көрсетілетін қызметтердің тізбесін (номенклатурасын) бекітетін Қазақстан Республикасы Үкіметінің құқықтық актісі;

      2) мемлекеттік материалдық резерв саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - атқарушылық және бақылау функцияларын, сондай-ақ мемлекеттік резерв жүйесіне басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;

      3) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарымен операция жүргізу жоспары - мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жеткізуді, сақтауды және шығаруды регламенттейтін құжат (бұдан әрі - Операция жүргізу жоспары);

      3-1) мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасы және сақтау көлемдері – уәкілетті органның алдына қойылған міндеттерді орындау үшін қажетті мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының тізбесі мен көлемдері;

      4) төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі комиссия – азаматтық қорғау саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты қалыптастыру және жүргізу жөнінде ұсыныстар әзірлеу мақсатында азаматтық қорғаудың мемлекеттік жүйесінің республикалық және аумақтық деңгейлерінде құрылатын консультациялық-кеңесші орган;

      5) уәкілетті органның мемлекеттік резерв саласындағы ведомствосы (бұдан әрі – ведомство) – уәкілетті органның мемлекеттік резерв саласындағы іске асыру функцияларын жүзеге асыратын құрылымдық бөлімшесі.

      Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2015 № 205; өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704; 19.12.2019 № 938 қаулыларымен.

      3. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару:

      1) жаңартуға байланысты;

      2) қарызға беру тәртібімен;

      3) броннан шығару тәртібімен жүзеге асырылады.

      4. Мемлекеттік резерв жүйесінің ведомстволық бағынысты ұйымдарынан (бұдан әрі – ведомстволық бағынысты ұйым) немесе мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау пунктінен (бұдан әрі – сақтау пункті) шығару кезінде материалдық құндылықтарды беру наряд негізінде жүзеге асырылады.

      Нарядтың нысаны мен беру тәртібін уәкілетті орган бекітеді.

2. Материалдық құндылықтарды мемлекеттік резервке
жеткізу және сақтау

      5. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс құрамына кіретін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын жеткізу Қазақстан Республикасының қорғаныс өнеркәсібі және мемлекеттік қорғаныстық тапсырыс туралы заңнамасында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.

      Мемлекеттік қорғаныстық тапсырыстың құрамына кірмейтін мемлекеттік резервке материалдық құндылықтарды жеткізіп беруге тапсырыстар оларды жеткізіп берушілер арасында Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу туралы заңнамасында айқындалған тәртіппен бюджет қаражатының есебінен орналастырылады.

      Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда – ҚР Үкіметінің 19.12.2019 № 938 қаулысымен.

      6. Уәкілетті орган мемлекеттік резервке материалдық құндылықтарды жеткізіп беруге тапсырыс беруші ретінде әрекет етеді.

      7. Мемлекеттік резервке материалдық құндылықтарды жеткізу мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасына сәйкес жүргізіледі.

      7-1. Жұмылдыру тапсырыстары бар сақтау пункттері жыл сайын осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес жинақтауға және жаңартуға тиісті материалдық құндылықтар туралы мәліметтер жасайды. Мәліметтер ведомствоға 10 қаңтардан кешіктірілмей беріледі. Ұсынылған мәліметтер негізінде ведомство жыл сайын операция жүргізу жоспарын жасайды.

      Ескерту. 2-тарау 7-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен.

      7-2. Жұмылдыру тапсырыстары бар сақтау пункттері 20 қаңтарға дейінгі мерзімде ведомствоға:

      1) тауарды жеткізу орны туралы мәліметтерді (қажеттілігіне қарай байланыстыратын станциясын);

      2) сипаттамасын және сатып алынатын тауардың талап етілетін функционалдық, техникалық, сапалық және пайдалану сипаттамасын, ұлттық стандартты немесе бар болған жағдайда, Қазақстан Республикасы өндірушілерінің коммерциялық емес ұйымдары бекіткен үкіметтік емес стандартты көрсете отырып, ал қажет болған жағдайда нормативтік-техникалық құжаттаманы, сондай-ақ тауарларды жеткізу кезінде қажетті ілеспелі қызметтерді (жинақтау, жапсыру, оқыту, олар өтетін жерді тексеру және тауарларды сынақтан өткізу), тауардың шығарылған жылын, кепілдік мерзімін көрсете отырып, техникалық ерекшелігін келісуге ұсынады.

      Ескерту. 2-тарау 7-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен.

      8. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын тиеп жіберу және жеткізу шарттары ИНКОТЕРМС талаптарын есепке ала отырып жеткізу шарттарында қамтылады.

      9. Мемлекеттік резервке (резервтен) материалдық құндылықтарды әрбір жеткізу (тиеп жіберу) уәкілетті тұлғалар қол қойған және ведомстволық бағынысты ұйымның немесе сақтау пунктінің мөрі басылған шартпен және қабылдау актісімен расталады.

      10. Мемлекеттік резервке жеткізілетін материалдық құндылықтар Қазақстан Республикасының техникалық реттеу саласындағы заңнамасының талаптарына сәйкес болуы, ұзақ уақыт сақтауға дайын болуы, ал олардың сапалық жағдайы өнімнің сертификаттарымен, паспорттарымен, сынақ хаттамаларымен немесе тауар сапасын растайтын басқа да тиісті құжаттармен расталуы тиіс.

      11. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтары ведомстволық бағынысты ұйымдарда және сақтау пункттерінде шарт негізінде сақталады.

      12. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау республикалық бюджеттен бөлінген қаражат шегінде жүзеге асырылады.

      13. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын күтіп ұстау және сақтау шарттары жөніндегі техникалық талаптар уәкілетті орган бекітетін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау нормативтерінде айқындалады.

      14. Ведомстволық бағынысты ұйымдар және сақтау пункттері Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған тәртіппен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының бар болуы және қозғалысы туралы есеп береді.

      14-1. Материалдық құндылықтарды сақтау шығыстарының сомасы сақтауда тұрған мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының нақты көлемі ескеріле отырып және шығындарды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес сақтау пункттері жыл сайын ұсынатын материалдық құндылықтарды сақтау бойынша шығындар есептері негізінде есептеледі. Шығындар есебі Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен бекітілген Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының бар-жоғы және қозғалысы туралы есептерді дайындау және ұсыну қағидаларына сәйкес 10 қаңтардан кешіктірілмейтін мерзімде есеппен бірге ұсынылады.

      Ескерту. 2-тарау 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704; жаңа редакцияда – 19.12.2019 № 938 қаулысымен.

3. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару
Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды
жаңарту тәртібімен шығару

      15. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды жаңарту тәртібімен шығару номенклатурасы мен сақтау көлемдеріне сәйкес материалдық құндылықтардың сақтау мерзiмдерi өткенге дейiн материалдық құндылықтарды бiр мезгiлде немесе уақыт өткiзiп салу арқылы жүргізіледі.

      16. Уәкілетті орган Операция жүргізу жоспарына сәйкес мемлекеттік резерв жүйесінің материалдық құндылықтарын жаңарту тәртібімен шығару туралы шешім қабылдайды.

      17. Мемлекеттік резервтің жаңартылуға жататын материалдық құндылықтарын басқа мемлекеттік органдардың балансына беру Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      18. Басқа мемлекеттік органдардың балансына берілген мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарының құнын өтеу тиісті жылға арналған республикалық бюджетті қалыптастыру кезінде бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.

      19. Мемлекеттік органдар өздерінің балансына мемлекеттік резервтен жаңартылуға жататын материалдық құндылықтарды берген сәттен бастап он күнтізбелік күн ішінде республикалық бюджеттің кірісіне берілген материалдық құндылықтардың құнын салу бағасынан төмен емес баға бойынша өтеуді қамтамасыз етеді.

      19-1. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындаушылар болып табылатын сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар жаңарту мақсатында мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдаланады.

      Бұл ретте мемлекеттік резервтің пайдаланылған материалдық құндылықтарының жалпы көлемі сақтауға берілген материалдық құндылықтардың нақты қолда барының отыз пайызынан аспауы тиіс.

      Мемлекеттік резервке материалдық құндылықтарды кейіннен салуды сақтау пункттері және жұмылдыру тапсырыстары белгіленген ұйымдар мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін материалдық құндылықтар осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген талаптарға сәйкес пайдаланылған күннен бастап он екі ай ішінде мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарының номенклатурасына және оларды сақтау көлемдеріне сәйкес жүзеге асырады.

      Ескерту. Қағида 19-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.12.2019 № 938 қаулысымен.

      19-2. Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау мақсатында мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану үшін сақтау пункті немесе жұмылдыру тапсырысы белгіленген ұйым ведомствоға шығару ұсынылған материалдық құндылықтардың атауы, саны, өлшем бірлігі, сомасы және болжалды кейіннен салу мерзімі туралы мәліметтер қамтылған өтінімді ұсынады.

      Өтінімге мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындауға арналған шарттың көшірмесі қоса беріледі.

      Ескерту. Қағида 19-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.12.2019 № 938 қаулысымен.

      19-3. Ведомство өтінімді түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде қарайды және мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығаруды келіседі немесе келісуден бас тартады.

      Келісуден бас тартқан жағдайда, мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығаруға жол берілмейді.

      Мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығарудан:

      1) осы Қағидалардың 19-2-тармағында көрсетілген мәліметтер мен құжаттардың көшірмелері толық көлемде ұсынылмаған;

      2) өтінім осы Қағидалардың 19-1-тармағында көрсетілген талаптарға сәйкес келмеген;

      3) өшіріп тазартылған не қосып жазылған сөздер немесе оларда өзге де келісілмеген түзетулер, қарындашпен орындалған құжаттар, сондай-ақ мазмұнын біржақты түсінуге мүмкіндік бермейтін түзетулерімен құжаттар бар болған;

      4) "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес материалдық құндылықтарды пайдалану қажет болған жағдайларда бас тартылады.

      Өтінім келісілген жағдайда ведомство мемлекеттік қорғаныстық тапсырысты орындау үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығаруды сақтау пунктімен немесе жұмылдыру тапсырысы белгіленген ұйыммен шарт жасасу жолымен жүзеге асырады.

      Ескерту. Қағида 19-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.12.2019 № 938 қаулысымен.

Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды
қарызға беру тәртібімен шығару

      20. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын қарызға беру тәртібімен шығару Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімі бойынша жүзеге асырылады.

      21. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды қарызға беру тәртiбiмен шығарған кезде қаржы нарығы мен қаржы ұйымдарын бақылау және қадағалау жөнiндегi уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен екiншi деңгейдегi банктердiң кепiлдiк беруi міндетті шарт болып табылады.

      22. Егер материалдық құндылықтарды алушының:

      1) мемлекеттік бюджет алдында берешегі болған;

      2) өзі бұрын алған мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын қайтармаған;

      3) банкроттық сатысында тұрған жағдайларда, мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарын қарызға беру тәртiбiмен шығаруға болмайды.

      23. Қарызға беру тәртiбiмен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығарған кезде ведомство алушымен тиiстi шарт (келiсiмшарт) жасасады.

      Ескерту. 23-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен.

      24. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды қарызға беру тәртібімен шығарған кезде алушы қарызға беру шартының орындалуын қамтамасыз ету мақсатында салу бағасының жалпы сомасының үш пайызын төлейді.

      Қарызға беру шартын орындауды қамтамасыз ету алушыға қарызға беру шарты толық және тиісінше орындалғаннан кейін қайтарылады.

      25. Қарызға берілген материалдық құндылықтарды кейіннен мемлекеттік резервке қайтару шарттары номенклатура және сақтау көлемдеріне сәйкес қарызға беру шартында айқындалады.

Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды
броннан шығару тәртібімен шығару

      26. Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды броннан шығару тәртібімен шығару:

      1) гуманитарлық көмек көрсету кезінде;

      3) босқындарға көмек көрсету кезінде;

      4) нарыққа реттеушілік ықпал ету кезінде;

      5) материалдық құндылықтарды жою (кәдеге асыру) кезінде жүзеге асырылады.

      27. Мемлекеттік резерв номенклатурасы өзгерген кезде броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығаруды Қазақстан Республикасы Үкіметінің материалдық құндылықтарды броньнан шығару туралы шешімдерінің негізінде ведомство жүзеге асырады.

      Броньнан шығару тәртібімен табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөніндегі шараларды қабылдау кезінде мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару уәкілетті органмен келісу бойынша азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органның шешімімен жүзеге асырылады.

      Ескерту. 27-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.12.2019 № 938 қаулысымен.

      27-1. Мемлекеттік резерв номенклатурасын өзгерту және материалдық құндылықтарды кәдеге жарату (жою) кезінде броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы мәліметтер Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпиялар заңнамасына сәйкес құпиясыздандырылады.

      Ескерту. 27-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704 қаулысымен.

      27-2. Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен оның салдарының алдын алу және оны жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару уәкілетті органмен келісу бойынша әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік органның шешімімен жүзеге асырылады.

      Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару қажет болған кезде әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың алдын алу және оны жою жөніндегі мемлекеттік орган уәкілетті органға әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдайдың құқықтық режимін енгізу туралы шешімнің көшірмесін қоса бере отырып, шешімнің жобасын келісуге жібереді.

      Әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен оның салдарының алдын алу және оны жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешім жобасында шығарылатын материалдық құндылықтардың атауы, саны, өлшем бірлігі, материалдық құндылықтарды алушы көрсетіледі.

      Уәкілетті органның әлеуметтік сипаттағы төтенше жағдай мен оның салдарының алдын алу және оны жою жөніндегі шараларды қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешім жобасын қарауы және келісуі ол келіп түскен күннен бастап бір тәуіліктің ішінде жүзеге асыралады.

      Ескерту. Қағида 27-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.12.2019 № 938 қаулысымен.

      28. Гуманитарлық көмек көрсету мақсатында тиiстi орталық мемлекеттік орган Халықаралық гуманитарлық көмек мәселелері жөніндегі комиссия ұсынымдарының негiзiнде Қазақстан Республикасының гуманитарлық көмек көрсетуіне арналған Қазақстан Республикасының Үкіметі шешiмiнiң жобасын әзiрлейдi және оны Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзедi.

      29. Босқындарға көмек көрсету қажет болған жағдайда азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган заңнамада белгіленген құзыреттері шегінде босқындар мәселелері жөніндегі қатынастар саласында реттеуді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдарымен бірлесіп уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне босқындарға көмек көрсету үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің жобасын енгізеді.

      Ескерту. 29-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 09.04.2015 № 205 қаулысымен.

      30. Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын кәдеге жарату (жою) Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітетін Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын есептен шығару және кәдеге жарату (жою) қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.

      31. Мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін шығару Қазақстан Республикасының Үкіметі шешімінің негізінде жүргізіледі.

      32. Сауда қызметін реттеу саласындағы уәкілетті орган әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағасына мониторинг жүргізеді.

      Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы уәкілетті орган азық-түлік тауарлары, оның ішінде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бағаларына мониторинг жүргізеді.

      Нарыққа реттеушілік ықпал ету орынды болатын баға деңгейіне жеткен жағдайда көрсетілген мемлекеттік органдар уәкілетті органмен келісу бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне шығарылатын материалдық құндылықтарды алушыларды – сауда қызметінің субъектілерін, сауда үстемесінің көлемін, бағасын және мөлшерін көрсете отырып, нарыққа реттеушілік ықпал ету үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару қажеттігі туралы ұсыныс енгізеді.

      Ескерту. 32-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.12.2019 № 938 қаулысымен.

      33. Сауда қызметінің субъектілерін іріктеу "Азаматтық қорғау туралы" 2014 жылғы 11 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған критерийлерге сәйкес жүзеге асырылады.

      34. Уәкiлеттi орган мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды шығаруды Қазақстан Республикасының Үкiметi шешiмiнiң негiзiнде сауда қызметiнiң субъектiлерiмен шарт жасасу арқылы жүзеге асырады. Нарыққа реттеушiлiк ықпал жасау үшін мемлекеттiк резервтен материалдық құндылықтарды шығарудан түскен ақша бюджет кірісіне аударылады.

      Нарыққа реттеушiлiк ықпал ету үшін мемлекеттiк резервтен шығарылған материалдық құндылықтарды сатуды сауда қызметiнiң субъектiлерi бөлшек сауда арқылы жүзеге асырады.

      34-1. Мемлекеттiк резервтi жұмылдыру мұқтаждары үшiн пайдалану Қазақстан Республикасының тиісті жұмылдыру дайындығы мен жұмылдыру жоспарлары негiзiнде Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен жұмылдыру кезеңінде, соғыс жағдайында және соғыс уақытында мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтарын пайдалану тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.

      Ескерту. Қағида 34-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.12.2019 № 938 қаулысымен.

      35. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару қажет болған кезде материалдық құндылықтардың атауын, санын төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою жөніндегі аумақтық комиссия айқындайды.

      Ескерту. 35-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкіметінің 19.12.2019 № 938 қаулысымен.

      36. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аумақтық комиссияның шешімі негізінде жергілікті атқарушы орган бір тәулік ішінде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті органға табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу немесе жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік резервтен материалдық құндылықтарды шығару туралы өтінішхат жолдайды.

      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша шаралар қабылдау үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы өтінішхатта:

      1) төтенше жағдайдың ықтимал аймағы туралы мәліметтер;

      2) төтенше жағдайдың ықтимал аймағындағы адамдардың саны;

      3) зақымдануы/қирауы мүмкін тұрғын үйлердің, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің, көлік инфрақұрылымының болжамды саны;

      4) мемлекеттік резервтен шығарылуы тиіс материалдық құндылықтардың атауы мен саны көрсетіледі.

      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайларды және олардың салдарларын жою бойынша шаралар қабылдау үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы өтінішхатта:

      1) төтенше жағдай аймағы туралы мәліметтер;

      2) қаза болған және зардап шеккен адамдардың саны;

      3) зақымданған/қираған тұрғын үйлердің, тіршілікті қамтамасыз ету объектілерінің, көлік инфрақұрылымының саны;

      4) мемлекеттік резервтен шығарылуы тиіс материалдық құндылықтардың атауы мен саны көрсетіледі.

      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу немесе жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы өтінішхатқа төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аумақтық комиссиялар шешімдерінің тиісті көшірмелері қоса беріледі.

      Ескерту. Қағида 36-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.12.2019 № 938 қаулысымен.

      37. Азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу немесе жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы өтінішхатты түскен күнінен бастап бір тәулік ішінде қарайды.

      Ескерту. Қағида 37-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.12.2019 № 938 қаулысымен.

      38. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу немесе жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы өтінішхатқа теріс қорытынды болған кезде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган жүгінген жергілікті атқарушы органға тиісті хат жолдайды.

      Ескерту. Қағида 38-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.12.2019 № 938 қаулысымен.

      39. Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу немесе жою жөнінде шаралар қабылдау үшін мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы өтінішхатқа оң қорытынды болған кезде азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аумақтық комиссия шешімінің көшірмелерін және өтінішхатты қоса бере отырып, табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешімнің жобасын уәкілетті органға келісуге жолдайды.

      Төтенше жағдай жарияланған жағдайда табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы тиісті шешімнің көшірмесі қоса беріледі.

      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешімнің жобасында шығарылатын материалдық құндылықтардың атауы, саны, өлшем бірлігі, материалдық құндылықтарды алушы көрсетіледі.

      Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлар мен олардың салдарының алдын алу және оларды жою жөнінде шаралар қабылдау үшін броньнан шығару тәртібімен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару туралы шешімнің жобасын уәкілетті органда қарау және келісу келіп түскен күннен бастап бір тәуліктен аспауы тиіс.

      Шешім жобасына келісім алынғаннан кейін азаматтық қорғау саласындағы уәкілетті орган бір тәулік ішінде оны бекітеді және заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын шығару үшін уәкілетті органға жолдайды.

      Ескерту. Қағида 39-тармақпен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 19.12.2019 № 938 қаулысымен.

  Мемлекеттік материалдық
резервтің материалдық
құндылықтарымен операциялар
жүргізу қағидаларына
1-қосымша

      __________________

      (құпиялық белгісі)

      №___ дана

      ________________________________________ жөнелтіледі

      (алушының атауы және мекенжайы)

      ________________________________________ сақтау пункті

      (атауы)

      Министрлік (ведомство) ___________________

      Сақтау пунктінің мекенжайы _______________

_____ жылдарға арналған материалдық құндылықтарды сақтау шығындарының есеп-қисабы

Р/с №

Материалдық құндылықтардың атауы

Өлшем бірлігі

Жинақталу көлемі

Салынған жылы

Жинақталды

Жаңартуға жатады

Жаңарту мерзімі қашан өтіп кетті немесе өтеді

Жинақтау көлеміне дейін жетпейді

Салуға жатады

Ескертпе

саны

сомасы

саны

сомасы

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13















      Бас бухгалтер _________________________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

      Арнайы бөлім бастығы немесе

      жұмылдыру жұмыскері/материалдық

      құндылықтардың сақталуына жауапты тұлға

      _________________________________

      (Т.А.Ә. (болған жағдайда), қолы)

  Мемлекеттік материалдық
резервтің материалдық
құндылықтарымен операциялар
жүргізу қағидаларына
2-қосымша

      ________________________________________ жөнелтіледі

      (алушының атауы және мекенжайы)

      ________________________________________ сақтау пункті

      (атауы)

      Министрлік (ведомство) ___________________

      Сақтау пунктінің мекенжайы _______________

_____ жылдарға арналған материалдық құндылықтарды сақтау шығындарының есеп-қисабы

      Ескерту. Қағида 2-қосымшамен толықтырылды - ҚР Үкіметінің 15.11.2016 № 704; 19.12.2019 № 938 қаулысымен.

Р/с №

Шығындардың атауы

Шығыстарды есептеу

Шығындардың бірлігі

Саны

Шығыстардың сомасы

Негіздеме

Растайтын құжаттар

1

2

3

4

5

6

7

1

Жалақы

адам




Жалақы төлеу бойынша жиынтық есеп ведомосі

2

Әлеуметтік салық

адам




Жалақы төлеу бойынша жиынтық есеп ведомосі

3

Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау мәселелері бойынша іссапарлар

адам




Бұйрық,
аванстық есеп

4

Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау жүзеге асырылатын алаңдар мен үй-жайларда коммуналдық көрсетілетін қызметтерге ақы төлеу

шаршы метр




Шарт, шот фактура, төлем тапсырмасы

5

Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын сақтау жүзеге асырылатын үй-жайларды күтіп-ұстау және ағымдағы жөндеу

шаршы метр




Шарт, орындалған жұмыстар актісі, шот фактура, төлем тапсырмасы

6

Мемлекеттік резервтің материалдық құндылықтарын тасылмалдау кезіндегі көлік шығыстарына ақы төлеу

көрсетілетін қызмет




Шарт, көрсетілген қызметтер актісі, шот фактура, төлем тапсырмасы

7

Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының сапасы мен саны жағынан сақталуын қамтамасыз етуге қажетті өзге де тауарларды сатып алу

тауар




Шарт, қабылдау-беру актісі, шот фактура, төлем тапсырмасы

8

Мемлекеттiк резервтiң материалдық құндылықтарының сапалық және сандық сақталуын қамтамасыз етуге қажетті өзге де ағымдағы шығыстар

көрсетілетін қызмет




Шарт, орындалған жұмыстар актісі/ көрсетілген қызметтер актісі, шот фактура, төлем тапсырмасы


Шығындардың жиыны:






      Мөр орны

      Сақтау пунктінің басшысы ______________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Бас бухгалтер _________________________________________________

      (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)

      Орындаушының телефоны

      Арнайы бөлім бастығы немесе жұмылдыру жұмыскері/материалдық

      құндылықтардың сақталуына жауапты адам ____________________________

  (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)


  Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 31 шілдедегі
№ 860 қаулысына
қосымша

Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі

      1. "Мемлекеттік материалдық резервтің материалдық құндылықтармен операция жасау ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 237 қаулысы.

      2. "Тұтыну нарығындағы бағаны тұрақтандырудың жекелеген мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 15 қаңтардағы № 17 қаулысының 3-тармағы.

      3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 237 қаулысына толықтырулар мен өзгертулер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 23 қаңтардағы № 59 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2008 ж., № 2, 25-құжат).

      4. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 21 ақпандағы № 237 және 2010 жылғы 24 сәуірдегі № 348 қаулыларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 29 сәуірдегі № 368 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.

      5. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 11 қазандағы № 1050 қаулысының 1-тармағының 1) тармақшасы.