"Салық тіркелімдерінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 қарашадағы № 1311 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 21 шілдедегі № 802 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң 2015 жылғы 28 тамыздағы № 685 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Yкiметiнiң 28.08.2015 № 685 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Салық тіркелімдерінің нысандарын және оларды жасау қағидаларын бекіту туралы» Казахстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 қарашадағы № 1311 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., № 2, 25-құжат) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді есепке алу бойынша салық тіркелімінің нысаны осы қаулыға қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Салық тіркелімдерінің нысандарын жасау қағидаларында:
      25-тармақтың 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      35-тармақтың үшінші бөлігінің орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      41-тармақтың 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      43-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын;
      «3) 3-бағанда - тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірі (бизнес-сәйкестендіру нөмірі), тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді жеткізушінің жеке сәйкестендіру нөмірін (бизнес-сәйкестендіру нөмірін) көрсету мүмкіндігі болмаған кезде, оның мынадай деректерінің біреуін көрсету қажет: жеке куәлігінің немесе паспортының нөмірі, мекенжайы, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру немесе тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу орны;»;
      46-тармақтың 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      48-тармақтың 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      51-тармақтың 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді;
      58-тармақтың 2) тармақшасының орыс тіліндегі мәтініне өзгеріс енгізіледі, қазақ тіліндегі мәтіні өзгертілмейді.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

      Қазақстан Республикасының
         Премьер-Министрі                        К. Мәсімов

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2014 жылғы 21 шілдедегі
№ 802 қаулысына   
қосымша       

Қазақстан Республикасы
Үкіметінің     
2011 жылғы 9 қаңтардағы
№ 1311 қаулысымен 
бекітілген     

                                                         нысан

Сатып алынған тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді
есепке алу бойынша салық тіркелімі

      1. ЖСН
      2. Салық төлеушінің Т.А.Ә. немесе атауы ______________________
      3. Кезең: ___________________ жыл: ___________________________

                                                              (теңге)

Р/с

Жеткізушінің Т.А.Ә. немесе атауы

Жеткізушінің ЖСН/БСН, жеткізушінің ЖСН/БСН көрсету мүмкіндігі болмаған кезде, жеткізушінің мынадай деректерінің біреуін көрсету қажет: жеке куәлігінің немесе паспортының нөмірі, мекенжайы, кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыру немесе тауарларды, жұмыстар мен көрсетілетін қызметтерді өткізу орны

шот-фактура немесе бастапқы  құжат

тауар құнының жиыны

нөмірі

жазып берілген күн

ҚҚС-ты ескере отырып

оның ішінде ҚҚС сомасы

1

2

3

4

5

6

7








Бір айдың жиыны:

Салық кезеңіндегі жиыны:

_____________________________________________________________________
             (дара кәсіпкердің Т.А.Ә., қолы, мөрі)
_____________________________________________________________________
      (салық тіркелімін жасауға жауапты адамның Т.А.Ә., қолы)
_____________________________________________________________________
                  (салық тіркелімі жасалған күн)