"Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012 - 2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 451 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 8 шілдедегі № 778 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 29 маусымдағы № 383 қаулысымен

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 29.06.2016 № 383 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012 – 2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 сәуірдегі № 451 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2012 ж., 43, 571-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      2 және 3-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар, өзге де мемлекеттік органдар Бағдарламада көзделген іс-шаралардың тиісінше және уақтылы орындалуын қамтамасыз етсін және жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 15 ақпанына дейін Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне олардың орындалуы жөнінде ақпарат берсін.
      3. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі жыл сайын, есепті жылдан кейінгі жылдың 10 наурызына дейін Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Бағдарламаның орындалу барысы туралы жиынтық ақпарат берсін.»;
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012 – 2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасында:
      «Бағдарлама паспорты» деген 1-бөлімде:
      «Қаржыландыру көздері мен көлемдері» мынадай редакцияда жазылсын:

«Қаржыландыру көздері мен көлемдері»

«2012 – 2016 жылдарға арналған бағдарламаны іске асыру жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру көлемі 7 млрд. 480 млн. 762 мың теңгені құрайды, оның ішінде:
республикалық бюджеттен – 6 млрд. 616 млн. 778 мың теңге»;

      «Ағымдағы ахуалды талдау» деген 3-бөлімде:
      «Нашақорлықтың алдын алу, емдеу және оңалту» деген 5-кіші бөлімде:
      үшінші алдын алуда:
      он сегізінші бөлім мынадай редакцияда жазылсын:
      «Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2009 – 2011 жылдарға арналған бағдарламасының (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 27 мамырдағы № 784 қаулысы) іске асырылуын бағалау нәтижелері бойынша бақылаушы және қадағалаушы органдар оны іске асырудың жеткіліксіз тиімділігі туралы қорытындылар берді. Айталық, Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитеті, Қазақстан Республикасының Бас прокуратурасы Бағдарламаның іс-шараларын жоспарлаудың тиімсіздігі, олардың орындалуын және бөлінген қаржыландырудың жұмсалуын жеткіліксіз бақылау бөлігінде ескертулер айтты. Нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасауды нормативтік құқықтық реттеу бөлігінде сақталып отырған проблемалар атап көрсетілді.»;
      мынадай мазмұндағы бөліктермен толықтырылсын:
      «Бағдарламаны іске асырудағы кемшіліктердің негізгі себебі мемлекеттік органдардың есірткіге қарсы қызметін ведомствоаралық үйлестірудің жеткіліксіз деңгейі, сондай-ақ қоғамдық институттармен және үкіметтік емес ұйымдармен (ҮЕҰ) әлсіз өзара іс-қимыл жасау болып табылады.
      Есірткіге тәуелді адамдарды оңалту бөлігінде қолданыстағы заңнаманың жетілдірілмеуі есірткіге тәуелділерді емдеу мен әлеуметтендірудің пәрменді жүйесін құруға және сәйкесінше есірткіге тәуелді адамдар санының индикаторларына қол жеткізуге айтарлықтай әсер етуге мүмкіндік бермейді.
      Профилактикалық есірткіге қарсы қызметті іске асырудағы белгілі бір қиындықтар оған үкіметтік емес секторды тартудың шектелген мүмкіндігіне байланысты туындайды.
      Қазіргі кезеңде ҮЕҰ әлеуетін біржолғы қысқа мерзімді акциялар (курстар, дәрістер, акциялар) түрінде ғана пайдалануға болады. Оларды есірткіге тәуелді адамдарды медициналық-психологиялық және әлеуметтік оңалтуға тарту проблемалы болып табылады, өйткені оңалту бағдарламаларының ұзақ мерзімді кезеңі (бір жылдан бастап) бар және мамандардың үлкен тобының (медициналық персонал, наркологтар, психологтар, волонтерлер) қатысуын талап етеді. Сәйкесінше оңалту қызметіне ҮЕҰ-ны тарту кезінде ҮЕҰ-ның бейіні, оның басшыларының сенімділігі, ҮЕҰ-ның ұзақ уақыт кезеңі ішінде өз қызметін жүзеге асыру мүмкіндігі негізгі талап болады.
      Қазақстан Республикасында есірткі бизнесіне қарсы күрес саласында пәрменді ведомствоаралық өзара іс-қимыл жасасуды, есірткіге тәуелділерді медициналық-әлеуметтік оңалтуға байланысты ұзақ мерзімді жобаларға ҮЕҰ-ны тартуды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермейтін нормативтік құқықтық сипаттағы проблемалар сақталуда.
      Есірткіге тәуелділер үшін арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетудің тиімді жүйесін оларды тәуелділіктің бастапқы сатыларындағы есірткі тұтынушыларға қолдана отырып қалыптастыру мәселелерін шешу талап етіледі.
      Осыған байланысты Бағдарламаны іске асыру шеңберінде:
      1) есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен прекурсорлардың айналымы саласындағы уәкілетті мемлекеттік органның үйлестіруші рөлін күшейтуге;
      2) есірткіге қарсы салалық бағдарламаларды әзірлеу мен іске асыруға қойылатын критерийлерді арттыруға;
      3) есірткіге қарсы салада қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдардың республикалық коалициясын/қауымдастығын құруға бастамашылық етуге;
      4) есірткіге тәуелді адамдарға арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету жүйесін реформалауға қатысты бірқатар мәселелерді пысықтау қажет.
      Тізбеленген шаралар нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылды едәуір жоғары деңгейде ұйымдастыруға, есірткіге қарсы қызметті үйлестіру саласында бар кемшіліктерді жоюға және Бағдарламаны іске асыруды тиісінше бақылауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.»;
      «Бағдарламаның мақсаттары, міндеттері, мақсатты индикаторлары және іске асыру нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 4-бөлімнің «Мақсатты индикаторлар» деген 2-кіші бөлімі мынадай редакцияда жазылсын:
      «2. Мақсатты индикаторлар:

«Мақсатты индикатор

Ақпарат көзі

Өлшем бірлігі

есепті кезеңде

жоспарлы кезеңде

2010 жыл (есеп)

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Зиянды тұтынумен және есірткіге тәуелділікпен наркологиялық есепте тұрған адамдар санын төмендету

ДСМ

100000 тұрғынға шаққанда адам саны





223,3

218,9

214,5

Диспансерлік есепте тұрған есірткіге тәуелді адамдар санын төмендету

ДСМ

100000 тұрғынға шаққанда адам саны





154,0

152,4

151,0

оның ішінде мыналардың үлесін төмендету










әйелдер


өткен жылға %





5,1

5,0

4.9

кәмелетке толмағандар





1,6

1,5

1,4

Әкімшілік жауапкершілікке тартылған адамдар санын арттыру

ҚСжАЕК есептілігі

%

12,9

26,9

25,9

21,3

25,3

25,7

26,1

Тіркелген жалпы қылмыстық қылмыстар санынан есірткі қылмыстарының үлесін төмендету

ҚСжАЕК есептілігі

%

9,1


2,1

2,0

1,96

1,8

1,7

Бірлесіп анықталған есірткі қылмыстары (контрабанда) фактілерінің саны

ҚСжАЕК есептілігі

бірлік





247

263

278

ІІМ





70

75

80

ҰҚК





122

128

133

Қаржымині КБК





55

60

65

                                                        »;
      «Бағдарламаның міндеттері мен нәтижелерінің көрсеткіштері» деген 3-кіші бөлімде:
      1-тармақтың бірінші бөлігіндегі кестеде:
      мына:
      «

Ремиссия ұзақтығы 2 немесе одан көп жылды құрайтын, емдеуден және оңалтудан өткен нашақор диагнозы бар адамдардың саны

ҚР ДСМ РҒПО

%

7,6

8,1

9,1

10,6

12,1

13,6

15

                                                        »
      деген жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

Ремиссия ұзақтығы 2 немесе одан көп жыл диспансерлік есепте тұрған есірткіге тәуелді адамдардың диспансерлік есепте тұрған есірткіге тәуелді адамдар арасындағы үлесі

ДСМ

%





18,2

19,7

21,2

                                                        »;

      2-тармақтың бірінші бөлігіндегі кесте мынадай редакцияда жазылсын:
      «

Нәтиже көрсеткіші

Ақпарат көзі

өлшем бірлігі

есепті кезеңде

жоспарлы кезеңде

2010 жыл (есеп)

2011 жыл

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Есірткі бизнесінен түскен кірістерді заңдастыру бойынша қылмыстық істерді тергеу процесінде құжаттандырылған фактілердің саны

ҚСж
АЕК есептілігі

бірл.

0

0

1

2

8

10

12

Алынған есірткі саны

ҚСж АЕК есептілігі

кг





25486,3

26531,7

27577,5

ІІМ





25000

26000

27000

ҰҚК





306,3

321,7

337,5

Қаржымині КБК





180,0

210,0

240,0

оның ішінде героин және апиын

ҚСж
АЕК есептілігі

кг





472,3

493,7

515,5

ІІМ





127

130

133

ҰҚК





306,3

321,7

337,5

Қаржымині КБК





39,0

42,0

45,0

Есірткі қылмыстарының жалпы санынан  анықталған есірткі өткізумен байланысты не өткізу мақсатындағы қылмыстар санының үлесі

ҚСж
АЕК есептілігі

%





60,1

61,0

61,9

                                                        »;

      3-тармақтың бірінші бөлігіндегі кесте мынадай редакцияда жазылсын:
      «

Нәтиже көрсеткіші

Ақпарат көзі

өлшем бірлігі

есепті кезеңде

жоспарлы кезеңде

2010 жыл (есеп)

2011 жыл (есеп)

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Бірлесіп анықталған есірткі қылмыстары фактілерінің саны (бақыланатын жеткізілім және бірлескен жедел әзірлеме)*

ҚСжАЕК есептілігі

бірл.





18

20

24

ІІМ





6

7

10

ҰҚК





12

13

14

      *Көрсеткіш ұлттық қауіпсіздік органдарының ведомстволық есептілік деректерін ескере отырып қалыптастырылады;»;
      «Қажетті ресурстар» деген 6-бөлімде:
      екінші, үшінші және төртінші бөліктер мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағдарламаны іске асыру 7 млрд. 480 млн. 792 мың теңге, оның ішінде республикалық бюджет қаражатынан 6 млрд. 616 млн. 778 мың теңге, тиісінше жылдар бойынша: 2012 жылы – 3 млрд. 089 млн. 148 мың теңге, 2013 жылы – 1 млрд. 316 млн. 431 мың теңге, 2014 жылы – 2 млрд. 211 млн. 199 мың теңге, жергілікті бюджет қаражатынан 864 млн. 014 мың теңге, жылдар бойынша: 2012 жылы – 178 млн. 981 мың теңге, 2013 жылы – 208 млн. 386 мың теңге, 2014 жылы – 171 млн. 999 мың теңге, 2015 жылы – 152 млн. 093 мың теңге, 2016 жылы – 152 млн. 555 мың теңге сомасында қаржыландыруды талап етеді.
      Бағдарламаның іс-шараларын қаржыландырудың жалпы көлемінен материалдық-техникалық жағдайды нығайтуға, кинологиялық қызметті дамытуға, шекараны нығайтуға 6 млрд. 369 млн. 505 мың теңге, оның ішінде: ІІМ-ге – 91 млн. 402 мың теңге, ҰҚК-ге – 5 млрд. 473 млн. 389 мың теңге, Қаржымині КБК-ге – 804 млн. 714 мың теңге бағытталатын болады.
      Жасөспірімдер мен жастар арасында профилактикалық сипаттағы іс-шараларды өткізуге, есірткіге қарсы иммунитетті қалыптастыруға, ақпараттық науқандарға, есірткіге тәуелді адамдарды медициналық-әлеуметтік оңалтуға 1 млрд. 111 млн. 287 мың теңге, оның ішінде: республикалық бюджеттен – 247 млн. 273 мың теңге, жергілікті бюджеттен 864 млн. 014 мың теңге бағытталатын болады»;
      он бірінші бөлікте:
      төртінші және бесінші абзацтар мынадай редакцияда жазылсын:
      «Бағдарламаның іске асырылу барысын ескере отырып, Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Бағдарламаның, тұтастай алғанда, іске асырылу барысы туралы статистикалық, анықтамалық және талдамалық ақпаратты дайындайды және белгіленген тәртіппен ұсынады;
      жыл сайын белгіленген тәртіппен Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне Бағдарламаның іске асырылу барысы, қол жеткізілген нәтижелер және қаржы қаражатының тиімді пайдаланылуы туралы белгіленген нысан бойынша талдауды ұсынады;»;
      жетінші абзац алып тасталсын;
      «Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күрестің 2012 – 2016 жылдарға арналған салалық бағдарламасын іске асыру жоспары» деген 7-бөлімде:
      реттік нөмірлері 1.2, 1.3, 2.2, 3.1, 3.2, 3.3, 3.4, 3.5, 3.6, 3.7, 3.8, 4, 5.1, 5.2, 6, 7, 8, 9, 11.1, 11.2, 11.3, 11.4, 11.5, 12.1, 12.2, 12.3, 13, 14.2, 15.1, 15.2, 16, 17, 18.1, 18.2, 19.1, 19.2, 20.1, 20.2, 21, 22, 23.1, 23.2, 23.3, 23.6, 25, 26, 27.1, 27.2, 27.3, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 37.3, 37.4, 37.5, 49.1-жолдардың 3-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «ІІМ-ге ақпарат»;
      реттік нөмірлері 4, 7, 11.5, 14.1-жолдардың 4-бағанындағы «МАМ» деген аббревиатура «БАА» деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      реттік нөмірлері 2.2, 12.1, 12.2, 19.2, 19.3, 23.6, 27.1, 27.2, 27.3, 31, 40, 42, 45, 46, 48, 49.1, 49.2-жолдардың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «жыл сайын»;
      реттік нөмірі 5.2-жолдың 5-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «2012 – 2014 жылдар»;
      «Қамтамасыз ету» деген 2-жолда:
      реттік нөмірлері 3, 4, 5-жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «

3.

нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл саласындағы нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру

ІІМ-ге ақпарат

ІІМ (жинақтау), мүдделі мемлекеттік органдар, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері

жыл сайын, жартыжылдық қорытындылары бойынша 30 шілдеден және 30 қаңтардан кешіктірмей

талап етілмейді

талап етілмейді

4.

аумақты дамыту бағдарламаларының шеңберінде өңірлік деңгейде есірткіге қарсы іс-шараларды іске асыру

ІІМ-ге ақпарат

Облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері

жыл сайын

талап етілмейді

талап етілмейді

5.

аудио-бейне өнімдерде есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен прекурсорларды насихаттауға және жарнамалауға жол бермеу үшін оларды бағалауға қойылатын әдістемелік ұсынымдарды әзірлеу

әдістемелік ұсынымдар

БАА (жинақтау), Мәдениетмині, ІІМ,  БҒМ, ДСМ, БП

2014 жылдың 1-жартыжылдығы

талап етілмейді

талап етілмейді

                                                        »;

      реттік нөмірі 3-жолдың «Республикалық бюджет» және «2014 жыл» деген бағандарында:
      реттік нөмірі 1-жолдағы «0,808» деген сандар «0,724» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 2-жолдағы «0,995» деген сандар «1,057» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 8-жолдағы «2,272» деген сандар «2,150» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 11-жолдың «Республикалық бюджет» және «2014 жыл» деген бағандарында:
      2-тармақтың 1) тармақшасындағы «3,012*» деген сандар «3,000» деген сандармен ауыстырылсын;
      3-жолдағы «3,508*» деген сандар «3,500*» деген сандармен ауыстырылсын;
      5-жолдағы «2,205» деген сандар «1,816» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 6-жол мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «

6.

Нашақорлықтың профилактикасы саласында жұмыс істейтін коммерциялық емес ұйымдардың мамандары (психологтар, әлеуметтік қызметкерлер, педагогтар) үшін оқыту семинарлары

ІІМ-ге ақпарат

ІІМ

жыл сайын

талап етілмейді

талап етілмейді

ДСМ, облыстардың, Астана, Алматы қалаларының әкімдері

                                                        »;

      реттік нөмірі 12-жолда:
      3-тармақтың 1) тармақшасының «Республикалық бюджет» және «2014 жыл» деген бағандарындағы «30,145*» деген сандар «0,098» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 13-жол мынадай редакцияда жазылсын:
      «

13.

Мыналарды:

ІІМ-ге ақпарат

ІІМ, БҒМ, Мәдениетмині, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

жыл сайын


жергілікті бюджеттер қаражатының шегінде

1.

нашақорлықтың профилактикасы, есірткіге тәуелді адамдарды емдеу және оңалту саласында жұмыс істейтін үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасауды және оларды қолдауды

2.

нашақорлықтың профилактикасы, есірткіге тәуелді адамдарды әлеуметтік оңалту саласында қызметін жүзеге асыратын үкіметтік емес ұйымдардың желісін кеңейту жөніндегі жұмысты үйлестіру

ІІМ-ге ақпарат

ІІМ, БҒМ, Мәдениетмині, ДСМ, облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкімдіктері

жыл сайын

талап етілмейді

талап етілмейді

                                                        »;

      реттік нөмірі 18-жолда:
      1-тармақтың «Республикалық бюджет» және «2014 жыл» деген бағандарындағы «0,693» деген сандар «1,400» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 19-жолдың «Республикалық бюджет» және «2014 жыл» деген бағандарында:
      1-тармақтағы «0,403*» деген сандар «1,400*» деген сандармен ауыстырылсын;
      2-тармақтағы «1,428*» деген сандар «1,400*» деген сандармен ауыстырылсын;
      4-тармақтағы «3,505» деген сандар «3,500» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 24-жолда:
      «-ішкі істер органдары» деген жолдың «Республикалық бюджет» және «2014 жыл» деген бағандарындағы «20,2099» деген сандар «18,907» деген сандармен ауыстырылсын;
      «- ұлттық қауіпсіздік органдары» деген жолдың 3-бағаны «объектілердің құрылысы» деген жолдармен толықтырылсын;
      «-ұлттық қауіпсіздік комитеті» деген жолдың «Республикалық бюджет» «2014 жыл» деген бағандарындағы «772,638» деген сандар «2122,638» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 26-жолдың «Республикалық бюджет» және «2014 жыл» деген бағандарындағы «8,4582» деген сандар «5,6» деген сандармен ауыстырылсын;
      реттік нөмірі 27-жолдың 2-тармағының 4-бағаны мынадай редакцияда жазылсын:
      «ІІМ, Қаржымині, ҰҚК (келісім бойынша), ККМ»;
      реттік нөмірі 47-жолдан кейін мынадай мазмұндағы 47.-1-жолмен толықтырылсын:
      «

47.-1.

ҰҚШҰ-ға, ШЫҰ мен ОАӨАҮО-ға қатысушы мемлекеттердің апиындар мен синтетикалық есірткілерді тасымалдау арналары мен көлемі бойынша өзара ақпарат алмасу тетігін әзірлеу

Хаттамалар, келісімдер

ІІМ, ҰҚК (келісім бойынша)

2014 жыл

талап етілмейді



                                                        »;

      «ЖИЫНЫ» деген жолдың «2014 жыл» деген бағанындағы «897,654» деген сандар «2211,199» деген сандармен ауыстырылсын;
      «Мемлекеттік органдар» деген кесте мынадай редакцияда жазылсын:
      «

Мемлекеттік органдар, оның ішінде:

2012 жыл

2013 жыл

2014 жыл

2015 жыл

2016 жыл

Жиыны:

Ұлттық қауіпсіздік комитеті

2772,220

578,531

2122,638



5473,389

Мәдениет және ақпарат министрлігі

10,362

11,088




21,45

Байланыс және ақпарат агенттігі



12,804



12,804

Индустрия және жаңа технологиялар министрлігі

1,984

2,124

2,150



6,258

Білім және ғылым министрлігі

5,898

5,898

3,216



15,012

Ішкі істер министрлігі

67,192

57,473

53,392



178,057

Қаржы министрлігі

189,000

615,714




804,714

Денсаулық сақтау министрлігі

39,934

42,866

14,398



97,198

Спорт және дене шынықтыру істері агенттігі

2,558

2,737

2,601



7,896

РБ бойынша барлығы:

3089,148

1316,431

2211,199



6616,778

                                                        »;

      аббревиатуралардың толық жазылуында:
      мына:
      «МАМ – Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі»
      «ЭДСМ – Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрлігі» деген жолдар мынадай редакцияда жазылсын:
      «Мәдениетмині – Қазақстан Республикасы Мәдениет министрлігі»
      «ЭБЖМ – Қазақстан Республикасы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі»;
      мынадай мазмұндағы жолмен толықтырылсын:
      «БАА – Қазақстан Республикасы Байланыс және ақпарат агенттігі».
      2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов