«Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 20-бабының 2-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын жою туралы хабарламаларды жіберу қағидалары және мерзімдері;
2) Әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды жіберу қағидалары және мерзімдері;
3) Әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы есепті беру қағидалары және мерзімдері;
4) қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын жою туралы хабарламаның нысаны;
5) әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның нысаны;
6) Әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы есептің нысаны бекітілсін.
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Қазақстан Республикасының
Премьер-Министрі К. Мәсімов
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 шілдедегі
№ 771 қаулысымен
бекітілген
Қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар
үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын жою
туралы хабарламаларды жіберу қағидалары және мерзімдері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын жою туралы хабарламаларды жіберу қағидалары және мерзімдері «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың (бұдан әрі – әкімші) осы бұзушылықтарын жою туралы хабарламаларды жіберудің бірыңғай тәртібін айқындайды.
2. Хабарламаларды жіберу тәртібі және мерзімдері
2. Әкімші қызметінің банкроттық рәсімі мен оңалту рәсімінің өткізілуін тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын жою туралы хабарламаны ресімдейді.
Қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын жою туралы хабарлама мемлекеттік немесе орыс тілінде екі данада толтырылады, оларға уәкілетті орган басшының орынбасары қол қойып, мөрмен куәландырады.
Қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын жою туралы хабарлама Тексеру нәтижелері бойынша хабарламаларды тіркеу журналында міндетті түрде тіркелуге жатады, ол нөмірленеді, тігіледі, уәкілетті орган басшысының қолы қойылып, мөрмен бекітіледі.
Тексеру нәтижелері бойынша хабарламаларды тіркеу журналында мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
1) реттік нөмірі;
2) хабарламаның тіркелген күні;
3) әкімшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
4) әкімшінің ЖСН;
5) борышкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе атауы;
6) борышкердің ЖСН/БСН;
7) рәсімнің түрі;
8) тексеру актісінің нөмірі мен күні;
9) табыс ету тәсілі;
10) алынған күні;
11) орындалған күні.
Қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын жою туралы хабарламаның көшірмесі оңалту рәсімін қолдану немесе борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм шығарған сотқа жіберіледі.
3. Қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын жою туралы хабарлама жаңадан тағайындалған әкімшіге қолын қойдыра отырып, жеке өзіне немесе жөнелту мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен беріледі.
Бұл ретте төменде тізбеленген тәсілдердің бірі арқылы жіберілген қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын жою туралы хабарлама әкімшіге мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол – әкімшінің алғаны туралы белгі қойған күнінен бастап;
2) электрондық тәсілмен – әкімшіні уәкілетті органда тіркеу (қайта тіркеу) кезінде әкімшінің өтініште көрсетілген электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап берілген болып есептеледі.
4. Қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын жою туралы хабарлама жаңа әкімші тағайындалған күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберілуге тиіс.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 шілдедегі
№ 771 қаулысымен
бекітілген
Әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша
бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды жіберу қағидалары және
мерзімдері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды жіберу қағидалары және мерзімдері «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді және уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың (бұдан әрі – әкімші) қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаларды жіберудің бірыңғай тәртібін белгілейді.
2. Хабарламаларды жіберу тәртібі және мерзімдері
2. Әкімші қызметінің банкроттық рәсімі мен оңалту рәсімінің өткізілуін камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтар анықталған жағдайда, оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны ресімдейді.
Әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама мемлекеттік немесе орыс тілінде екі данада толтырылады, оларға уәкілетті орган басшының орынбасары қол қойып, мөрмен куәландырады.
Әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаларды тіркеу журналында міндетті түрде тіркелуге жатады, ол нөмірленеді, тігіледі, уәкілетті орган басшысының қолы қойылып, мөрмен бекітіледі.
Камералдық бақылау нәтижелері бойынша хабарламаларды тіркеу журналында мынадай мәліметтер қамтылуға тиіс:
1) реттік нөмірі;
2) хабарламаның тіркелген күні;
3) әкімшінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса);
4) әкімшінің ЖСН;
5) борышкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе атауы;
6) борышкердің ЖСН/БСН;
7) рәсім түрі;
8) кезеңі;
9) оңалту және банкроттық туралы заңнаманың нормаларын бұзушылық;
10) табыс ету тәсілі;
11) алынған күні;
12) орындалған күні.
Әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның көшірмесі оңалту рәсімін қолдану немесе борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм шығарған сотқа жіберіледі.
3. Әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жаңадан тағайындалған әкімшіге қолын қойдыра отырып, жеке өзіне немесе жөнелту мен алу фактісін растайтын өзге де тәсілмен беріледі.
Бұл ретте төменде тізбеленген тәсілдердің бірі арқылы жіберілген әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама әкімшіге мынадай жағдайларда:
1) қолма-қол – әкімшінің алғаны туралы белгі қойған күнінен бастап;
2) электрондық тәсілмен – әкімшіні уәкілетті органда тіркеу (қайта тіркеу) кезінде әкімшінің өтініште көрсетілген электрондық мекенжайына уәкілетті орган жөнелткен күннен бастап берілген болып есептеледі.
4. Әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарлама жаңа әкімші тағайындалған күннен кейінгі күннен бастап бес жұмыс күні ішінде жіберілуге тиіс.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 шілдедегі
№ 771 қаулысымен
бекітілген
Әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша
анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы
туралы есепті беру қағидалары және мерзімдері
1. Жалпы ережелер
1. Осы Әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы есепті беру қағидалары және мерзімдері «Оңалту және банкроттық туралы» 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында әзірленді және уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың (бұдан әрі – әкімші) қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы есепті берудің бірыңғай тәртібін белгілейді.
2. Хабарламаның орындалуы туралы есепті беру тәртібі және
мерзімдері
2. Әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаны әкімші ол ұсынылған күннен кейінгі күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде орындайды.
3. Әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы есепті оңалту және банкроттық саласындағы уәкілетті органға (бұдан әрі – уәкілетті орган) ұсына отырып, әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген бұзушылықтарды әкімшінің жоюы әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалғаны болып танылады.
Әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы туралы есептің ұсынылған күні, оны ұсыну тәсіліне қарай:
1) өзі келу тәртібімен – уәкілетті орган қабылдаған күн;
2) почта арқылы хабарламасы бар тапсырыс хатпен – почта немесе өзге де байланыс ұйымының қабылдағаны туралы белгісі қойылған күн болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 шілдедегі
№ 771 қаулысымен
бекітілген
Нысан
Қызметін тексеру нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтар
үшін шеттетілген алдыңғы әкімшінің осы бұзушылықтарын жою
туралы хабарлама
20__ жылғы «___» __________ № _____
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы)
«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
20-бабы 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес және тексеру нәтижелері
туралы 20__ жылғы «__» ______ №____ актінің негізінде «Оңалту және
банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес рәсімді
жүзеге асыратын
_____________________________________________________________________
(борышкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе атауы)
Сізді _______________________________________________________________
(уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты
басқарушылардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН)
_____________________________________________________________________
Борышкердің ЖСН/БСН: _____________________________
борышкердің мекенжайы: ______________________________________________
____________________________________________________________________
(индексі, облыс, қала, мекенжайы)
Рәсім түрі: ___________________________________
20__жылғы «___» _______ №____ тексеру нәтижелері бойынша анықталған
бұзушылықтар туралы _________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________ хабардар етеді
(оңалту және банкроттық туралы заңнаманың
нормаларын бұзушылықтар)
Уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты
басқарушылар хабарламаларды орындауды хабарлама табыс етілген
(алынған) күннен кейінгі күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде
хабарламада көрсетілген бұзушылықтарды жою, сондай-ақ уәкілетті
органға хабарламаның орындалғаны туралы есепті беру арқылы жүзеге
асырады.
«Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан
Распубликасы Заңының 29-бабының 1-тармағына сәйкес бақылауды және
қадағалауды жүзеге асыру кезiнде тексерілетін субъектiлердiң
құқықтары мен заңды мүдделерi бұзылған жағдайда тексерілетін субъектi
тиісті бақылау және қадағалау органының және (немесе) лауазымды
адамның iс-әрекетiне (әрекетсiздiгiне) Қазақстан Республикасының
заңнамасында белгiленген тәртiппен жоғары тұрған мемлекеттiк органға
не сотқа шағымдануға құқылы.
Қосымша: анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы ____ парақта.
Уәкілетті органның басшысы (басшының орынбасары):___________________
____________________________________________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Хабарламаны алды:___________________________________________________
____________________________________________________________________
(Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты
басқарушылардың Т.А.Ә., күні, қолы)
Хабарлама әкімшіге берілді:__________________________________________
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның лауазымды адамының Т.А.Ә., күні, қолы)
Хабарлама әкімшіге жіберілді:________________________________________
_____________________________________________________________________
(жіберілгенін және (немесе) алынғанын дәлелдейтін құжат)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 шілдедегі
№ 771 қаулысымен
бекітілген
Нысан
Әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша
анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарлама
20__ жылғы «___» __________ №______
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның атауы )
«Оңалту және банкроттық туралы» Қазақстан Республикасы Заңының
20-бабы 1-тармағының 2) тармақшасына сәйкес «Оңалту және банкроттық
туралы» ҚР Заңына сәйкес рәсімді жүзеге асыратын
_____________________________________________________________________
(борышкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе атауы)
Сізді________________________________________________________________
(уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты
басқарушылардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН)
_____________________________________________________________________
Борышкердің ЖСН/БСН: _____________________________
борышкердің мекенжайы: ____________________________________________
_______________________________________ _____________________________
(индексі, облыс, қала, мекенжайы)
Рәсім түрі: ___________________________________
Сізді 20__жылғы «___» _______ бұзушылықтар туралы ___________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________ хабардар етеді.
(оңалту және банкроттық туралы заңнаманың нормаларын бұзушылықтар)
Уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты
басқарушылар хабарламаларды орындауды хабарлама табыс етілген
(алынған) күннен кейінгі күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде
хабарламада көрсетілген бұзушылықтарды жою, сондай-ақ уәкілетті
органға хабарламаның орындалғаны туралы есепті беру арқылы жүзеге
асырады.
«Мемлекеттік бақылау және қадағалау туралы» Қазақстан
Республикасы Заңының 16-бабы 7-тармағының 1) тармақшасына сәйкес
тексерудің нәтижесінде және бақылау мен қадағалаудың өзге де
нысандарының нәтижелері бойынша анықталған бұзушылықтарды жою туралы
нұсқамалардың (қаулылардың, ұсынулардың, хабарламалардың) орындалуын
бақылау тексерілетін субъектілерді жоспардан тыс тексеруге негіз
болып табылады.
Қосымша: анықталған бұзушылықтардың сипаттамасы ____ парақта.
Уәкілетті органның басшысы (басшының орынбасары): ___________________
_______ _________ ___________________________________________________
(Т.А.Ә., қолы, мөрі)
Хабарламаны алды: ___________________________________________________
_____________________________________________________________________
(Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты
басқарушылардың Т.А.Ә., күні, қолы)
Хабарлама әкімшіге берілді:__________________________________________
_____________________________________________________________________
(уәкілетті органның лауазымды адамының Т.А.Ә., күні, қолы)
Хабарлама әкімшіге жіберілді: _______________________________________
_____________________________________________________________________
(жіберілгенін және (немесе) алынғанын дәлелдейтін құжат)
Қазақстан Республикасы
Үкіметінің
2014 жылғы 5 шілдедегі
№ 771 қаулысымен
бекітілген
Нысан
Әкімшінің қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша
анықталған бұзушылықтарды жою туралы хабарламаның орындалуы
туралы есеп
Хабарламаның нөмірі және күні:_______________________________________
Кезеңі:______________________________________________________________
Рәсімнің түрі:_______________________________________________________
Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты
басқарушылардың тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), ЖСН:____________
_____________________________________________________________________
Борышкердің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) немесе атауы,
ЖСН/БСН: ____________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Хабарламаны жіберген уәкілетті органның атауы:_______________________
____________________________________________________________________,
Анықталған және жойылған бұзушылықтар туралы ақпарат:________________
_____________________________________________________________________
__________________________________________________________________,
Растайтын құжаттардың көшірмелерін қоса бере отырып, уақытша
әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың
қызметін камералдық бақылау нәтижелері бойынша анықталған
бұзушылықтарды жою туралы хабарламада көрсетілген бұзушылықтармен
әкімшінің келіспеуі үшін негіз болып табылатын мән-жайлар:___________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қоса берілетін құжаттардың тізбесі:__________________________________
_____________________________________________________________________
Уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты
басқарушылардың қолы:________________________________________________
Есептің тапсырылған күні: 201____ жылғы «___» ______________