"Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларының шектi мәндерiн және оларға бөлшек сауда бағаларының шектi рұқсат етiлген мөлшерiн белгiлеудiң кейбiр мәселелерi туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 665 қаулысына толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 шілдедегі № 765 қаулысы

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. «Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бөлшек сауда бағаларының шекті мәндерін және оларға бөлшек сауда бағаларының шекті рұқсат етілген мөлшерін белгілеудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 17 маусымдағы № 665 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2011 ж., № 41, 538-құжат):
      көрсетілген қаулымен құрылған Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң жанындағы Әлеуметтiк маңызы бар азық-түлiк тауарларына бөлшек сауда бағаларын реттеу мәселелерi жөнiндегi комиссияның құрамына:
      Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің төрағасы енгізілсін.
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                     К. Мәсімов