Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Ұлттық қорғаныс университеті" республикалық мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 1 шілдедегі № 754 қаулысы.

Жаңартылған
      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Ұлттық қорғаныс университеті" республикалық мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы атындағы ұлттық қорғаныс университеті" республикалық мемлекеттік мекемесі болып қайта аталсын.
      2. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
      1) республикалық мемлекеттік мекемені әділет органдарында мемлекеттік қайта тіркеуді қамтамасыз етсін;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      3. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
      1) "Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 16 тамыздағы № 1074 қаулысында (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2001 ж., № 29, 376-құжат):
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі туралы ережеде:
      құпия;
      2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 02.12.2016 № 755 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      Ескерту. 3-тармаққа өзгеріс енгізілді - ҚР Үкіметінің 02.12.2016 № 755 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі).
      4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасының
 
Премьер-Министрі
К. Мәсімов