Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі Ақтау және Баутино порттарының теңiз әкiмшілiгiн құру мәселелері туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 30 маусымдағы № 743 қаулысы

Қолданыстағы

      «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңы 11-бабының 4) тармақшасына сәйкес, «Сауда мақсатында теңізде жүзу туралы» 2002 жылғы 17 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Бекітілген штат саны лимитінің шегінде «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Ақтау және Баутино порттарының теңіз әкiмшілiгi» республикалық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – мекеме) құрылсын.
      2. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгiне көзделген қаражат есебiнен және шегінде жүзеге асырылады деп белгiленсiн.
      3. Қазақстан Республикасы Көлiк және коммуникация министрлiгi белгіленген тәртіппен:
      1) мекеменің ережесін бекiтсiн және әдiлет органдарында мемлекеттiк тiркелуiн қамтамасыз етсiн;
      2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
      4. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің мәселелері» туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 қарашадағы № 1232 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., № 46, 582-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі туралы ережеде:
      Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің және оның ведомстволарының қарамағындағы аумақтық органдардың тізбесі мынадай мазмұндағы 45-тармақпен толықтырылсын:
      «45. «Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігі «Ақтау және Баутино порттарының теңiз әкiмшілiгi» республикалық мемлекеттік мекемесі.».
      5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгiзiледi.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрi                                     К. Мәсімов